2.3. Аналогия және модельдеу. Жалпылау Аналогия және модельдеу. Математикалық объектілердің кейбір қасиеттерін оқып үйрену барысында, ол қасиеттердің басқа бір бұрыннан белгілі объектілердің қасиеттерімен сәйкес келіп қалуы мүмкін. Осындай сәйкестіктерді тағайындау нәтижесінде, ол объектілердің басқа қасиеттері де сәйкес келеді деп жорамалдауға болады. Осы түрдегі пайымдау аналогияның негізін қалайды. Аналогияға ең жақын әдіс модельдеу, сондықтан ғылыми пайымдаудағы интеграциялау тенденциясының күшеюіне байланысты модельдеудің маңызы едәуір артып келеді. Аналогия.Аналогия (грекше analogia – сәйкестік, ұқсастық) объектілердің кейбір белгілерінің ұқсастығына сүйеніп, олардың басқа белгілерінің де ұқсас болатындығы туралы қорытынды шығаратын таным әдісі. Аналогия бойынша қорытынды жасауды схемалық түрде былай көрсетуге болады: Егер қарастырылып отырған А және В объектілерінің ортақ қасиеттері болып және А объекті тағы да d деген қасиетке ие болса, онда В-да d қасиетке ие болады деген қорытынды жасалынады. Аналогия бойынша қорытынды ықтимал ғана болады. Ол ғылыми болжам жасаудың қайнар көзі бола отырып, ғылыми ізденіс жасауда үлкен маңызға ие. Жалпылау деп обьекттер жиынына қатысты және сол обьекттерді біріктіретін қасиеттерін анықтау тәсілін айтады.