3
АЛҒЫ СӨЗ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдары-
ның докторы, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы І
дәрежелі сыйлықтың
лауреаты, ҚР БжҒМ «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Педагогика ғылымдары
Халықаралық академиясының академигі, ҚР Президентіне үміткерлерден мемлекеттік тілден емтихан
алушы «Лингвистикалық комиссиясының» мүшесі, әрі хатшысы (1999, 2005, 2011, 2015 жж.) Оразбаева
Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық мерейтойына
арналған бұл жинаққа ғалымдар, ізденушілер,
білімалушылардың ғылыми, рухани, мәдени дамуына және кәсіби іскерлігінің артуына арқау болатын
ғылыми мақалалар берілді.
Ғылыми мақалаларда әртүрлі білім мен біліктіліктер туралы баяндалған.
Атап айтқанда, тілдік таңба
мен оны қолданудың әрбір саладағы, сөйлемдегі, мақал-мәтелдер мен тұрақты
тіркестердегі өзіндік
ерекшеліктерін; тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың ғылыми-теориялық негізін; номинация теориясы
мен функционалды
грамматика мәселесін; тілдегі адам факторын; сөз өнері мен әлемнің көркемдік
келбетін; білім беру саласындағы инновациялық технология мен
педагогикалық қарым-қатынас
мәдениеті жөнінде сөз болады.
Жинақта линвистика, педагогика, әдебиеттану саласындағы адам – қоғам – табиғат –
мәдениет,
ұлттық таным, шығармашылық интеграция, мәдениетаралық қарым-қатынас, құндылықтар мәселесі және
т.б. талданады. Қазақ, өзбек, башқұрт, қырғыз, әзірбайжан тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті
бойынша өзекті мәселелер көтеріледі.
Көркем әдебиетті талдауда тілдің алатын орнын айқындайтын мақалалар тіл мен әдебиеттің
сабақтастығын, адамның эмоционалдық жай-күйін, тіл мен психологияның байланысын тілдік талдаулар
арқылы сараптайды. Мақал-мәтелдер, тұрақты тіркестер, троп түрлері және т.б. сияқты тілдік бірліктердің
өзіндік ерекшеліктерін және ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеген мақалаларда адам
танымының тілдегі көрінісі баяндалады.
Жинақтан антропоцентристік парадигма аясындағы теориялық зерттеулердің
білім беру саласында
игерілгенін, олар тіл мен әдебиетті оқытудың негізгі компонентіне айналғанын көруге болады. Сондай-ақ,
адамзаттың танымдық қабілетін айқындайтын ойлау, сөйлеу, қабылдау, т.б. әрекеттерінің лингводикатика-
лық ерекшеліктері мен оқыту процесінде олардың алатын орны жан-жақты талданады.
Жинақта берілген материалдардан филологиялық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері де жан-
жақты көрініс табады. Атап айтқанда,
герменевтикалық әдіс, салыстырмалы әдіс, эмпирикалық әдіс,
концептуалдық әдіс, дистрибутивті әдіс, оппозитивті әдіс, функционалдық әдіс, т.б.
Педагогика
ғылымдарының докторы, профессор, Оразбаева Фаузия Шәмсиқызының 70 жылдық
мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға сүбелі үлес қосып, бүгінгі
заманның сұранысына сай ғылыми мақалалар жіберген авторларға шексіз ризашылығымызды білдіреміз,
шығармашылық табыстар тілейміз.
Достарыңызбен бөлісу: