Клиникалық көрінісінің әртүрлігіне байланысты біріңғай жіктеу мүмкін емес. Халықаралық талма ауруына қарсы ұжымның (ILAE) 1989 ж. конгресінде қабылданып, ең кең түрде таралған Халықаралық жіктеу негізінде екі принцип ұсталған. Ол орналасуы және этиологиясы. Этиологиялық белгі бойынша барлық талма ауруы идиопатикалық,симптоматикалық және криптогенді болып бөлінеді.
Талманың идиопатикалық түрі жеке ауру болып табылып, талманың дамуы басқа аурулар әсер етпейді және бас миында зақымдану анықталмайды. Бұл талма түріне генетикалық және қоршаған ортаның факторлары әсер етуімен байланысты болып келеді.
Симптоматикалық талмада этиологиясы белгілі және бас миының морфологиялық бұзылуымен (бас ми ісігі, бас миындағы тыртықтар, глиоз және т.б) байланысты болып келеді.
Криптогенді тірінде талманың даму себебі белгісіз болады. Анатомиялық белгілері мен сипаты бойынша талма ауруы жайылған және жергілікті (фокальды) деп бөлінеді.
Petit mal деп аталатын абсанс ұстамадан кейін ешқандай белгі бермитін қысқа мерзімді ұстамалы естн тану арқылы білінеді
1. жабайы абсанс – қимыл, т.б әрекеттердің 5-20 сек бойы тоқтап қалуы.ауыр жағдайларда мұндай ұстамалар бірінен соң бірі бірнеше минут, тіпті сағаттар бойы өтеді (абсанстар күйі)
2. Күрделі абсанс – қысқа мерзімді естен тану ерін мен тілдің еріксіз қимылы және көз алмаларының аларуы.Вегетативтік бұзылыстармен қабаттасады(сұрлану , қызару,сілекей ағу, мидриаз)