Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет90/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   565
Байланысты:
2

Ключевые слова: 
предложение,
 
сложная синтаксическая целостность, лингвистические данные.
 
Annotation: 
The article considers a complex syntactic whole. A sentence chain that begins with the subject 
and predicate as a complex syntactic whole and is proved with language levels. 
Keywords: 
sentence, complex syntactic integrity, linguistic data.
Мәтін ауқымында сөйлемдерді айрықша мақсатты рәсімдеп біріктіру ретіндегі тұтастықтың бар болу 
идеясы бұрын да және қазіргі күні де көптеген наразылықтар тудырады. Осы ретте негізінен тұтастықты 
мәтіннен бөлу кезінде қалай болса солай ойлау айқындалады.
 
Түркологияда осы сұрақтың аз зерттелуі негізінен осындай синтаксистік бірліктердің кейбір заңды-
лықтарының белгіленуімен және жеке синтаксистік сипаттаулардың айтылуымен шектеледі. Мысалға 
алғанда, 1960-70 жылдарда Т.Қордабаев пен Р.Ғ. Сыздықованың еңбектерінде мәтін лингвистикасының 
нысаны – мәтіннің тұлға-бірлігі күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Р.Сыздықова 1970 жылы жарық көрген «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» атты еңбегінің 
бір бөлімін «Күрделі синтаксистік тұтастық туралы ұғым» деп алып, онда мәтін лингвистикасындағы 
негізгі мәселелердің бірі сөйлемдердің күрделі синтаксистік тұтастыққа ұйымдасуын сөз етеді. 
Р.Сыздықова «Күрделі синтаксистік тұтастық» дегеннің өзі не? – деп сауал тастай отырып, былайша ой 
түйіндейді: «күрделі синтаксистік тұтастық жеке сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке бір ойын 
білдіретін әлдеқайда үлкендеу синтаксистік автономия және ол әрқилы амал-тәсілдермен өзара байла-
нысқан сөйлемдер тобынан тұрады» [1;296]. Р.Сыздықова бұл еңбегінде Н.С.Поспеловтің күрделі 
синтаксистік тұтастыққа берген анықтамасын біршама айқын анықтама деп талдай келіп, мына пікірді 
басшылыққа алады: «Әдетте, белгілі бір айтылған ой жазушының тұтасқан сөзі (связная речь) екені 
мәлім. Ал тұтас текстің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда, әрбір жеке сөйлемді алып, соларға 
қарай талдамай, айтылған ойға (высказываниеге) қарай анализ жасау қажеттігін біз де құптаймыз»
[1; 297]. Ғалымның осы пікірлерімен сабақтас ойлар кейінгі зерттеулерінде де айтылып келеді.
Т.Қордабаев құрмалас сөйлем синтаксисінің зерттеу нысаны ретінде құрмалас сөйлемдермен қатар 
сөйлемдер тіркесінен құралатын күрделі синтаксистік тұтастықтыда алып қарастыру қажеттігін айтады. 
Т.Қордабаев күрделі синтаксистік тұтастықты өз еңбегінде «синтаксистік күрделі бірлік» деп береді. 
«Біздің синтаксистік күрделі бірлік деп отырғанымыз –...семантикалық тұтастыққа, бірлікте тұратын 
дербес сөйлемдердің жиынтығы», – деп анықтап, күрделі бірлікке тән төмендегідей белгілерді көрсетеді:
1. Құрылымы жағынан бірнеше дербес сөйлемдерден құралады.
2. Семантикалық бірлікте болады, компоненттер белгілі бір ой, мағына төңірегіне топтасады. 
3. 
Баяндалатын пікірлерге ұйытқы, орталық кіндік, темір қазық болып тұратын сөз немесе сөздер 
тіркесі болады [2;141-145]. 
Адам сөйлегенде жеке бір сөйлем айтып қана қоймайды, оның сөзі көбінесе сөйлемдер тізбегі, 
сөйлемдер тасқыны түрінде болып келеді. Ондай тізбектер құрамындағы сөйлемдер мағыналық жағынан 
өзара жақындықтарына, іліктестіктеріне қарай үйір-үйір, топ-топ болып тұратыны болады. Күрделі 
синтаксистік тұтастықты құраушы сөйлемдердің бір-бірімен байланысу тәсілдері, негізінен екі түрлі. 
Соған байланысты күрделі синтаксистік тұтастықтарды құрылымдық жағынан екі топқа бөліп алып 
қарастыруға болады. Бірінші түрінде күрделі синтакситік тұтастыққа бірігуші сөйлемдер бір-бірімен 
іліктестік қатынаста байланысып тұрады, яғни сөйлемдер бірінен-бірі туындап, соңғысы алдыңғысына 
бағынып отырады. Бұл жай бірінші сөйлемнің элементі екінші сөйлемде, екінші сөйлемдікі – үшінші-
сінде, үшінші сөйлемдікі – төртіншісінде т.с.с. қайталанып қолдаланылуы арқылы жүзеге асады [3; 252]. 
Тізбекті байланыс түрі ғылыми стильге тән, өйткені ғылыми мәтінде ой бір-біріне қатаң тәртіппен 
сабақтаса байланысып отырады. Сондықтан ондағы әрбір сөйлем өзінің алдындағы сөйлемнің заңды 
жалғасы болып табылады. Ғылыми стильге тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықты құраушы сөйлем-
дердің көбіне лексикалық қайталаулар мен сілтеу есімдіктері арқылы байланысуы тән.


50 
Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастық алғашқы сөйлемнің, яғни маңызды рөл атқарып тұратын 
басқы бөлігінің, түрлеріне қарай бірнеше топқа ажыратылады. Олар: 

алғашқы сөйлемі бастауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 

алғашқы сөйлемі баяндауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 

алғашқы сөйлемнің баяндауышы зат есімнен болған күрделі синтаксистік тұтастық; 

алғашқы сөйлемі толықтауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық; 

динамикалық сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастық [4; 740-741]. 
Біздің мақсатымыз – тізбекті күрделі синтаксистік тұтастықтың алғашқы сөйлемі бастауыш пен
баяндауыштан басталатын түріне тоқталу. 
Алғашқы сөйлемі бастауыштан басталатын күрделі синтаксистік тұтастық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет