Тақырып № Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері Сабақ мақсаты


) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес



бет27/37
Дата28.04.2020
өлшемі156,33 Kb.
#65082
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37
Байланысты:
Документ Microsoft Word

3) Сөздік- логикалық немесе мағыналық ес – бұл сөз формасында айтылған айтылған ойды есте сақтап және ұстап, кейін қайта жаңғырту. Естің осы түрі көбінесе философтар мен математиктерде жиі кездеседі. Сөздік- логикалық естің оқу процесінде маңызы аса зор. Өткен тақырыптарды есте қалдыру, оны қайта жаңғырту есі онша дамымаған адамға қиынға соғады.

4) Бейнелендіру немесе елестету есі адамдардың түрлерін, табиғат суреттерін, жиһаздарды, музыкалық әуендерді, иіс, дәмдерді есте сақтауға, қайта жанғыртуға көмектеседі. Бейнелендіру есі барлық адамдарда бар, бірақ ол әсіресе суретшілерде (олар мысалы портрет немесе пейзаждарды еске сүйеніп- ақ сала алды), жазушы, актер, композитор, архитекторларда жақсы дамыған.
Тақырып № 11. Ойлау ақпараттарды қайта өңдеудің жоғарғы деңгейі ретінде

Сабақ мақсаты:

Жалпы психология курсынан алған білімдерді зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтарда психологиялық құбылыстарды жүйелік талдаудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:


  1. Ойлау туралы түсінік.

  2. Ойлау психологиясы туралы қазіргі түсініктер және тарихы.

  3. Ойлау түрлері.

  4. Көрнекі-әрекетті, көрнекі-бейнелік және сөздіклогикалық ойлау.

  5. Бейнелік ойлау және қиял.

  6. Теориялық және эмпирикалық ойлау ерекшеліктері.

Тапсырма:

Ойлау дегеніміз- сыртқы дуние заттары мен қубылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама турде сөз арқылы бейнелейді.

Ойлаудың физиологиялық негізін құрған-негіздері И.П.Павловтың 1 және 2 сигнал жуйесі жөніндегі іліміне байланысты тусіндірілді. Ойлау-ми қабығының күрделі формадағы анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі мунда 2-ші сигнал жуйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.


Түрле деңгейдегі ойлау түрлері

Нақты ойлау-Абстракцияга қарама-қарсы әдісті (процесті) нақтылау дейді.Заттың нақты белгісін көрсетсек бұл нақтылау болады.

Көрнекі образды ойлау-.Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженің терминологиясына сәйкес келеді

Көрнекі қымилды ойлау-жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі

Практикалық ойлау-ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйін (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) білдіретін ойлау түрі

Теориялық ойлау-ғылыми ұғымдар негізінде заттар мен құбылыстардың мәнін танып–білу

Абстрактылы ойлау-ойлау процесінде көбінесе заттардың өзіне көңіл аудармай, қандай да бір белгісін бөліп алып қарастыруды айтамыз
Ойлау формалары

Ұғым


Пікір

Ой қорытындылары:

Дедукциялық

Индукция


Анология

Ойлау операциялары:

Анализ

Синтез


Салыстыру

Абстракция

Жалпылау

Нақтылау


Жүйелеу

Ойлау


Анализ бен синтез-Анализ-ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Осылай бөлу арқылы анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және т.б. білуге мүмкіндік береді. Синтез- ой арқылы құбылыстар мен заттардың бөліктерін тұтас ету

Салыстыру-шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар арасындағы ұқсастық пен айырмашылығын ажыратушы операция




Абстракция--шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды




Жалпылау-біртекті заттардың,құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру




Нақтылау -жеке нәрселер мен заттар туралы ой.




Жүйелеу-жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыру


Ойлау формалары.

Ұғым-заттар мен құбылыстар туралы ой

Пікір-— ол бір зат туралы мақұлдау немесе оны бекергешыгару.

Бірінші –дедукциялық –Ойлау жуйесі жалпыдан жекеге қарай жүретін ой


кррытындысы,

Екінші – индукция-Ойлау жуйесі жекеден жалпыға қарай жүретін ой


қорытындысы.

Үшінші - анология – уқсастық бойынша ой қорытындысын жасау.

Ойлаудың түрлері: 

Нақты әрекеттік ойлау

Нақты бейнелік ойлау

Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау

Ойлау теориялары:Ж.Пиаже - баланың ойлауының эгоцентрлік сипаты туралы басты идеяны анықтау үшін эгоцентрлік ойлаудың түс көру логикасына, таза аутизмге, екіншіден, ақылды ойлау логикасына байланысты үшінші және негізгі мезет — генетикалық қарым-қатынасты суреттеуге тура келеді.

П.Я.Гальперин -  анықтауынша оқу субъекті әрекетінің негізінде білімді ұғыну. 

Л.С.Выготский - баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалылтастырады.

Ойлаудың даралық стилдері: біріктірушілік, талдағыштық, идеалистік, прагматикалық және релистік болып бөлінеді.


Тақырып № 12. Сөйлеу іс-әрекетің психологиялық мәселелері

Сабақ мақсаты:

Жалпы психология курсынан алған білімдерді зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтарда психологиялық құбылыстарды жүйелік талдаудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сөйлеудің психологиялық талдауы.

  2. Психологиядағы сөйлеуді зерттеу ерекшелігі.

  3. Сөйлеу процесінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу.

  4. Психолингвистиканың негізгі мәселелері мен әдістері, сөйлеу іс-әрекеті мен сөйлеу әрекеті түсінігі.

  5. Сөйлеу түрлері мен функциялары.

  6. Ауызша, жазбаша, ішкі сөйлеу.

  7. Монологты және диалогты сөйлеу.

  8. Сөйлеу функциялары: коммуникативті, экспрессивті, сигнификативті, интеллектуалды.

Тапсырма:

Сөйлеу әрекеті - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті

сыртқы сөйлеу






  1. Сыртқы сөйлеу ауызша және жазбаша болып

  2. Ауызша сөйлеу диалогты және монологты болып
    Монологты сөйлеудің өзі 3 — ке бөлінеді:

  1. Ауызша әңгіме

  2. Баяндама жасау

  3. Сөз сөйлеу

Дактилді (кинетикалық) сөйлеу- өзін ұстау əдебі, ым- ишаралары

Сөйлеудің қызметтері:тек сөйлеу ғана емес. Ол ойды нақтылап сөз, сөйлем арқылы жеткізуінің күрделі түрі. Ол яғни қарым-қатынасқа дәл сөз тауып, одан сөйлем құрау, сөйлеу, серіктес адамды тыңдау, оның ойын, ұстанымын айқындау тағы басқа.


Тақырып № 13. Елестер мен қиял екіншілей бейне ретінде

Сабақ мақсаты:



Жалпы психология курсынан алған білімдерді зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтарда психологиялық құбылыстарды жүйелік талдаудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет