Осы уақытқа дейін көптеген әртүрлі белоктардың 1-реттік құрылымы анықталды. Ол биохимияның негізгі жетістіктерінің бірі болып саналады. Белоктардың бірінші реттік құрылымы дегеніміз пептидті тізбектегі аминқышқыл қалдықтарының кезектесіп ретпен орналасуы.
H2N-CH-CO-NH-CH-CO-HN-CH-COOH
R1 R2 R3
Бірінші реттік құрылымы
1-реттік құрылымды біле отырып, егер ол бір полипептид тізбегімен берілсе белок молекуласының формуласын жазуға болады. Егер белок құрамына бірнеше полипептид кіретін болса, онда бірінші реттік құрылымын анықтау қиынырақ, сондай-ақ бұл тізбектерді алдын-ала жекелеу қажет.Бірінші кезектебелоктың кішкене бөлігінің амин-қышқылдықұрамын анықтайды, дәлірек айтқанда,гомогенді белоктағы 20 аминқышқылының әрқай-сысының қатынасын анықтайды Бұны гидролиз әдісімен жүзеге асырады, яғнибір бос NH2 тобын және бір бос COOHтобын.