I. Танымдық оқытуды ҰЙЫМДАСТЫРУ 1.1.Танымдық оқытуды ұйымдастыру туралы түсінік Танымдық оқытуды ҰЙЫМДАСТЫРУ Танымдық оқыту – бұл ілім – оқушылардың жаңа білімді меңгеруі бойынша әрекет ету тәсілі болып табылады. Сонымен, білімді меңгеру туралы айтқанда оқушылардың танымдық қызметі туралы айтамыз; бірақ оқу мазмұны мен оның құрылымы және мұғалімнің оқытушылық, жетекшілік және ынтымақтастық қызметтерінің әрқашан бірлікте болуы ескеріледі. Бұдан, бүтіндей алғанда оқу үдерісінің мазмұны, оның құрамды бөлігі – білімді меңгеру – бұл жалпы танымдық процестен, оның заңдылықтарынан туындайды. Дидактикада білімді меңгеру процесін оқушылардың танымдық қызметімен өзара байланыстағы диалектикалық кезеңдерге бөлeдi. Қабылдау, түсіну, бекіту сияқты жаңаны тану процесінде оқушылар білім алудың атап өтілген кезеңдеріне сәйкес ақыл-ой мен іс-тәжірибелік амалдарды орындайды; материалды қабылдау бойынша, оның мәнін түсіну, бекіту және оны қолдану сияқты әрекет жасайды. Оқушылардың танымдық қызметінің пәрменділігін арттыру – оқу процесін тҥсіну үшін қолайлы жағдайлар жасалғанда іске асады. Мұнда үш жағдайларға назар аударылуы қажет.