102
анықтайтын - «үй», «үй жануарлары», «ұлттық тағам» және «туыстық қарым-қатынас» тақырыптарына
бөлініп, салғастырыла қарастырылды.
Бірінші топтағы – ұлттық нақышты көрсететін туыстық жақындыққа байланысты мақал-мәтелдер.
Зерттеу барысында байқағанымыз, араб тілінде де, қазақ тілінде де туыстық қатынасқа байланысты
мақал-мәтелдер жиі қолданыста жүреді. Оның ішінде ата-анаға байланысты мақал-мәтелдер көп. Өйткені,
екі халықта да ата-ананы құрметтеп, олардың орнын ерекше бағалаған. Мысалы:
арабта:
Дүниені мың айналсаң да, ананың құшағынан артық жер таппайсың. (Ауд. автор) Әке-
ғашық, шеше қызғанады, қыз таңырқайды.(Ауд. автор)
қазақта:
Әкең - асқар тау, анаң - мөлдір бұлақ. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
Қыз бен ана, әке мен бала арасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты араб және қазақ мақал-мәтел-
дерінің мағыналас келетіндері де бар:
арабта:
Шешесінің тілінің құдіретін қысқарту керек, қызы шешесіне еліктейді. (Ауд. автор)
қазақта
: Шешесі бәдіктің қызы бәдік
.
Шешесін көр де, қызын ал.
Баланың тәрбиесі ата-анаға байланысты екенін екі тілдегі мақал-мәтелдерден көруге болады. Мысалы:
арабта:
Сенің жақсы істерің – балаңнан
.
(Ауд. автор) Негізгі бала - балаңның баласы(Ауд. автор)
қазақта:
Балаң жақсы болса, есіктегі басыңды төрге сүйрер, Балаң жаман болса, төрдегі басыңды
есікке сүйрер. Балаң жаман болса, арманың кетеді. Баланың жақсысы - қызық, жаманы күйік. Немере
өз балаңнан да тәтті.
Ағайын, туыс арасындағы жақындық екі халық мақал-мәтелдерінде ерекше сипатталған. Өйткені,
араб халқы да, қазақ
халқы да ежелден бауырмал, ағайын-туыс арасындағы қарым-қатынасты жоғары
бағалаған. Мысалы:
арабта:
Ағамның баласымен жақын туыспын, ағамның баласының баласымен алыс туыспын. (Ауд.
автор)
қазақта:
Туысы бірдің - уысы бір.Ағайын - ағайынның айнасы.Абысын тату болса, ас көп, ағайын
тату болса, ат көп.
арабта:
Ағамның баласы жауынгер. (Ауд. автор)
қазақта:
Жаман да болса - жақыным.
Сондай-ақ, туыстық қатынасты білдіретін қазақ мақал-мәтелдерінде ағайын арасындағы бақталастық,
алауыздық сияқты қасиеттер жиі ұшырасады:
Ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмайды.Ағайын алуға бар, беруге жоқ. Ағайын
барда дүшпаным жоқ деме, абысын барда күндесім жоқ деме. Ағайын ащы, мал түщы
.
Туыстық қатынасты білдіретін екі тілдегі мақал-мәтелдердің ішінде, мағына жағынан ұқсастық табатын
-
қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер. Араб, қазақ халықтары қыз баланы қадірлеген,
өз төрінен орын
берген. Ислам дініндегі тәрбие бойынша, қыз бала сыпайы, инабатты, сыйлы, иманды болу керек, және бұл
қасиеттер араб, қазақ қыздарының бойынан кездеседі. Сондықтан да, діні бір, тәрбиесі ұқсас араб және
қазақ тілдеріндегі қыз балаға қатысты мақал-мәтелдер мағына жағынан бір-бірімен сәйкестік табады. Соның
ішінде, «қыз бала - жат жұрттық» деген ұғым екі тілдегі мақал-мәтелдерде кеңінен кездеседі:
арабта:
Ұлыңнан бұрын қызыңды айттыр. (Ауд. автор)
қазақта:
Қыз - жат жұрттық
.
арабта:
Қызын айттырса, ашуланып, өкінген сыңай танытады. (Ауд. автор))
қазақта:
Қызы бардың назы бар
.
арабта:
Бояудың өмірі суда қалмайды.(Ауд. автор)
қазақта:
Отырған қыз орнын табар.
арабта:
Қыз өссе, уақыт ұзақ болмайды. (Ауд. автор)
қазақта:
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.Қыз бала өз үйіне қонақ.
Араб халқы мен қазақ халқының қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлетіндігін мақал-мәтелдерден аңғаруға
болалы:
арабта:
Үйінен шыккан қыздың кеңістігі (өлшемі) өзгереді. (Ауд. автор),Егер сее арыңды сақтағың
келсе, басқаға көзі түскен қызыңды тұрмысқа бер. (Ауд. автор)
қазақта:
Қызға қырық үйден тию. Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол
.
Жоғарғыдағы мақалдың мағынасына жүгінсек, арабтарда қызына, не ұлына өмірлік жарды ата-
аналары табады. Ал ойы басқада болған баланың әке-шешесі өз абыройын сақтау үшін, баласын тезірек
өздері қалаған адамға тұрмысқа береді, ұлын үйлендіреді.
Бұндай құбылысты қазақ
халқының өмірінде ертеректе, Ислам дінін қабылдағаннан кейін пайда
болғанын көркем шығармалардан кездестіруге болады. Қазақ халқындағы «Ананың тілін алмаған,
қасарысқан қыз жаман» деген мақал осының негізінде де айтылуы әбден мүмкін.