Тақырыбы: «Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы»


Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»



бет12/37
Дата12.03.2018
өлшемі5,47 Mb.
#38392
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37

Тақырыбы: «Беттер (поверхность) тұрғызу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып теңдеулерді шешу»



Мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіндіктерін бет тұрғызуда және теңдеу шешуде пайдалана білуге үйрету.

Негізгі түсініктер:

Excel программасында кеңістікте орналасқан беттерді тұрғызу кестеда мәндері берілетін екі айнымалыға (мысалы, х, у ) тәуелді функцияның (мысалы, z) мәндерін есептеу формуласы арқылы орындалады.


Сондай-ақ, Excel программасында Сервис->Подбор параметра командасын пайдаланып теңдеулерді жуықтап шешу мүмкіндігі де қарастырылған. Жоғары математика курсынан белгілі теңдеудің түбірін жуықтап шешу әдісін қолданғанда әуелі түбір жатқан аралық анықталады. Мұндай аралықтар үшін олардың шеткі нүктелеріндегі функция мәндерінің таңбалары әртүрлі болуы шарт. Аралық анықталғаннан кейін сол аралықтағы түбірдің мәнін , Сервис->Подбор параметра командасын қолдана отырып белгілі бір дәлдікке дейін жуықтап табуға болады.


  1. жаттығу. Бет ( поверхность) тұрғызу. Беттің формуласы:




  1. Өз бумаңызда Лаб_Ex_10 деп аталатын жұмыс кітабын құрыңыз.

  2. х-тің мәндерін 0,2 қадаммен А2 ұяшықтан бастап баған түрінде енгізіңіз;

  3. у-тің мәндерін 0,2 қадаммен В1 ұяшықтан бастап жол түрінде енгізіңіз;

  4. В2 ұяшыққа формула: =3*А2^2 – 2* SIN(B1)^2*B1^2 жазыңыз;

Формуланы жазып болғаннан кейін оны қалған ұяшықтарға көшіру кезінде адрестердің дұрыс өзгеруін бақылап көріңіз, қорытынды жасаңыз: х-тің мәндері барлық уақытта А бағанында болуы керек, сондықтан баған өзгеріп кетпес үшін оның алдына абсолют адрестің белгісі қойылады, яғни $А болады, ал у-тің мәндеріне сәйкес бірінші жолдың адресі $1 болып өзгереді.

  1. Ендеше осыған сәйкес В2 ұяшықтағы формуланы: =3*$А2^2 – 2* SIN(B$1)^2*B$1^2 түрге келтіреміз /9-сурет/;

  2. z –тің қалған мәндерін толтыру маркерін пайдалана отырып, шығарыңыз;

  3. Ол үшін В2:В12 диапазонды белгілеп алып толтыру маркерін сәйкес тіктөртбұрышты обылыс толғанға дейін созасыз;.


9-сурет

  1. Кестені х, у, z. мәндерімен қоса белгілеп алыңыз;

  2. Диаграмма шеберін ( Мастер диаграмм) шақырыңыз, диаграмма типінен Поверхность (1-ші түрін ) таңдаңыз;

  3. Диаграмманың параметрлерін өзгертіңіз;

  4. Диаграмманы сол бетке орналастырыңыз, атын Поверхность деп өзгертіңіз.

  1. жаттығу. “Подбор параметра” командасын пайдаланып х3-0,01х2-0,7044х+0,139104=0 теңдеуді шешіңіз.

Теңдеуді шешу үшін түбір жатқан аралықты анықтау керек, сондықтан у(х)= х3-0,01х2-0,7044х+0,139104 функциясыының мәндері табылады, қажет болса графигі де салынады.



  1. А2:А12 диапазонға [-1;1] аралығын 0,2 қадаммен жазамыз /10-сурет/;

  2. В2 ұяшыққа =А2^3-0.01*A2^2-0.7044*A2+0.139104 формуласы жазылады;

  3. Функцияның қалған мәндерін толтыру маркерін пайдаланып шығарыңыз;

  4. Функция таңбасы өзгеретін аралықтарды анықтаңыз: [-1;-0.8], [0.2;0.4], [0.6;0.8], бастапқы жуықтаулар ретінде бұл аралықтардың ортасы алынады;

  5. Бастапқы жуықтаулардың мәндері сәйкесінше С2; С3; С4 ұяшықтарға жазылады;

  6. D2 ұяшыққа =С2^3-0.01*С2^2-0.7044*С2+0.139104 формуласы жазылады да ол D3, D4 ұяшықтарына да көшіріледі;

  7. D2 ұяшығы белгіленеді; .

  8. Сервис->Подбор параметра командасын орындаңыз;

  9. Пайда болған Подбор параметра терезесіндегі Установить в ячейке тұсында D2 тұрады;.

  10. Осы терезедегі Значения тұсына 0 жазыңыз. Бұл теңдеудің оң жағын білдіреді ;


  11. Изменяя значение ячейки тұсына С2 жазасыз. Бұл бірінші аралықтағы түбірдің жуық мәні шығатын ұяшық /10-сурет/.

10-сурет

  1. ОК басылады;

  2. Дәл осылай қалған екі түбірдің мәндері С3 және С4 ұяшықтарда шығарылады;

  3. Теңдеудің түбірлерін графиктік әдіспен табуды өзіңіз орындаңыз.


Өздік жұмыс тапсырмалары:

(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген

10-кестедан алынады)


  1. х, у [-1;1] деп алып, Z= … бетті тұрғызыңыз /10-кесте, 1-тапсырма/.

  2. ... теңдеуініңбарлық түбірлерін табыңыз /10-кесте, 2-тапсырма /.

10-кесте

Нұсқа



1- тапсырма

2-тапсырма

1

Z=5x2cos2(y) –2y2ey

x3-2.56x2-1.3251x+4.395006=0

2

Z=2x2cos2(x) –2y2

x3+2.84x2-5.6064x-14.766336=0

3

Z=2e0.2xx2 –2y4

x3+0.85x2-0.4317x+0.043911=0

4

Z=x2 –2e0.2yy2

x3-0.12x2-1.4775x+0.191906=0

5

Z=3x2sin2(x) –5e2yy

x3+0.77x2-0.2513x+0.016995=0

Бақылау сұрақтары:

  1. Беттің формуласын жазуда ұяшық адрестерінің қандай түрлері қолданылады?

  2. Теңдеу шешуде қолданылатын Excel программасының командасы қалай аталады?

  3. Подбор параметра командасы не үшін қолданылады?

  4. Түбір жатқан аралықты қалай анықтайды?

  5. Түбір жатқан аралыққа қандай шарт қойылады?

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №11


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет