Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет474/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   565
Байланысты:
2

 
 
Аннотация:
В данной статье рассмотрены современные задачи формирования и воспитания своей 
культурной самобытности в процессе развития интеллектуального потенциала обучаемого.
Ключевые слова:
ученик, интеллектуал, процесс развития, культура, современность. 
 
Annotation: 
This article deals with the modern tasks of forming and nurturing their cultural identity in the 
process of developing the intellectual potential of the learner.
 
Keywords: 
student, intellectual, development process, culture, modernity. 
Білім – ұлттың интеллектуалдық қабілетін, санасы мен болмысын қалыптастыратын бірден-бір 
ұйытқы, негіз. Олай болса, оқыту мәселелерін ұлттық мүддемен ұштастыру арқылы білімнің мемлекет 
дамуындағы стратегиялық рөлін күшейту қоса жүзеге асырылады. Білім әр тұлғаның мемлекеттік 
саясатты, мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оған деген шынайы сенімінің де өзегіне айналуы шарт. 
Бұл орайда білім берудің әлемдік тенденцияларға сәйкес бағыттарын белгілеу қажет, бірақ олардың 
барлығының ұлттың тарихи-мәдени топырағында дамуына мүмкіндік жасауға айрықша көңіл бөлінуі 
маңызды болып саналады. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымызда қазақ тілін меңгерту үдерісінде сөз 
мәдениетін меңгерте отырып, тілдік білім мен катысымдық мәдениеттің мектеп түлектерінің өмір 
дағдыларын қалыптастырудың базасына айналуына мән берілді.
Шын мәнінде, қазіргі таңда әлемдік білім кеңістігінде оқу-тәрбие саласында тұлғаның интеллектуал-
дық-мәдени әлеуетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Өйткені бұл ұғымның 
аясына енетін барлық қабілеттер мен қасиеттер адамның болмысымен, санасымен, мәдениетімен, білімі-
мен, білігімен тығыз тұтастықта қаралады. Сондықтан ол философтардың, педагогтердің, психологтар-
дың, әлеуметтанушылардың еңбектерінде әртүрлі қырынан зерделеніп келеді. Егер оқушының 
интеллектуалдық әлеуетінің оның өз әрекеті мен ізденісінің нәтижесінде ғана қалыптасатынын ескерсек, 
сол әрекетке негіз болатын, әрекетті орындауға деген ішкі қажеттіктің тууына ықпал ететін мотивтердің 
орны ерекше. Мотив – әрекет – интеллект арасындағы тығыз байланыс оқу, оқыту жүйесінің бірыңғай 
өзегі ретінде алынуы – басты міндет. Өйткені әрекет мотиві мен оның түпкі нәтижесі бір-біріне тәуелді 
болып келеді де, оқушының интеллектуалдық-мәдени әлеуетінің дамуына алғышарт қалыптастырады. 
Оқушыны әрекет етуге итермелейтін ішкі түрткі оның өзін-өзі дамытуына, өз қабілеттерін дамытуына 
мүдделіліктен бастау алады. Сөз әдебі осы мүдделілікті тудырудың басты тетігі болып саналады. Өйткені 
әдемі, әдепті сөйлеу кез келген адам үшін ішкі қажеттікті тудыратыны сөзсіз. 
Интеллектуалдық мүмкіндіктерді зерттеумен ұзақ жылдар бойы бихевиоризм саласы мамандары 
айналысты. Олар бұл ұғымды ғылыми- психологиялық тұрғыдан қарастырды. Одан кейінгі кезеңде, яғни 
ХХ ғасырдың басында Спирмен интеллектіні математикалық және статистикалық тәсілмен зерттеу 
әдістерін ұсынды. Ғалымның тұжырымдауы бойынша, «интеллект – адамның білім алуға деген қабілеті» 


345 
деп танылды [1, с. 57]. Оның интеллектуалдық қабілетті дамытуға қолайлы факторларды анықтауы бұл 
саладағы ізденістердің кеңеюіне ықпал етті.
Әйтсе де қазірге дейін «интеллект», «интеллектуалдық» ұғымдарына берілген нақты тұрақталған 
анықтама жоқ. Бұл адам болмысының терең құпияларымен, оның айрықша күрделілігімен байланысты 
туындап отырғаны даусыз. Дегенмен, әрекет мотиві мен оқушының интелектуалдық-мәдени әлеуетінің 
бірлігін, өзара сабақтастығын дұрыс бағалау үшін осыған дейінгі зерттеулердегі қағидаларды саралап, 
интеллектімен, интеллектуалдық қабілетпен байланысты тірек ұғымдарды айқындап алу қажет деп 
санаймыз. 
Бір сөздіктерде «Интеллект – ақыл, зерде, ой өрісі, парасат»-деп көрсетілген [2, б. 258]. Бұл тұжырым 
бойынша, интеллектуалдықты адамзатқа ғана тән саналы ойлау үдерістері арқылы зерделеу нәтижесінде 
қалыптасатын қабілет деуге болады. Ал, аталған сөздіктерде әлеует (потенциал) ұғымына: «Потенциал – 
мүмкіндік, шама» деп анықтама берілген [2, б. 510]. «Әлеует» ұғымын адамға қатысты айтар болсақ, 
адамның шама-шарқы, мүмкіндігі деуге болады. Адамның әлеуеті оған туғаннан бастап белгілі бір 
көлемде беріледі де, тек оның әлеуметтенуінің нәтижесінде кеңейіп, ұлғайып дами бастайды. Адам 
әлеуетінің дамуына тек сыртқы факторлар ғана емес, сол адамның бойындағы қасиеттер мен қабілеттер 
де ықпал етеді. Тіпті осы соңғысының орны ерекше деп те айтуға болады. Бұдан интеллектуалдық 
әлеуетті адамның саналы ойлау әрекеті арқылы өз мүмкіндігін жетілдіру, шыңдау арқылы пайда болатын 
қабілеті деп қарастырған абзал. Сондықтан да өркениетті елдердің білім жүйесінде білім алушыны 
субъект деп тани отырып, оның өмірлік дағдыларды өз бетінше білім алып, өздігінен іздене отырып 
дамуына қолайлы жағдай жасауға ден қойып отыр. Ондай жаңа қадамдар біздің елімізде бейіндік мектеп 
жүйесіне көшуінен көрінеді. 
Кейбір зерттеушілердің еңбектерінде академиялық білімнен гөрі практикалық дағдыға көшу туралы 
пікірлер кездесіп қалады. Мысалы, зерттеуші Р.Дж.Стернберг «академиялық интеллектіге» қарама-қарсы 
ұғым ретінде «практикалық интеллект» дегенді қарастырып жүр. Практикалық интеллекті дегенді 
адамның күнделікті өмірде басқалармен жайлы қатынас орнатуына қажетті тәсіл деп санайды. Бұған 
теориялық білімнен гөрі іс-әрекеттік тұрғыдағы, алға қойған мақсатқа жетуге қажетті қабілеттер қажет 
дейді де, сол қабілеттердің биік шыңын даналық деп атайды. Осы даналықты құрайтын бес компонентті 
(бай тәжірибе, шешім жасай алу, әлеуметтік-мәдени тұрғыдағы тәжірибе, құндылықтарды айыра алу 
(релятивизм), белгісіздік) атайды.
Р.Стернберг интеллектінің көріну формасын үшке бөледі: 
1) вербалды интеллект (сөз қоры, эрудициясы, оқығанын түсіне алуы); 
2) проблеманы шешу қабілеті; 
3) практикалық интеллект (алдына қойған мақсатына жете алу қабілеті) [3, с. 13]. Әрине, сөз әдебін 
игеруде практикалық интеллект қажет екені даусыз, бірақ оны саналы меңгеру үшін оның заңдылықтары 
мен қағидалары, ерекшеліктері туралы теориялық білімнің маңызын жоққа шығаруға болмайды. Тек 
практикалық тапсырмалармен оқыту нақты нәтижеге жеткізе алмайды. Мысалы, сөз этикеті бірліктерін 
қолдана алу үшін практикалық дағдылардың үлес салмағының көп болуына мән беру қажет десек те, ол 
нәтижеге жету үшін оқушының теориялық білімі дұрыс, жүйелі болуы керек. Атап айтқанда, оқушы өзі 
таңдаған жапон сөз әдебінің ерекшеліктерін анық түсінуі үшін, сол елдің ұлттық дәстүрлері, менталитеті 
туралы білуі керек. Жапон халқында «жоқ» деген сөзді қолдануға болмайды дегенді түсіндіру үшін сол 
халықтың дәстүріндегі, діліндегі ізеттілік пен сыпайылықтың, тікелей қарсылық көрсетпеу талабының 
жоғары екенін түсіндіру қажет. Егер жапондық: «Сізбен ертең сағат 12-де жолығуға бола ма?» деген 
сұраққа: «Ертең? 12-де?» деп сөзіңізді созып қайталап айтса, ол «жоқ» деген сөзі деп түсіну керек. Одан 
әрі оны көндіруге мәжбүрлеу жапон сөз әдебін бұзу, сөйлесіп отырған адамды сыйламау болып саналады. 
Мұндай түсініктің қалыптасуы оқушының теориялық та, практикалық та дағдыларын қалыптастыруға 
қызмет ететіні сөзсіз.
Соңғы жылдары психология ғылымында адамның өзінің және айналасындағылардың эмоциясын 
сезінуі мен түсінуін қамтамасыз ететін ділдік қабілеттердің тобын білдіретін «эмоциялық интеллект» 
деген термин пайда болды (Дж.Мейер, Н.Сэловей, Д.Гоулман). Бұл термин тұлғаның танымдық және 
сезімдік қырларының өзара сабақтастығын, мәнін анықтайды. Эмоциялық интеллектісі жоғары адамдар 
өзінің де, басқаның да эмоциялары мен сезімдерін жақсы түсінеді, өз сезімдерін дұрыс басқара біледі. 
Сондықтан қоғамда олар өзін дұрыс ұстайды, өзгелдермен қарым-қатынаста алдына қойған мақсатына 
жеңіл жете алады. Д.Гоулман эмоциялық интеллектінің мынадай параметрлерін бөліп қарастырады:
-
өз эмоциясын саналы түрде реттеу; 
-
эмоцияны түсіну; 
-
эмоцияны ажырата алу және көрсете білу; 


346 
-
ойлау белсенділігіне сай эмоцияны қолдана алу [4, б. 27]. Сөз әдебін меңгертудің бір талабы 
ретінде қойылатын мәселе адамдардың көңіл күйін, эмоциясын бақылай отырып, сөйлесу екенін ескерсек, 
ғалымның бұл тұжырымы өте маңызды. Сөз әдебіне қатысты материалдарды меңгерткенде, оқушылар-
дың өз эмоцияларын басқаруға үйрету қатар жүргізіледі. Мысалы, мадақсөз айту мәдениеті осы эмоция-
лық интеллектімен тікелей байланысты. Мадақсөздер адамдар арасындағы қарым-қатынастың жайлы
тартымды болуына ықпал етеді. Ол үшін мадақсөзді орынды, дұрыс, әдептен аспай қолдану талап етіледі. 
Сонымен қатар өзіне айтылған мадақсөздерді әдеппен қабылдай алу да – мәдениеттіліктің көрсеткіші.
Отандық ғалымдар интеллектуалдық әлеуеттің өсуі, біріншіден, ғылыми зерттеулерді қажетті 
ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты болса, екіншіден, сол істі жүргізе алатын мамандандырылған 
ғалымдар, инженерлер, IT техниктер, ұйымдастырушы басшылардың болуына байланысты болатынын 
айтады. Бұдан «интеллектуалдық әлеует – қоғамның интеллектуалдық-шығармашылық жемісі болып 
табылатын ғылым мен білімнің тоғысуынан туындаған адами, материалдық, қаржылық рестурстардың 
бірлігі» деген қорытынды шығады. Бірақ интеллектуалдық әлеует арнайы мамандандырылған білімсіз 
адамның жоғары деңгейде өнім беруіне мүмкіндік бермейді [5, б. 13].
Ғалым А.С. Сәрсеновтың пайымдауынша, «интеллектуалдық әлеует – деп қоғамдағы сұраныс 
үдесінен шығуға даяр әлеуметтік субъектінің уақыт пен орта алға тартқан міндеттерден, қиыншылық-
тардан, ұсыныс пен қажеттіліктен, бұрын беймәлім талаптан тұтастай болмаса да, негізінен биік тұрып, 
ілгерілеу динамикасы мен заңдылығына кіріге, бейімделе алу, соны ел мүддесіне, өз мүддесіне жегу 
арқылы бойындағы қабілеті мен мүмкіндігін ашу өресі» [6, б. 18] . 
Жоғарыда аталған тұжырымдарды жинақтай келгенде, интеллектуалдық-мәдени әлеуеттілік – 
әлеуметтік субъектінің немесе адамдар қауымдастығының әуелдегі өзінің табиғи саналы ойлау қабілетін 
ғылым мен білімді игеру арқылы жетілдіруі, соның нәтижесінде пайда болған қабілеті мен мүмкіндігін 
өзінің, ұлтының, Отанының мүддесіне жарата алуы. Сондықтан қоғамдағы интеллектуалдық әлеуетті 
үнемі жетілдіріп отырудың қажеттігі анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   470   471   472   473   474   475   476   477   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет