Модельдеу. Модельдеу – объектіні (түпнұсқаны), оның моделін (көшірмесін) жасау арқылы, ол көшірмені зерттейді. Объектінің көшірмесін жасағанда, сол объектінің зерттеушіні қызықтыратын белгілі бір жақтары сақталып қалады. Жалпы алғанда модельдеу деп таным қызметінде бір жүйені – түпнұсқаны - онымен ұқсастық қатыста болатын жүйемен ауыстыратын, қандай да бір нақты (реальды) немесе ойша елестетілетін жүйе түсініледі. Модель арқылы түпнұсқа туралы мағлұматтар алуға болады. Модельдің айтарлықтай бір ерекшелігі оның түпнұсқамен сәйкестігінде (ұқсастығында). Бұл ұқсастық кеңістіктік, физикалық немесе функционалдық болуы мүмкін. Бірақ олар ұқсастықтың критерийі ретінде айқын тұжырымдалуы тиіс. Осы ұқсастық модельді зерттеу кезінде алынған нәтижелерді түпнұсқаға қайта көшіруге мүмкіндік береді. Модельдер материалды және идеалды болуы ықтимал. Бірінші, болмысы жағынан табиғат заңдарына бағынатын табиғи объектілер болады. Екіншісі, дүниені сәйкес таңбалық пішінде (формада) бейнелейтін идеалдық құрылым болып, логикалық ойлау зандары бойынша өмір сүреді. Кез келген “модельдік” зерттеудің мынадай құрылымы болады: мәселені (есепті) қою; модель құру немесе ол модельді таңдап алу; модель зерттеу; модель арқылы алынған білімдерді түп нұсқаға көшіру.