Біріншіден, танымдық әрекетте әрбір дербес жағдайда көрсетілген ретпен танымдық оқытудың барлық кезендерінің болуы міндетті емес.
Біріншіден, танымдық әрекетте әрбір дербес жағдайда көрсетілген ретпен танымдық оқытудың барлық кезендерінің болуы міндетті емес.
Мысалы, оқушылардың дедукциялық жолмен ойлау кезінде зерттеліп отырған құбылысты қабылдаудың барлық кезеңдерінің орындалуының және соған сәйкес түсініктер қалыптастырудың қажеттігі жоқ.
Мысалы, шардың қима жазықтығы дөңгелек, екендігі жөнінде оқушыларға нақты материал ұсынылады. Бҧны шарға жартылай толтырылған су арқылы демонстрациялауға болады. Берілген жазықтық шармен қиылысқанда пайда болған шарды қиюшы барлық жазықтықтарға қатысты жалпы ереже: «шардың қимасы – дөңгелек», – деген ұжырым шығарылады. Осы жалпы ережені нақты зерттеу материалдарын қолдану арқылы оқушылардың өздері тұжырымдайды (Мысалы: «демек, берілген қима дөңгелек» деген бір ғана қорытындыға келеді).
Екіншіден, саналылықты, белсенділікті және дербестікті іске асыру жөніндегі атап өтілген төрт шарт бір-бірінен тәуелсіз емес. Бірінші шартты орындау қалғандарының да орындаулуын талап етеді: шарттар жиынтығы ұстанымның өзінің әрекетінің дидактикалық бірлігінің табиғатын бiлдiрeдi.
Үшіншіден, оқыту мен білім алу процесінің заңдылықтарына таным ҽрекеті сай болу үшін оқушының білім алуы, оны меңгеруі, оны түсініп, іс-тәжірибелік істеріне қолдануы мен оқушыда жауапкершілік қалыптасуы үшін мұғалім мақсатты жұмыс жүргізуі қажет. Мұғалімнің осындай мақсатты басқарушылық әрекетінен кейін ғана оқушының оқыту жұмысында саналылық, белсенділік, дербестік ұстанымдарын іске асыру туралы әңгіме болады.