Тақырыбы:
|
|
САНДАРДЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ САНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.
|
Жаңа түсінік
|
Позициялық және позициялық емес санау жүйелерін айырып таниды. Оларға жататын санау жүйелерін анықтайды.
|
|
Қолданым әрекеті
|
Санау жүйелерінің жазылу ережелерін пайдаланады. Әр жүйедегі сандардың жазылу ерекшеліктерін көрсетеді.
|
Талдау әрекеті
|
Позициялық санау жүйесіне жататын екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелерінің байланысын анықтайды.
|
Шығармашылық әрекет
|
Жаңа санау жүйесін ойлап табады. Сол жүйенің ерекшеліктерін түсіндіреді.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Әрбір санау жүйесінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың маңыздылығын түйіндейді.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (5 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
Сабақ типі:
|
|
• фронтальді, топтық.
|
Оқыту әдісі:
|
|
• репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
• Санау жүйесі, позициялық, позициялық емес, негіз, цифрлар алфавиті, бірлік жүйе, иероглиф.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу
|
Ақпарат көздері:
|
1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.
2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии»
учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.
3. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар:
ҒӨФ «ЭКО», 2006.
4. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
• Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
Ондық жүйеден басқа өзің қалаған кез-келген санау жүйесінің маңыздылығын дәлелде.
|