Тақырыбы: Құжаттауды басқару



бет1/3
Дата19.12.2021
өлшемі472,29 Kb.
#103358
  1   2   3
Байланысты:
25-kuzhattau


тақырыбы: Құжаттауды басқару

Құжат – белгілі бір жайды, я фактіні сипаттап куәландыратын іс қағазы. Құжаттың тарихи, заңдылық, саяси, экономикалық мәні болуы мүмкін. Құжат мемлекеттің, қаланың, кәсіпорынның, ұйымның тарихын жазуға негіз бола алады. Сонымен бірге құжат куәландыру, дәлелдеу құралы да бола алады. Мекемелер және жеке азаматтар құжатты негізінен осы мақсатта пайдаланады. Мекемелерде құжат ақпаратпен алмасудың құралы ретінде қолданылады, еңбек құралы және еңбектің нәтижесі де мекемелерде құжат болып табылады. Құжаттың көмегімен мемлекеттік өкіметтің басқару қызметі жүзеге асырылады. Мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда құжат түрлі жолдармен жасалады: қолмен жазылады, машинада басылады, телефон, телефакс арқылы алынады, фото күйінде т.б. болады.

Құжаттау–қайсыбір мәселеге, құбылысқа, тұлғаға не мекемеге арналған құжаттардың жиынтығы немесе шаруашылық операцияларды бухгалтерлік жазбалар түсіру үшін негіз болып табылатын арнаулы есеп құжаттарында бастапқы көрсету тәсілі. Әрбір операцияға (бір текті операциялар тобына) бастапқы ақпарат нысаны болып табылатын белгілі бір құжат толтырылады.

Құжаттау — құжаттарды әзірлеу және жасау процесі. Заңдастырылған актілерде бірқатар қағидалар қарастырылған. Мәселен, мәліметтерді құжаттау міндетті болып саналады, сондықтан да оның өзі зандылықты, орындауды, бақылауды, еңбек тәртібін нығайтудың бірден бір құралы болып саналады.

Нақты бір мәселелерге, окиғаларға, құбылыстарға т.б. арналған құжаттар жиынтығын құжаттау (документтеу) деп атайды.

Құжаттаумен жұмыс істеу логикалық және техникалық операциялардан тұрады. Логикалық (творчестволық) операцияны — құжаттарды әзірлеуді — аппараттағы барлық мамандар атқарады. Техникалык операцияға құжаттарды әзірлеу (машинкамен басу, көшіру, көбейту) және оларды өңдеу (қабылдау, бөлу, жүйелеу, сақтау т.б.) жатады.

Құжат толтырудың біртұтас ережесін ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің архивтер мен құжаттарды басқару комитеті белгілейді. Мұндай соңғы ереже 1992 жылы 30 маусымда ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «Қазақстан Республикасында барлық ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруды басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» деп аталатын №562 қаулысы болып табылады. Ережелерде құжаттарды топтастырудың және құжат айналымын басқарудың нормалары айқындалған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет