Тақырыбы: Химиялық кинетика жоспар



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі92,92 Kb.
#95868
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
кинетикалық энергия
кинетикалық энергия

С.Аррениус теориясы бойынша молекулалардың әрекеттесуі, олардың соқтығысқан кездегі энергия қорына байланысты, яғни реакцияға тек бойында артық мөлшерде энергия қоры бар молекулалар ғана қатыса алады да мұндай молекулар активтелген молекулар деп атайды. Орташа энергия қоры бар молекуланы реакцияға қатыса алатындай актив күйге келтіру үшін жұмсалатын энергияны активтендіру энергиясы дейді.

Химиялық реакцияның жүру температурасы өскенде химиялық әрекеттесуге әкеліп соғатын “активті молекулалардың” да саны артады.

Химиялық реакциялар жылдамдығының катализатордың қатысуына тәуелділігі

Катализатор деп, реакция жылдамдығын өзгертетін және реакция нәтижесінде өзгеріссіз қалатын заттарды атайды.

  • Егер катализатор реакция жылдамдығын арттыратын болса, оны оң, ал баяулататын болса теріс катализатор деп атайды.
  • Егер катализатор реакция барысында түзілсе, оны автокатализ деп атайды.
  • Кейбір заттар катализатордың әсер етуіне кедергі жасайды, ондай заттарды ингибиторлар немесе катализатор улары дейді.
  • Ал кейбір заттар өздері катализатор болмаса да, катализатордың активтілігін арттырады, ондай заттарды активаторлар дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет