Мәтіннің стиль түрлеріне тән ерекшеліктері:
5
1.
Қолданылу аясы:
очерк, репортаж, үндеу,
көпшілік алдындағы сөйленген сөз т.б.
қолданылады.
2.
Жазылу мақсаты:
көпшілік назарын
аударып, дұрыс көзқарасты қалыптастыру
үшін ықпал жасау, сендіру.
3.
Стильдік белгісі:
әуестену, ынтығу, үндеу.
4.
Тілдік құралы:
бұйрықты, лепті
сөйлемдердің қолданылуы. Риторикалық
сұрақтар. Қайталап сөз қолдану.
Публицистикалық стиль –
қоғамдық-саяси,
үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық
ақпарат құралдарында, деректі
фильмдерде қолданылатын функционалды
стильдердің бірі. Публика – латын сөзі,
«көпшілік» мәнін білдіреді.
ақпараттық (түрлі деректер мен хабарларды
жеткізу);
түсініктеме-баға берушілік (берілетін
деректер көбінесе түсіндірумен, талдаумен
немесе баға берушілікпен жеткізіліп
отырады);
танымдық-ағартушылық (мәдени-тарихи
және ғылыми материалдарды жариялай
отырып, БАҚ тыңдармандардың,
оқырмандардың, көрермендердің білім
қорын толықтырып отырады);
ықпал ету қызметі (көпшіліктің саяси-
әлеуметтік көзқарасына, санасына әсер
етушілік);
гедонистикалық (әдетте, мұндай қызмет
көңілді хабарларды жеткізу кезінде
байқалады, әсіресе, радио мен телевизия
арқылы кез келген хабардың тыңдарман
мен көрермендердің көңіл-күйін
көтеретіндей, эстетикалық қажетін
өтейтіндей тартымды, әсерлі жүргізілуі).
а) лексика-фразеологиялық: зат пен
құбылысқа оқырман назарын аудару үшін
экспрессивті-эмоционалды реңктегі
сөздер және бағалауыш лексика ;
– жалпы саяси лексика, халықаралық
терминдер, күрделі тіркестер ;
– тұрақты сөз тіркестері, мақал-мәтелдер,
афоризмдер мен перифразалар.
ә) морфологиялық: көптік тұлғалы зат
есімдер, күрделі, қысқарған, жалқы,
деректі, дерексіз зат атаулары, сан есім,
сын есім, етістік тұлғалары, үстеулер;
б) синтаксистік: бұйрықты, лепті,
риторикалық сұраулы сөйлемдер, сөз
қайталаулар.
Достарыңызбен бөлісу: