Тақырыбы: Ойын тарихы,ережесі және мақсаты Мақсаты



бет12/13
Дата06.02.2022
өлшемі130,77 Kb.
#81784
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тақырыбы: Ойын ортасы
Тақырыбы: Ойын ортасы.
Мақсаты: Ойын ортасы, ойынның басталуын (дебют) мен орта шенінің шекарасы және «бай» отауды ойынның ортасында қалайша ұтымды айдалану керек екендігі туралы жалпы түсінік беру.
Керекті құрал: Ойын тақтасы.
Мәтіні: Біз жоғарғы тақырыпта ойындарда пайда болатын сан алуан бастамаларды келтірдік. Оларға қарап отырсақ, әрбір жүрістің өзіндік ерекшелігі бар және мақсаты әр түрлі болады екен де, ойынның орта және аяқ шенінің ойналу сапасына көп әсерін тигізеді екен. Ойын неғұрлым ойлы басталса, оның орта және аяқ шендері соғұрлым ұтымды болады. Өйткені «тоғызқұмалақтың» жоғарыда айтылған үш кезеңі бір-бірімен тығыз байланысты. Ойынның орта шенінің ойын басынан айырмашылығы: бұл кезде ойынның шарттары (тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілік, отауларға қолайлы позиция беру, осал отауларға қысым көрсету т. с. с.) мен тактикалық тәсілдері қолданылып, сайыс тақта үстіндегі позицияның өзгеруіне байланысты кезекпе-кезек аңдысу, жүрістерді мұқият есептеу сияқты жағдайларда өтеді.
Жалпы ойынның басталуы мен орта шенінің белгілі шекарасы болмайды. Бізше ойынның ортасына 8-14 жүрістерден кейін жетеміз. Мысалы мына төмендегі (№71 – диаграмма) жағдайды ойынның ортасы деуге болады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



2

1

6

3

14

1

14

5







38

1

16

1

14

13

2

1

2

2

26

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 71 диаграмма


Бұл позицияға жеткізген жүрістер мынау:
Ақ жағы: Қара жағы:
1. 79:610 79:610
2. 910-911 911-112
3. 92-113 61-73
4. 91:114 91:112
5. 61-73 211:312
6. 811:92 413:74
7. 12-214 11-23
8. 31-413 814-314
9. 12-216 11-25
№72 – диаграммадағы позицияны (6 жүрістен кейін) да ойынның ортасы деуге болады. Бұл ойын 1976 жылғы Қазақ ССС-інің біріншілігінде А. Исаханов пен С. Шапағатовтың арасында өткен еді.
9 8 7 6 5 4 3 2 1

9




4

15

6

5

4

5

1




20

4

15

1

Х

6

1

15

15

2

42

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 72 диаграмма


Ойынның аяқталуы мынадай жүрістерден соң: 7. 56:12 615-26, 8. 216:82 92:16, 9. 21-34 76-35, 10. 11-22 46-93, 11. 22-36 93:22, 12. 11-21 82-92, 13. 26-819 12-28, 14. 95:42 12-210, 15. 21-32 72-82, 16. 65:12 82-93, 17. 54-821 210-21, 18. 11-22 82-95, 19. 62-722 72-82, 20. 61-723 21-38, 21. 92-11! 11-21, 22. 723:23Х 83:12, 23. 23-4Х 39:22, 24. 93-2Х 13-32, 25. 823:34 512:74, 26. 93-2Х 910:92, 27. 14-4Х 91:12, 28. 83-15 15-52, 29. 38:12 мына төмендегі позицияға (№73 – диаграмма) әкелді.


9 8 7 6 5 4 3 2 1






4

5

8

2

5

1

Х







50




4

1

Х

6

5

2

2

2

65

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 73 диаграмма


Ойынның ортасы өте ұзақ, тартысты өтті. Бұл позиция ойынның аяқталуына мысал бола алады. Ақ жағы 98:64 есебімен ұтты.




Тақырыбы: Ойынның соңы
Тақырыбы: Ойынның соңы.
Мақсаты: Оқушыларды ойынның аяқ шенінің өте күрделігімен таныстырып, кейбір қажетті мүмкіншіліктерді толық пайдалана білулеріне қол жеткізу.
Керекті құрал: Ойын тақтасы.
Мәтіні: Ойынның аяқ шенінің басталуы тақта үстіндегі отаулардың көпшілігінде шағын санды құмалақтар қалғанда болады. Талапкерлерге бір ескерте кететін жәйт, ойынның аяқ шенінің негізгі ерекшеліктерінің бірі-ұтыс көбінесе отаудағы жатқан құмалақтардың санымен (көпшілігімен) шешілмей, олардың тақтада қаншалықты тиімді орын (позиция) алып тұрғанына байланысты шешіледі. Екіншіден, тақта үстіндегі «тұзақтардың» атқаратын қызметі арта түседі де, бір ойыншының оауларында құмалақтар саны азайып, жүрістерінің тарылу кезеңі туа бастайды. Мұндай жағдайда ойыншы «атсырап» қалмау үшін өз жағының да, қарсыласының да жүрістерінің санын аса дәлдікпен есептеп біліп отыруы керек.
Мысалы, мына төмендегі позицияда (№74 – диаграмма) ойынның аяқ шені көрсетілген. Ойынның бітуіне санаулы-ақ жүрістері қалған. Жүріс кезегі ақ жағынан. Оның «тұздығы» жоқ. не бары 6, 7, 8 және
9-отауларында сегіз-ақ құмалағы жатыр.
9 8 7 6 5 4 3 2 1




2

2

1



















71

Х













3

2

2

1

78

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 74 диаграмма


Бірақ оған мұндай позициядан кейін ойынды өз пайдасына шешу үшін қазанына не бары 4 құмалақ қосып алсы болғаны. Ол отаулардағы құмалақтарын 9-отауға жинамақ болған жағдайда, бір жүрісі жетпей, атсырап, ұтылып қалады екен. Мұндай позициядан кейін комбинация жасап, яғни отаудағы құмалақтарды шабуылға ыңғайлы орналастырып, 4 құмалақ ұтып алуға мүмкіншілігі бар ма? Бір қарағанда, комбинация жасау өте қиын сияқты. Бірақ отаудағы құмалақтардың орналасуына зейін салып қарасақ, «байлау» қойып ойнау тәсілі арқылы комбинация жасауы мүмкін екенін көреміз: 1. 63-83 00, 2. 61-74 00.
Ақ жағы өзінің соңғы жүрісі мен (2. 61-74) комбинацияны жасауға қажетті позицияны дайындап алып, (№75 – диаграмманы қара), мақсатқа жету жүрісін жүрді. 3. 74-11! Тамаша жүріс.





















4

3

1







1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 75 диаграмма


3. ... 11-21


4. 84:22 11-21
5. 93:22 11-21

Егер 3. 11-21

...
4. 84:22 00


5. 93-21 21-31
6. 81-92 31-41
7. 92-13 13-31
8. 91:12
Егер 3. 00

...
4. 92:12 00


5. 91-11 00
6. 84-21 21-31
7. 82-92 31-41
8. 92-13 13-31
9. 91:12
Барлық жағдайда ақ жағы мақсатына жетіп, ойынды өз пайдасына шешеді екен. Мысалға мына тағы бір ойын барысын (№76 – диаграмма) қарап өтелік.
9 8 7 6 5 4 3 2 1




2

2

1



















71

Х













2

3

1

2

78

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 76 диаграмма


Бұл диаграммадағы позицияның жоғарыда келтірілген №75 – диаграммадан айырмашылығы, тек қана ақ жағының 6, 7, 8 және 9-отауларында қалған 8 құмалағының қалай орналасуы екен. Мұндай позициядан кейін ақ жағына ойынды өз пайдасына шешу үшін 4 құмалақ алатын комбинация жасауға керекті позиция табылар ма екен? Позицияны тереңірек ойластырып қарасақ, бұл жерде комбинацияның жасалуы мүмкін екенін көреміз. Мәселен: 1. 62-74 82-91, 2. 61-75 91-1Х. Ақ жағы өзінің соңғы жүрісімен комбинация жасауға қажетті позицияны (№77 – диаграмма) дайындап алды.


9 8 7 6 5 4 3 2 1






1

2

1



















72

Х
















5

1

2

78

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 77 диаграмма


Енді мақсатқа жету жүрістері былай жалғасады:


Ақ жағы: Қара жағы:


3. 92-11! 11-21
4. 75:22 11-21
5. 71-83 81-91
6. 92-11 11-22
7. 83-11 11-23
8. 81-93 23-41
9. 93:22 11-21

Егер 3. 92-11 81-91


4. 91:12 00
5. 81-91 00
6. 91-11!! 81-91
7. 75-21 21-31
8. 81-92 91-1Х
9. 92-13 13-32
10. 91:12

Егер 3.91-11 72-82


4. 91:12 00
5. 81-91! 00
6. 75-21!! 11-22
7. 81-93 22-31 «тұздық» бергісі жоқ
8. 93:22 11-21

Сонымен сіздер ойын аяғында отауларда жатқан 8 құмалақтан 4 құмалақ ұтып алудың екі түрлі жолымен таныстыңыздар.Ойынның аяқ кезінде отауларда жатқан 10 құмалақтан, қарсыласыңыздың артқы (1, 2, 3) отаулары құмалақсыз бос жатқанда қанша құмалақ алуға болатынын білу үшін мына төмендегі


№78 – диаграммаға назар аударыңыздар. Диаграммада ақ жағы қажетті позицияға келтіріліп қойылған.
Жүріс кезегі ақ жағынан. Енді оған ойынды өз пайдасына шешу үшін 6 құмалақ ұтып алу керек.
Бұл позицияда мақсатқа жету жүрістері мынадай:

9 8 7 6 5 4 3 2 1






1

2

2

Х
















71




Х













5

3

2

76

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№78 диаграмма


Ақ жағы: Қара жағы:


1. 92-11! 11-21
2. 75:22 11-21
3. 84:22 81-91
4. 93-21 21-31

Қалған 2 құмалақ жоғарыдағы «тоғызқұмалақ» әліппесінің жүрістерімен алынады.


Егер 2. ... 81-91


3. 92:12 72-81 жүрілген болса келесі жүрістерден бастап, әліппе жүрістері қолданылады.
...
Ал егер 1. ... 81-91
2. 91:12 72-81
3. 83-11 81-92
4. 91:12 71-81
5. 81-91 62-71 жүрісінен соң әліппе жүрісі басталады
6. ... ...
Ал 1. ... 81-91
2. 91:12 72-81
3. 83-11 11-21
4. 75:22 11-21
5. 71-83 71-81 жүрілетін болса әліппе жүрістеріне көшеміз
6. ... ...

Қарсыласының 2-ші отауында жұп құмалақ жатқан жағдайда, тақта үстінде 10 құмалақтан қанша құмалақ алуға болатынын білу үшін мына төмендегі №79 – диаграммаға көңіл аударыңыздар. Жүріс кезегі ақ жағынан. Оған ойынды өз пайдасына шешу үшін 6 құмалақ ұтып алу керек. Диаграммада ақ жағының отауларындағы құмалақтар комбинация жасауға қажетті позицияға келтіріліп қойылған.
Мақсатқа жету жүрістері мына төмендегідей:

Ақ жағы: Қара жағы:


1. 92-11! 11-23
2. 61-75 23-41
3. 75:22 11-21
4. 84:22 81-91 жүрісінен соң әліппе жүрістерін
қайталаймыз.

9 8 7 6 5 4 3 2 1






1

2

2

Х
















69




Х










1

4

3

2

76

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 79 диаграмма

Егер 1. ... 22-31
2. 83:12 81-91
3. 61-75! 21-32
4. 92-11 11-21
5. 75:22 11-21 жүретін болса, әліппе жүрістерінің
өзі сұранып тұр
6. ...
Ал, егер 1. ... 81-91
2. 83:12 72-81
3. 91-11 11-23
4. 61-75 23-41
5. 75:22 11-21 жүріп кетсе әліппе жүрістеріне соқпай кетпейді.
Егер ақ жағы 1. 61-75?? жүрісін жүріп, жоғарыда келтірілген №81– диаграммадағы ұқсас комбинация жасауға қажетті позиция жасады делік. Бұл қате жүріс. Мұндай жүрістен кейін, ол не бары
4 құмалақ қана ұтып, ұтысты қара жағына беріп қояды. Мәселен, 1. 61-75?? 22-31! жүрді дейік.
Одан әрі қарай жүрістерді өздеріңіз табыңыздар.
Өткенде біз «тоғызқұмалақ» ойынын – ақыл-ойдың «таразыға түсуі» сонымен қатар бұл ойыншылардың тапқырлығын, болжағыштығын, ерік шыдамдылығын байқатады дедік. Сонымен қатар «тоғызқұмалақ» ойынында бір қарағанда байқалмайтын, жасырын жатқан алдамшы жүрістер бар және мұқият есептеуді қажет ететін ойындар болады. Мысалы ойынның аяқ шенінде тақта үстінде мынадай позиция (№80 – диаграмма) пайда болды дейік.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

2

3

2

Х







2







66







Х







3

1

2

2

78

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 80 диаграмма


Мұндай позициядан кейін, қара жағы ұтысқа ие болып тұрғандай. Ақ жағына ойынды өз пайдасына шешу үшін 4 құмалақ керек. Позицияға қарасақ, мұндай мүмкіншілік жоқ сияқты. Өйткені, біріншіден, ақ жағының отауларындағы құмалақтары шабуылға ыңғайсыз орналасса, екіншіден, қара жағының 2-отауы жабық (екі құмалақ) жатыр. Ойынды аяқтау керек болғандықтан, мынадай жүрістер жүріле бастады:


Ақ жағы: Қара жағы:


1. 63-83 82-92
2. 61-73! 73-93?
3. 92-11 11-23
4. 73-92 23-41
5. 84:22 82-94
6. 93-21 71-81
7. 81-92 82-95
8. 92-13 13-32
9. 91:12

Сөйтіп, ақ жағы ұтысқа ие болды. Себебі, оның бірінші және екінші жүрістері жасырын жүрістер еді. Оны қара жағы сезбеді және мұқият есептемеді. Қара жағы 2. ... 73-93? жүрісінің орнына 22-31 жүрісін жүріп кеткенде ақ жағы не бары екі құмалақ қана ұтып алған болар еді.


Жоғарыда келтірілген мысалдардан, ойынның аяқ кезіндегі отауларда жатқан шағын санды құмалақтардан комбинация (қажетті позиция) жасап, құмалақтар ұтып алудың сан алуан жолдары бар екенін көрдіңіздер. Бұл барлық жолдарды жатқа біліп алу ғана қажет. Ойынды жаңадан үйренушілер жүрістерді жалықпай есептей отырып, тақта үстінде жасалатын комбинациялардың бәрін өзінің ізденімпаздық қабілеті арқылы тауып алып отырса, әрі қолдана білсе, «тоғызқұмалақ» ойынының дамуына көп әсерін тигізер еді. Еске сала кететін бір заңдылықтар - өз жағындағы отауларда жатқан 4 құмалақтан ешқашан да комбинация жасап, (тақтада «тұздық» жоқ кезде) бірде-бір құмалақ ұтып алуға болмайды.
Оң жақ отауларда (6, 7, 8, 9) жатқан шағын санды құмалақтардан комбинация жасап, алдын-ала қанша құмалақ ұтып алуға болатынын мына төменде көрсетілген кестеден білуге болады. Бұл кестедегі келтірілген сандарды есте ұстаған жөн. Кестеде көрсетілген ұтып алынатын құмалақтардың саны қарсыла ойыншылар еш қатесіз жүріс жасаған жағдайда алынғанын естен шығармау керек. Егер қарсыласыңыз қорғаныс кезінде қателесетін болса, кестеде көрсетілген сандардан да көп құмалақтар ұтып алуға болады, немесе керісінше.



Отауларда жатқан шағын санды құмалақтар

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Комбинация жасап ұтып алынатын құмалақтардың саны

2

2

2

4

4

6

6

8

8

8

8

10

10

12

12

12

Ойын барысында қарсыласыңыздың «тұздығы» сіздің 3, 4, 5-отауларыңыздың бірінде болып, ал сіз «тұздық» ала алмаған болсаңыз, өз отауларыңызда жатқан кейбір шағын санды құмалақтардан комбинация жасап, жоғарыда келтірілген сабақтағы кестедегі құмалақтардан да көп құмалақ ұтып алуыңызға мүмкіншілігіңіз бар. Мысалы, ойынның аяқ шенінде отауларда жатқан 15 құмалақтан комбинация жасап, 8 құмалақтың орнына 10 құмалақ ұтып алуға болады екен (№81 – диаграмманы қараңыз).

9 8 7 6 5 4 3 2 1



1

2

2

3

1

2













64










Х

1

6

4

2

2

72

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 81 диаграмма


Жүріс ақ жағынан мақсатқа жету жүрістері мынадай:



Ақ жағы: Қара жағы:
1. 92-11 11-21 мәжбүр болған жүріс
2. 66:22 11-21
3. 75:22 11-21 мәжбүр болған жүріс
4. 93:22 82-92
5. 91:12 81-91
6. 84-21 11-22 осы жүрістен соң әліппе жүрістері
қайталанады.
7. ...

Сонымен қарсыласыңыздың «тұздығы» сіздің 3, 4, 5, 6-отауларыңыздың бірінде және сол жақ отаулары (1, 2, 3) құмалақсыз болып, сіз тақта үстінде ойын барысында «тұздық» ала алмаған болсаңыз, отауларыңызда жатқан шағын санды құмалақтардан комбинация жасап, алдын-ала қанша құмалақ ұтып алуға болатынын мына төменде көрсетілген кестеден көруге болады.





Отауларда жатқан шағын санды құмалақтар

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Комбинация жасап ұтып алынатын құмалақтардың саны

2

2

3

4

4

6

6

8

8

8

10

10

12

12

12

14

Тұздық ала алмаған болсаңыз, отауларыңызда жатқан 7 құмалақтан комбинация жасап 3 құмалақ ұтып аласыз. (№82 – диаграмма).


Диаграммада отауларындағы құмалақтар комбинация жасауға қажетті позицияға келтіріліп қойылған.Жүріс ақ жағынан.

9 8 7 6 5 4 3 2 1



6




1




2
















67













Х







4

3

78

1 2 3 4 5 6 7 8 9

№ 82 диаграмма


Мақсатқа жету жүрістері:

1. 93-21 21-31


2. 94-21 12-22
3. 81-93 71-81
4. 93:23Х тең ойын



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет