Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Ізетпенен біз,
Сәлем бердік біз!
Балалар сәлемдеседі
Негізгі бөлім
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайы. Құстар табиғаттың бір болігі . Елімізде 500-ге жуық құстардын түрлері бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан оларды табиғат емшілері деп атаймыз. Олар тіршілік иелері . Құстар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып , жауларынан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді , Адамдардын көңіл күйін көтереді.
Құстардын түрлері өте көп, соның ішінде жыл құстарына тоқталайық .
Жыл құстары дегеніміз: салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайтадан ұшып келетін құстар. Оларға: көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай , бұлбұл, тырна т.б.
Құстар туған жерге топ-тобымен ұшып келіп жатады. Олар жолдан тайған емес.
Жұмбақ жасыру:
Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(қарлығаш)
Қарлығаш жайлы тоқталып өту.
Орманда жоғары
Ағашқа қонады
Тұмсығын балға қып
Тоқ-тоқ соғады
(тоқылдақ)
Тоқылдақ ол орман құсы. Тоқылдақ ағаштарды шіруден қорғайды. Сондықтан оңы «орман дәрігері» деп атаймыз.
Ұстап ап , даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған,
Бұл қай құс?
( үкі)
Үкі киелі құстардын бірі.Оны ұлттық аспаптардын құлағына байлаған. Үкі айналасындағы заттарға екі көзбен бірдей қарай алатын құс.
Су бетін сүзіп ,
Ақ құман жүр жүзіп .
(Аққу)
Әрине бұл- көрсе көз тойматын сұлу құс.
Халық аңызына сүйенсек жыланың өзі де аққу жұмыртқасына тиіспеген.Адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс.
Келесі құсымыз торғай. Өзі өте кішкентай, пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Аулға торғай келісімен күн жылынады.
Ал балалар , мыны құсқа назар аударайық, бұл қандай құс деп ойласындар ? Бұл әрине - көгершін
Көгершін – бұл бейбітшілік құсы.Өзі сұлу құстардын бірі.
Осы көгершін туралы өлең білесіңдер ме?
- Ақ көгершін.