Тақырыбы: Теориялық зерттеу әдістері: факторлық және ретроспективті талдау, синтез, нақтылау, модельдеу, корреляция әдісі


Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/6
Дата08.02.2022
өлшемі45,05 Kb.
#120807
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
08.10.21 ДӨЖ

Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе больш отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға , оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмысты қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдык және жаратылыстану ғылымдарының ілгері дамуына икемделген ойлаудьщ басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.


Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдьщ ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық көрсеткіштері болып табылады.
Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, талдау және жинақтау, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.

1.1.Теориялық зерттеу әдістері

Зерттеу әдісі дегеніміз күрделі танымдық әдістемелер, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.


Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты.. Ғылыми нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол — жаңа білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.
Зерттеулердің теориялық деңгейіндегі ғылыми әдістерге төмендегілер жатқызылады: 1) формаландыру – зерттеліп отырған шынайы процестердің мағынасын ашатын абстрактылы-математикалық модельдер құру; 2) аксиомаландыру – дәлелдеуді керек етпейтін аксиомалар, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырымдардың негізінде теория құру; 3) гипотетикалық-дедуктивтік әдіс – нәтижесінде эмпирикалық фактілер тұжырымдалатын бір-бірімен, дедуктивті байланыста болатын гипотезалардың жүйесін жасау.
Зерттеу әдістерінің классификациясы аса күрделі мәселе болғанның өзінде де, дәстүрлі түрде оларды үш топқа: жалпы ғылыми, интерғылыми және жеке ғылыми әдістерге бөлу қабылданған. Жалпы ғылыми әдістер барлық ғылым салаларына тән және оларды біріктіретін зерттеу объектісінде пайдаланылатын логикалық әдістерді, яғни: бақылау мен тәжірибе, анализ бен синтез, жорамал мен гипотеза, индукция мен дедукция, аналогия, классификация мен систематизация, генетикалық әдіс, т.б. біріктіреді. Интерғылыми әдістерге – экстрополяция, интерполяция, модельдеу, ретроспекция, эксперттік бағалау, т.б. жатады. Жеке ғылыми әдістердің көптеген ғылыми топтары бар.
Жалпы ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:

  • анализ – жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына, белгілеріне, қасиеттеріне және т.б) бөлу;

  • синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;

  • абстракциялау – зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;

  • жалпылау – объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі;

  • индукция – жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зертеу мен талқылау әдісі;

  • дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;

  • аналогия – объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия – ғылымның бір саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалға: тарихи аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б

  • классификация – зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллогрфия, т.б. ғылымдардың түрлі бөлімдері).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет