Қостілідлік компонент (сөздік жұмыс): Дөңгелек-Круглый.Шаршы- квадратҮшбұрыш-треугольник-
Іс әрекет кезеңі
|
Ересек Ә тобы
|
Кіріспе бөлім
|
Шаттық шеңбер
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым!
|
Негізгі бөлім
|
Ғажайып сәт:
Қонаққа Буратино келеді.
Буратино:- Сәлем, балалар, қалдарын қалай?
Тәрбиеші:- Сәлеметсің бе, Буратино. Бізде бәрі жақсы. Өзін қалайсың?
Буратино:- Менде бәрі жақсы. Міне осы сендерге қонаққа келдім. Бірақ бос қол келген жоқпын. Карло әкей менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші:- Кәне көрейік, ол қандай сәлемдеме болды екен. Балалар, бұл хат екен, ол хатта не жазылып тұр екен оқиық.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарын қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмаларды жібердім. Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай қойдым. Маған көмектесіңдерші. Карло әкей.»
Тәрбиеші:- Балалар, Карло әкейге көмектесеміз бе? (Иә)
Балалар, міне дөңгелек. Ол неге ұқсайды? (Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктің доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек домалайды.
- Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме, Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір, екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды.
- Ал мынау пішін: шаршы. Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.
- Жақсы, балалар, ал енді екінші тапсырма.
- Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.
Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады.
Мысалы: алма - дөңгелектің астына, ал пирамиданы - ұшбұрыштың астына.
- Жарайсыңдар, балалар!
- Балалар шаршаған шығарсыңдар, ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәт:
Күн ашылды,
Бұлт төнеді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Күн ашылды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |