Курстық жұмысты жазу барысында атқаратын жұмыстар
бет 5/9 Дата 20.12.2021 өлшемі 27,59 Kb. #103741
Байланысты:
Курстық жұмыс мақсаты Курсты қ жұмысты жазу барысында атқаратын жұмыстар:
- тақырыпты ғылыми жетекшімен белгілегесін кафедра отырысында талқыланып бекітіледі ;
-студенттің өзіндік пікірі есептеледі;
-әдістемелік кеңесінде бекітіледі ;
- курстық жұмысының барысы кафедра отырысында бақылауда болады;
- студент өзінің ғылыми жетекшісімен тығыз байланыста болады ;
- келісіммен жоспар құрып, уақыт мерзімін белгілеп , жазуға кіріседі.
Ғылыми жетекшісінің атқаратын жұмыстары:
- студенттің жоба ретінде жазған курстық жұмысы бағалап, керекті өзгерістер ұсынады , тарау мен бөлімдерге бөледі және бірінші нұсқа ретінде жұмыстың әкелу мерзімін белгілейді;
- студенттің арнайы әдебиетті таңдау барысын тексеріп , оның негізгі керектігін, тақырыпқа байланысты студентті библиографиялық тізімді құрастыруына көмектеседі , ғылыми ізденіс жолдарын белгілеп, тәжірибе жұмысына кіріседі ;
- кеңес барысында, басқадай уақытта студентпен әңгіме жүргізу барысында курстық жұмысының жазылу ісі тыс қалмау керек ;
- кафедра отырысында ғылыми жетекшісі есеп бере отыра студенттің курстық жұмысының жүргізілу барысын баяндап отырады;
-кей уақытта студенттің өзін шақырып , кеңес береді.
Достарыңызбен бөлісу: