І жүргізуші: Сен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар.
ІІ жүргізуші: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына әрине тіл. Тіл ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
І жүргізуші: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болуымен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» - деп текке айтылмаса керек.
1-студент Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
2-студент Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде мың - мың ыстық қаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар!
Туған тілім – жүрек үнім, наныңдар,
Нанбасаңдар,
Жүрегімді суырып – ақ алыңдар
3-студент Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық.
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
ІІ жүргізуші Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық, нұрлы достық, күн достық.
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Биші қыздар биімен де үн қосты –деп кезекті биге берейік.