Тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет95/565
Дата07.02.2022
өлшемі7,82 Mb.
#90763
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   565
Байланысты:
2

Бақтұғыл інісінің қасына 
жамбастай, жақындай отырып,өзінің ең алғаш жаңа ғана айтқан «арысым» дегені жайында қадала 
ойланып, қатты қобалжып қалды. Мұның інісі Тектіғұл анығында бойы биік, кеудесі талыстай дейтін, 
қол-сирағы ұзын да сом біткен атан жілік азамат еді (М.Әуезов).
Бұл екі сөйлемдегі ой жалғастығы 
бірінші сөйлемдегі 
Бақтұғыл
сөзін екінші сөйлемдегі 
мұның 
сілтеу есімдігіне ауыстыру арқылы, іргелес 
байланыс жүзеге асып тұр. Ол белгілі бір зат пен құбылысты оқырманға сілтейді.
 
Мысалы: Көп ойлануға 
уақыт қалған жоқ, жалғыз үміті: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады – әйтеуір 
дұшпанға жоқ. Осындай не өлу, не құтылу сияқты бір-ақ қана түйіннің үстіне келді де, құла атты 
қамшылап-қамшылап жіберіп Талғардың тасқынына қойып кетті.
Екінші сөйлемдегі 
осындай 
есімдігі 
әрі сөйлем арасын байланыстырып, әрі бірінші сөйлемдегі берілген 
не Талғар өткел беріп құтқарады, не 
өзі жұтып құтқарады 
деген сөздердің орнына жұмсалып мәтін түзген.
Сұрау есімдіктері сөйлеу мақсатын күшейтуші, тыңдаушының көңілін аударушы, сөйлеу мақсатын
айқындаушы қызметтерде сөйлесім құрылысында тұрақты орындарда тұрады. Сұраулық есімдік қатыс-
қан сөйлем мағыналық жағынан тиянақсыз болады, оның басты себебі сұраудан адам ойы міндетті түрде 
жауап іздеуінде. Сондықтан бұндай сөйлем сұраудың табылатын, я табылмайтын сөйлеммен тікелей 
қатысты болады [3; 66]. Бұл диалогке құрылған синтаксистік күрделі бірліктерден нақты көрінеді. 
Мысалы: 

Кім айтты деп солай дейсің? 

Айтушы бар деп солай деймін. 
– 
Алып кел айтушыңды, мойныма салсын!
Осындағы 
кім
сұрау есімдігі өзінен кейінгі сөйлемде 
жауап беруді күтіп, ол жауап 
«Айтушы бар деп солай деймін» 
деген сөйлем арқылы беріліп тұр. Осындай 
мысалды поэзиядан да қарастырсақ болады. Мысалы: 
 –
Ей! 
Кімсің? 
Тірісің бе? 


54 
Жаның бар ма? 
Аққуды неге атасың, арың бар ма?! 
 
Байғұс әйел үн түнсіз жылап тұрды, 
Қарттың үні мең-зең ғып құллаққа ұрды
Қолыңдағы мылтығын құлаштап кеп, 
Бөгелмей Жетімкөлге лақтырды
(
М.Мақатаев. Аққулар ұйықтағанда).
 
Бұл өлең жолдарында бірінші шумақтағы 
кімсің
сұрау есімдігі, өзінен кейін жауапты күтіп, екінші 
шумақта 
әйел
сөзімен айқындалып тұр. Осы тұста Кәкен Ахановтың: «Бәрімізге белгілі сұраулы сөйлем-
дер коммуникативтік қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет етеді» [5; 496] дегенпікірі 
ойға оралады. Осы тұрғыдан алғанда сұрау есімдіктерінің мәтін түзу қасиеті орынды.
Адам ойы белгісіздікке ұмтылатыны – даусыз құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда белгісіздік есімдігі 
қатысқан сөйлем тиянақсыз болып келеді. Мәселен
 
Жігіттер тегіс мол денелі, ұзын бойлы. Кейбіреулері 
қапсағай, сүйекті, сіңірлі. Тағы біреулері иір-иір тарамыс, шақпақ еттері қайыңның безіндей мықты 
жігіттер (М.Әуезов).
Бұл сөйлемдердегі 
біреулері

кейбіреулері
белгісіздік есімдіктері өзінен бұрынғы 
сөйлемдегі
жігіттер
сөзінің орнына қолданылып, әрі мәтін түзушілік қызмет атқарып тұр
Өздік есімдіктері – сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге құбылыстардан бөліп алып көрсететін 
сөздер. Есімдіктің бұл түрі қимыл иесін және затты нақтылап, айқындап, дәлелдеп тұрады. Өздік есімдігі 
сондай-ақ біріне-бірі ұласып айтылған сөйлемдер құрамындағы қимыл иесін қайталай бермеудің тәсілі 
ретінде жұмсалып, қимыл иесін көрсетіп дейксис қызметін атқарып тұрады [3, 71]. Мысалы: 
Бақтұғылға 
«былтырғы істеген ісі тағы да сағынған екенсің» деп, содыр жуандықтың жотасын көрсеттіӨзінің 
айыбы жоқ және ескі кегі ұмытылмаған Бақтығұл мына сөзге шыдамады (М.Әуезов). 
Бірінші сөйлем-
дегі 
Бақтұғыл
сөзінің орнына мәтіннің екінші сөйлеміндегі 
өзінің 
есімдігі іргелес тұру арқылы мәтін 
байланыстырушылық қызметте жұмсалған. Есімдіктің бұл түрінің мәтінтүзімдік қасиетін поэзиядан да 
байқауға болады. Мысалы: 

Неге ертерек суалдың, жаным Анам? 

Қалжыраған қозыңның хәлі жаман.

Өзің берген уызды іздеуде әлі, 
Жетім қозы күзекте маңыраған.

(М. Мақатаев. Неге ертерек суалдың).
Бұл шумақтың бірінші жолындағы ана сөзінің орнына , екінші жолда берілген өзінің есімдігі 
жұмсалып, мәтін түзіп тұрғандығын байқаймыз. 
Жалпылау есімдіктері белгілі бір заттар мен құбылыстарды толық қамтып жинақтай айту үшін жұм-
салатын жалпылау мағыналы сөздер. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жатқан біркелкі не әр 
қилы заттар мен құбылыстардың жиынтығын жалпылап көрсету үшін қолданылады [2, 74].
Бұлар соғысты да, қуғыңды да, басқа тиген сойыл, атылған мылтық оғын да көрді. Соның бәрінің
соңында таң аппақ атқан кезде болыс бұйрығын ойдағыдай орындады.
Екінші сөйлемде берілген
бәрі 
жалпылау есімдігі бірінші сөйлемдегі 
соғыс, қуғын, басқа тиген сойыл
деген сөздердің орнын басып, 
іргелес байланыста тұрғанын байқаймыз. Одан бөлек: 
 
Бәрі де үн 
Үнсіз аспан, үнсіз жер, 
Үнсіз орман, үнсіз таулар,
Мен де үнсізбін, дәрменім жоқ күрсінер. 
 
Үнсіз кеуде... 
Үнсіз жүрек дүрсүлдер (М.Мақатаев. Үнсіздік).
Осы өлең шумағындағы 
бәрі 
жалпылау есімдігі өзінен кейінгі өлең жолдарындағы 
аспан, жер, орман, 
таулар, көл
ұғымдарын жинақтап, эпифоралық бағытта жұмсалып тұр. 
Мәтіннің мағыналық тұтастығын құрауда сөйлемдер өзара паралель және тізбекті байланыс жасап 
күрделі бірлік құрып тұратыны белгілі [6; 740]. Осы тұста есімдіктердің түрлі мағыналық топтары бір 
мәтін ішінде келіп, сөйлем арасында тізбекті байланыс құрап тұрады. Мысалы: 



55 
Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, 
Бірақ та биікпін деп асқынбаңыз. 
Сен мықты, ана уосал, мен орташа 
Бәріміз бір асапанның астындамыз

(М.Мақатаев. Өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз). 
 
Бұл өлең жолындағы 
бәріміз
жалпылау есімдігі өзінің алдында келген 
сен, анау, мен 
бастауыштарын 
жинақтап, 
өсіңіз, жетіліңіз, тасқындаңыз, асқынбаңыз 
сөздерінің тізбекті қайталаулармен байланысып, 
анафоралық бағытта мәтін түзіп тұр. 
Қорыта айтқанда, ойды толық ашық айтып жеткізуде сөйлемнің жеткіліксіз екені анық. Осы тұста 
тек мәтін ғана кез-келген ойды тиянақты білдіре алады. Ал ондағы сөйлемдер мен сөздер мәтіндегі тілдік 
тұлғалар арқылы байланысады.Жоғарыда санамалап көрсеткенімдей есімдіктің әр мағыналық түрі мәтін 
түзуге қабілетті. Кез-келген мәтін ішіндегі байласымдық сол сөз таптары мен тілдік тұлғалардың грамма-
тикалық, синтаксистік тұрғыдан бірлескен кезінде ғана орнайды. Ендеше мәтін түзудегі есімдіктердің де 
орны айрықша дегім келеді. Жоғарыдағы мысалдардан байқайтынымыз есімдіктің және оның мағыналық 
топтарының мәтін байланыстыруда өзінің орынбасарлық қызметі негізінде жүзеге асырады. Олардың 
синтаксистік қызметі тек сөйлем шеңберімен шектелмей, мәтін көлемін де қамтитынын байқадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   565




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет