Баспа
–
дауысты қарлықтырып, жұтындырмай ауыртатын тамақ ауруы. Баспамен жиі ауыратын (С.Н).
Ақтаңдақ
–
бетке, не басқа ала-ала боп түсетін тері ауруы (С.С).
Алапес
–
алапес ерте заманнан белгілі, ол тері ауруларының тобына жатады (С.С).
Ұстамалы
–
соқпа-соқпада ұстайтын, үйреншікті, талма ауру.
–
Иә, сендей қыздарды көргенде ұстап қалатын ұстамалы мылқаулығым бар (Ә.Ә).
Күбіртке
–
аяқ-қолдың тырнақтарының астына түсетін іріңді жара. Бармағыма күбіртке шыққанда
мен де сырмада жүргенмін, – деп Рақат қарсы шықты (С.Ж.).
Осы мағыналар арқылы уәжделген атаулар тілімізде жиі қолданысқа ие болған.
Жүйелі уәжділік
. Ауру атауларының қойылу үрдісінде сирек кездеседі. Ауру атауларының қойылу
сипаты мен қалыптасқан халықтық дүниетанымға байланысты екіге бөліп қарастыруға болады:
1.
Ауру аттарының ұйқас келу жүйелілігі.
2.
Белгілі бір нысанға байланысты жүйелілік.
Тілімізде жүйеленген ауру аттары кездеседі:
бүпсек, күпсек; қолаңса, жолаңса; суқараңғы, дуқараң-
ғы
. Мұндағы сөздер бір тұлғаның әр түрлі фонетикалық нұсқалары саналады. Қазақ тіліндегі дыбыстық
ерекшеліктерге сәйкес олардың жоғарыда көрсетілген фонетикалық варианттарының шығуы екіншілік
сөзжасамдық үрдістің нәтижесі ретінде танылады.
Белгілі бір нысанға байланысты болатын жүйелілікті әр түрлі сипатта саралауға болады:
–
адамның дене мүшелері мен іш құрылысына байланысты болатын жүйелі уәжділік:
безтамақ,
қылтамақ, жыланкөз, алаөкпе, бақшаңкөз, жұлынқұрт, құрқұлақ, соқыр ішек, тіс ауруы, тіл қабынуы,
іш сүзегі, ішек қабынуы, құлақ мүкістігі, бастың сақинасы
.
–
хайуанаттарға байланысты болатын жүйелі уәжділік:
есекжем, қоян тобық, ит емшек.
Ауру атаулары да осындай жүйелі уәжділіктің жемісі деуімізге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |