Тақырыбы: Селекция Дайындаған: 21-09 тобының білім алушысы



Pdf көрінісі
Дата12.10.2022
өлшемі1,06 Mb.
#152784
түріЛекция
Байланысты:
Новая презентация



Тақырыбы: Селекция
Дайындаған: 21-09 тобының білім алушысы 
Жакупова Аяжан


Селекция (лат. - 
«таңдау») - бұл 
жануарлардың жаңа 
тұқымдарын, өсімдіктің 
сорттарын және 
микроорганизмдердің 
штамдарын құру және 
жетілдіру әдістері 
туралы ғылым.


Селекция өсімдіктер мен жануарларға олардың тұқым қуалаушылық 
қасиеттерін адамға қажет бағытта өзгерту үшін әсер ету әдістерін 
дамытады. Селекцияны ауылшаруашылық дақылдарының және мал 
тұқымдарының жаңа сорттары мен будандарын шығарумен 
айналысатын ауыл шаруашылығының саласы деп те атайды.


Селекцияның теориялық негізі 
болып генетика саналады. 
Селекция, сондай-ақ молекулалық 
биологияның, физиологияның
цитология және өзге биологиялық 
ғылымдардың жетістіктеріне 
сүйенеді. Қазіргі таңда әсіресе 
селекцияның дамуына клеткалық 
және гендік инженерияның 
жетістіктері, сондай-ақ 
биотехнологияның жетістіктері 
үлкен үлес қосуда.


Селекцияның негізгі әдістері

сұрыптау, 
будандастыру 
және мутациялық 
селекция.


Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің 
негізгі заңдылықтары барлық организмге тән 
қасиет. Жануарлардың, өсімдіктердің жаңа 
тұқымы мен сорттарын шығаруда осы 
заңдылықтарды білудің маңызы зор. Себебі, 
ол тұқым қуалайтын өзгергіштікке 
негізделген. H .И .Вавилов селекцияның 
теориялық негізін қалады.


Селекцияның басты мақсаты мен міндеті

Адам баласына қажетті мол өнім беретін
суыққа, ауруға төзімді өсімдік сорттарын, 
мал тұқымдарын және 
микроорганизмдердің штампыларын 
қысқа мерзімде шығару және жақсарту.


Н.И.Вавиловтың айтуы бойынша: "Селекция 
үшін қажетті бастапқы материалды білмей, 
олардың шығу тегі мен эволюциясын 
зерттемей тұрып, жануарлардың
өсімдіктердің қазіргі сорттарын, тұқымын 
жаңарту, жақсарту мүмкін емес". 
Ол мәдени өсімдіктердің ата тегінің шығу 
орталықтарын анықтау, зерттеу және 
олардың генофондысын сақтау мақсатында 
дүние жүзінің әр түкпірінде 180-нен астам 
экспедиция ұйымдастырды. Осы жұмыстың 
нәтижесінде 1700 түрге жататын 250 
мыңнан асатын ауыл шаруашылығы 
есімдіктері үлгілерінің коллекциясын жасады.


Қазақстандағы селекция жетістіктері
Қазақстандағы селекцияның мақсаты – біздің елімізге тән 
ерекше табиғи-климаттық жағдайларға бейімделген мәдени 
өсімдіктер мен үй жануарларының түрлерініңшығаруүдерісі.
ДәстүрлітүрдеҚазақстанаумағындахалық селекциясы 
нәтижесінде мәдени өсімдіктер мен үй жануарларының 
көптеген сұрыптары мен тұқымдары (қолтұқымдары) 
алынған. Халық селекциясы нәтижесінде мүйізді ұсақ 
малдардан құйрықты қой тұқымы дамыды. Ал өсімдіктерден 
бидай, алма және т.б. сұрыптары шығарылды.





Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет