2.4. Абстракциялау және нақтылау.Аксиоматикалық әдісі
2.4. Абстракциялау және нақтылау.Аксиоматикалық әдісі
Абстракциялау деп зерттелініп отырған обьектінің кейбір елеусіз қасиеттерін ойдан шығарып, оның елеулі қасиеттерін анықтауды айтады. Абстракциялау үрдісі күрделі екі сатылы сипатта болады.
Бірініші сатыда объектілердің зерттеушіні қызықтыратын жақтары, қасиеттері мен құрылыстарының елеулілері елеусіздерінен ажыратылады. Яғни абстракциялауға дайындық кезеңі жүзеге асырылады.
Екінші сатыдазерттеліп отырған объектіні оның моделімен ауыстырылып,абстаркцияландыру немесе дерексіздендіру жүзеге асырылады.
Нақтылау объектілер мен құбылыстарды абстракциялау тәсіліне қарама-қарсы тәсіл болып табылады.
Нақтылау- обьектіні біржақты ғана ойлау әрекеті болып табылады.Белгілі бір ұғымды нақты көрнекілік арқылы енгізгенде, абстрактілі жағдайды нақты келістіруде, объектінің нақты жағдайда қасиетін анықтауда нақтылау әдісі қолдануға болады.
Аксиоматикалық әдіс бойынша ғылыми теорияны құрудың жолы мынадай:берілген теорияның негізі ретінде андай да бір дәлелдеусіз жағдайлар (оғаненетіндер анықтама берілмейтін ұғымдар) және постулаттаралынады, ал басқа барлық білімдер логикалық ережелер және заңдар бойынша қорытылып шығады. Аксиоматикалық әдістің дамуының үш кезеңі және оған сәйкес үш деңгейі бар: мазмұны, формальді және формализацияланған.