Тақырыбы: «Көркем жазу» 1 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы кіріспе



Дата11.12.2019
өлшемі32,22 Kb.
#53400
Байланысты:
факуль новый

Тақырыбы: « Көркем жазу» 1 сыныпқа арналған факультатив бағдарламасы
КІРІСПЕ
Егеменді еліміздің болашағы білімді, сауатты, өнегелі ұрпақ болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай жаңа буын оқулықтарымен оқыту, соның негізінде жасалған бағдарламалар, оқыту мазмұнының жаңартылуы әр бастауыш сынып мұғалімдерінен шығармашылық ізденіспен, жаңаша жұмыс істеуін талап етеді.

«Көркем жазу» таңдау пәнінің негізгі мақсаты қазақ тілі сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады. Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Оқушылардың каллиграфиясын қалыптастыруда бұл пәннің рөлі ерекше. Ұсынылып отырған бағдарлама



1 - сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жазу, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай - ақ жоспарда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын жұмыс түрлері бар. Сонымен қатар оқушылардың ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді. Әдемі жазуды меңгерудің әр адамға маңызы өте зор. Әдемі жазу бұл мәдениеттің белгісі, әрі сол жазуды оқитын адамға көзқарасы, құрметі. Көркем жазудың негізгі ерекшелігі - дұрыс, анық және тез жазуды қалыптастыру. Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық қоғамдық тәрбиелік мәні зор.Мектептегі оқыту үрдісі сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі мақсаты - балаға хат таныту, яғни оған жазу мен оқуды үйрету. Сауат ашу - аса жауапты да, күрделі жұмыс. Өйткені сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге ( фонетика - графикалық жазуға ) ҥйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылануы тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса солай жазбай, оңға қарай, біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды тҥсіну де оңай. Әріп таңбаларын әдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келгеннен бастап, баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ісіне салдыр салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуге әкеп соғады. Таза, әдемі жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып, мінез құлқын тәрбиелеп, жауапкершілікке тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Әдемі, анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушыны еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелейді. Жазу процесінде оқушы дұрыс отыру керек, қаламсапты дұрыс ұстауы, дәптерді партаға орналастыру, осының әрі баланың көзіне, жазуына жұмыс қабілетіне әсерін тигізеді. Отырғанда орындық партаға кіріп тұруы керек, сол қол дәптерді басып тұрады, ал оң қолдың басы дәптер де жатады. Бала мен партаның арасына жұдырық сыятындай болуы керек. Көз бен дәптердің арасы 30 см болуы шарт. Жарық сол жақтан түсуі керек. Жазу ұзақтығы 1 сыныпта 5 минут. Одан ұзақ жазу баланы шаршатады. Арасында балаларды демалдырып, сергіту жаттығуларын жасаған жөн. Мектепке алғаш келген баланың жетекші әрекеті ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау, баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын дамытады. Штрихтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Штрихтарды өзара қосып сурет салу кезінде балалар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек т. б ұғымдарды меңгереді.

ТҮСІНІК ХАТ
Тақырыбы: «Көркем жазу»

Жүргізу формасы: танымдық сабақ,аралас сабақ , жарыс, дәстүрлі .

Аптасына 1 сағат. Жылына  33 сағат.

 Оқушының каллиграфиялық қабілетін қалыптастырудың педагогикалық,қоғамдық тәрбиелік мәні зор.

     Әріп таңбаларын әдемі,көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстар оқушы бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы етеді.Таза,әдемі,дұрыс жазуды талап ету оқушының әсемдік сезімін оятып,мінез-құлқын тәрбиелеп,жауапкершілікке,ұқыптылыққа үйретеді.Бұл тұрғыдан қарағанда көркем жазу үйірме курсы оқушыларға бағыт-бағдар береді.

       Ол үшін алдымен оқушылардың қолының икемділігі мен көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдірудің маңызы зор. Әріп элементтерін үйреткенде соларға сәйкес келетін таңбаларды таңдап алынады. Буын, сөз жазуда әріп таңбаларын бір-біріне қосып жазудың (ілмек сызық, жанастыру арқылы) тәртібі қатаң сақталады.



Бұл таңдаулы курс Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысы мен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпы білім беру стандартына негізделген.


Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
МАҚСАТЫ


  • Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ҧқыптылыққа тәрбиелейді, сӛздік қорын молайтып, сӛйлеу тілін жетілдіреді.

  • Сабақ ҥстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастырады, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазуға ҥйретеді


МІНДЕТТЕРІ:


  • Сауатты, қатесіз жазу;

  • Әріптерді дҧрыс бейнелеу;

  • Әріптерді бір – бірімен дҧрыс жалғастырып жазу;

  • Ұқыптылық пен жылдамдықты ҥйрету;

  • Үлгі бойынша жазуды ҥйрету;

  • Өз бетінше жҧмыс істеуді ҥйрету;


ПӘНДІ МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТАЛАПТАРЫ:


  • Үлгі бойынша жазуды дҧрыс жаза білуі тиіс;

  • Әріп пен сӛз, сӛйлемдердің жазылу бейнесін сҧлу, кӛркем етіп кӛрсетебілуі тиіс;

  • Сурет бойынша әңгіме қҧрастыра білуі тиіс;

  • Жұмбақтарды шешу, мақалдардың жалғасын жаза білуі тиіс;

  • Берілген тақырып бойынша әңгіме қҧрастырып жаза білуі тиіс; - ӛз бетінше жҧмыс істей білуі тиіс;


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІ:

  • әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыланады;

  • әріптер сырын толық игеруге мҥмкіндік алады;

  • грамматикалық тапсырмаларды орындай алуға машықтанады;

  • шығармашылық тапсырмаларды орындап ҥйренеді.

  • сауатты жазу дағдылары қалыптасады;


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. «Каллиграфия мәнерлері». Қ.Қ.Таужанова, Р.А.Ақтанова, Б.К.Зорғұлова, Ұ.К.Тоғайбаева

  2. Диктанттар жинағы. Ақтөбе – 2006 жыл. Н.Ж.Құрманова. Н.А.Тойбазарова.

  3. Жыл – он екі ай. Балаларға арналған журналдар. 2010 - 2012 жыл

  4. Қазақ тілі оқулықтары. Бастауыш сыныптарға арналған.

  5. «Бастауыш мектепте білім сапасын арттырудың кешенді жолдары», Ақтөбе 2004 .

  6. «Ана тілі»оқулығына әдістемелік нұсқау,Алматы «Рауан» 2003

  7. «Тіл дамытудың ғажайып әлемі». «Аруна» баспасы.

  8. «Алақай. Көркем сөз әлемі». «Аруна» баспасы.

  9. «Мен және бәрі, бәрі, бәрі». «Аруна» баспасы

  10. «Жыл, он екі ай» балаларға арналған журналдар.


«Көркем жазу» факультатив курсының күнтізбелік жоспары




Тақырыбы


Сабақтың түрі


Сағаты


Мерзімі





Жазуға үйретудің элементтері










1

Жазу ережелерімен таныстыру

Кіріспе сабақ

1




2

Тік қиғаш сызықтар салу.

Танымдық сабақ

1




3

Сызықтарды параллель жүргізу.

Танымдық сабақ

1




4

«Ілмек біз»сызықтары.


Танымдық сабақ

1




5

«Ілмек» сызықтар.


Танымдық сабақ

1







Сиқырлы әріптер мен сөздер әлемінде










6

Әріп жазуға дайындық элементтері

Танымдық сабақ

1




7

Әріп элементтерін бөлек салу.

Танымдық сабақ

1




8

Әріп элементтерін қосып, бірге салу.

Танымдық сабақ

1




9

Кіші әріп элементін үзіліссіз жазу

Танымдық сабақ

1




10

Бас әріп элементін үзіліссіз жазу

Танымдық сабақ

1







Әріптер әлемі










11

А,Ә,Б,В әріптерін жазу

Аралас сабақ

1




12

Г,Ғ,Д,Е әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




13

З,Ж,И,Й  әріптерін жазу

Аралас сабақ

1




14

К,Қ,Л,М әріптерін жазу


Аралас сабақ


1




15

Н,Ң,О,Ө әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




16

П,Р,С,Т әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




17

Ұ,Ү,У әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




18

Ф,Х,Ц,Ч  әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




19

Ш,Щ,Ы,І әріптерін жазу


Аралас сабақ

1




20

Орыс тілінен енген әріптерді жазу: Ю,Я,Э,Ь,Ъ


Аралас сабақ

1







Мәтінді көшіруге үйрету










21-

22


Әріптерден буын құрап жазу


Шығармашылық сабақ

2




23

Буындардан сөз құрап жазу


Жарыс сабақ


1




24-

25


Бас әріппен жазылатын сөздер


Танымдық сабақ


2




26

Көшіріп жазу


Танымдық сабақ


1




27

Суретке қарап мәтін құрастырып,жазу

Жарыс сабақ

1




28

Әріптік диктант

Жарыс

сабақ


1




29

Мәтінді есте сақтап, жазу.

Жарыс сабақ

1




30

Сөздік диктант

Шығармашылық сабақ

1




31

Шығарма:«Менің анам»

Дәстүрлі сабақ

1




32

Көру диктант

Дәстүрлі сабақ

1




33

«Сөйлемді қайтала» /жаттығу/

Дәстүрлі сабақ

1







Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет