Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет14/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

Өзіндік (бастапқы) құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының эквиваленттері не болмаса активті сатып алу (жасау) сәтінде оны алуға берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Амортизацияланушы (тозушы) құн – жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің өзіндік құны немесе өзіндік құнның орынына қаржылық қорытынды есепте көрсетілетін басқа сома.
Жойылу құны – негізі құралдың тиімді қызмет ету мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.
Әділетті (сатып-өткізу) құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында операцияны жүзеге асыру кезінде активті (негізгі құралды) айырбастауға болатын сома.
Құнды төмендетуден шеккен зиян – активтің (негізгі құралдың) баланстық құнының оның төленген құнынан артық сомасы.
Баланстық құн – жинақталған тозу мен құнды төмендетуден шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі актив (негізгі құрал) балансты еспке алынатын сома.
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы мүмкін:
а) нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады;
ә) несиеге алынады;
б)кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен) алынады;
в) басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде (тегін) алынады;
г) салу (құру), жасау арқылы алынады;
д) басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар «Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісін» толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел көрсетіледі. Қабылданған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық номер бекітіледі. Акт тиісті комиссиямен толтырылады.
Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектілері бойынша есебі типтік нысандағы Мүліктік (инвентарлық) карточкаларда жүргізіледі. Құжат төменде келтіріледі.
Инвентарлық объект деп - өзінің құрамына кіретін яғни өзіне тиісті жабдықтары мен саймандарымен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен жеке құрылыстарды, өздерінің құрылымы бойынша жекелеген немесе біріктірілген бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттарының дебеті бойынша кіріске алынады.
Ұйымдағы негізгі құралдардың барлық түрі шаруашылық процессіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге жарамай қалады да оларды жаңамен алмастыруға тура келеді.
Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын (қасиетін) жоғалтуы.
Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады. Жұмыс процессінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. ‡йлер мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи тозуы оларды барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы машиналар мен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып, өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады.
Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.) шаруашылық процессінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімге біртіндеп ауыстырып отырады. Бұл процесс «амортизация» - деп аталады.
Амортизация дегеніміз – активтердің амортизацияланған құнын оларды пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып отыратын тозудың ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.
Жоғарыда аталған бухгалтерлік есеп стандартында амортизацияны есептеудің төмендегі әдістері ұсынылған:
1. Негізгі құралдардың құнын бірқалыпты (түзу сызықты) есептен шығару әдісі, яғни объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі апарылады.
2. Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
3. Негізгі құралдардың құнын жеделдетіп есептен шығару әдістері.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:
а)Кумулятивтік әдіс.
ә) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кәсіпорындағы негізгі құрал-жабдықтар шаруашылық процессіне қатынасып отыру нәтижесінде тозады, ал кей жерлері жөндеуді қажет етеді. Оларды үнемі жұмысқа жарамды күйінде сақтап отыру үшін жөндеу жүргізіледі. Жөндеу жұмыстары көлеміне байланысты қарапайым және күрделі жөндеуге бөлінеді. Қарапайым жөндеу деп - әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады. Күрделі жөндеу деп – үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен деталдарының бәрін ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.
Ұйымда жөндеу жұмыстары мердігерлік әдіспен және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстар шаруашылықтың өз күшімен орындалады.
Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс және жөндеу мекемелері орындайды.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан мынадай жағдайларда есептен шығуы мүмкін:
- Тозығы жетіп, іске жарамай қалған негізгі құралдарды есептен шығару;
- Жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде басқа кәсіпорындарға беру;
-Ұзақ мерзімге жалға беру;
- Басқа заңды және жеке тұлғаларға сыйға тарту;
- Ересек малдардың тұқымдық не өнім беру қасиетін жоғалтқандарын басқа топқа ауыстыру, сатуға не союға жұмсау;
- Әр түрлі апаттардан (су тасқыны, өрт, жер сілкіну) шеккен зиян;
-Ұрлану немесе жоғалу нәтижесінде болған жетіспеушілік;
- Өндіріске қажеті жоқ құрал-жабдықтарды сату және тағы басқалар.
Солардың ішіндегі негізгілері: жойылғанда, сатып-өткізілгенде және басқадай активтерге айырбасталғанда есептен шығуы.
Қазіргі кездері бұл мақсаттарға «Нгеізгі құралдарды есептен шығару актісі» пайдаланылады.
Сатып-өткізілген, жойылған негізгі құралдардың тозу құны 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» тиісті шоттар тобының дебеті, 2410 «Негізгі құралдар» шоттар тобының кредиті бойынша есептен шығарылады.
Барлық ұйымдар бухгалтерлік есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жылына бір рет өзінің мүліктеріне түгендеу жүргізіп тұрулары қажет.
Негізгі құралдар бойынша түгендеу міндетті түрде мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- негізгі құралдарға жауапты адам қызметінен ауысқанда;
- негізгі құралдар ұрланған, жоғалған, бүлінген жағдайда;
- өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайларына байланысты;
- ұйымның бір бағынышты органнан екінші орган қарамағына ауыстырылғанда және таратылғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған басқадай жағдайларда.
ҚЕХС 17 «Жалдау» стандартына сәйкес жалдау деп – жалға берушінің жалға алушыға негізгі құралдарды ақыға уақытша иеленуге және пайдала-нуға беруін айтады. Экономикалық шарттары бойынша жалдау қаржылан-дырылған және ағымдағы жалдау болып екіге бөлінеді.
Қаржыландырылған жалдау дегеніміз – жалдаушыға мүлікті иелену құқығына байланысты тәуекелдік пен пайданың елеулі бөлігін тапсыру (беру) болып табылады.
Жалға алынған немесе жалға берілген негізгі құралдар өздерінің жалға алыну немесе берілу мерзімінің ұзақтығына қарай 3 түрге бөлінеді:
- қысқа мерзімді жалдаудағы негізгі құралдар;
- орта мерзімді жалдаудағы негізгі құүралдар;
- ұзақ мерзімді жалдаудағы негізгі құралдар;
Ұйымда негізгі құралдарды үш жылдан артық уақытқа жалға алу немесе жалға беру ұзақ мерзімді жалдау түріне жатқызылады. Жалдаудың бұл түрі халықаралық стандартта «Лизинг» - деп аталады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. Негізгі құралдардың амортизациясы: пайдалы қолдану мерзімдері және есептеу әдістері, есепте бейнеленуі.
2. Кейінгі шығындар: капитализациялау және кезең шығындары. Негізгі құралдарды кейінгі бағалау.
3. Негізгі құралдардың шығыс етілуі. Бастапқы құжаттар, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі. Негізгі құралдар туралы ақпараттарды ашып көрсету.

Әдебиеттер тізімі:


негізгі (1- 10);
қосымша (1-7).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет