Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Барысы: І жүргізуші: Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және студенттер! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын! Бүгінгі «Тіл тірегім – соғып тұрған жүрегім!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тіл – мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені, болашағы. Биыл тәуелсіздігіміздің таңы атқанына 26 жыл толып отыр. Тіл мен тәуелсіздік – егіз ұғым. Тіл тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз бен бірлігіміздің туы.
Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет.
ІІ жүргізуші: Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.
Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс – шаралар жүргізіліп келеді. 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
І жүргізуші: Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастырып, табыстыратын құрал. Сондықтан да біз оны халықтар арасында достықтың бастауы, олардың ынтымағы мен береке-бірлігінің тірегі ретінде қадір тұтамыз.
ІІ жүргізуші: Қазақстанда 100 – ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана тілі – әрбір ұлттың, ұлыстың мақтанышы, көзінің қарашығындай көретін қазынасы, асыл мұрасы.
1-студент:
Тілім - арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 - студент:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
3 - студент:
Әр сөзінен қазынаны табатын,
Менің тілім - бұлақ сынды таза - тын
Ұлылар мен шешендерім сөзінен,
Асырып кім сөз қалдырды жазатын?!
Ұлылықты ұлы тілім танытты,
Ұлы тілім ұлықтайды халықты.
Халық егер өз тілінен адасса,
Өсер елдің тірлігі емес парықты
І жүргізуші: Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегімді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың, бәріне айтам– деп кезекті әнге береміз.