Тақырыбы: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі19,54 Kb.
#48259
1   2   3   4   5
ІV кезең. Кім тапқыр? 
І жүргізуші: 
«Көңілді, тапқырлар, білгіштер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса, егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп келесі кезеңді бастаймыз. 
Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі. . 
Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады. 
Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.
І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Күлме досқа, келер басқа.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен
қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)
V кезең – «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал- мәтел құраңдар.
1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.
Мұғалімнің сөзі:
Көп ұлтты Қазақстанда
Жүзден аста тілдер бар.
Мәртебелі,маңызды
Қазақ тілін танып ал!
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте! – дей келе бүгінгі «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » танымдық ойынын жабық деп жариялаймыз. Келесі кездескенше!
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, «Жүзден жүйрік » атағы беріліп марапатталады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет