6 тақырып. Материалдық емес активтердің есебі (38ХҚЕС).
Дәріс жоспары: 1. Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік. 2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттар, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны.
1. Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік.Материалды емес активтер қаржылық есептіліктің халықаралық «Материалды емес активтер есебі» атты стандартына сәйкес келесі бағалар түрлері бойынша есепке алынады:
Бастапқы құн – бұл материалды емес активтерді құру немесе алу кезінде ақшалай немесе оның эквивалентімен төленетін немесе ағымдағы бағадағы немесе басқа да компенсациялардың құны. Материалды емес активтердің бастапқы құнының өлшемі, бұл материалды емес активтің сырттан сатып алынатынына немесе ұйымның өзімен құрылатынына байланысты.
Материалды емес активтер ұйымды сатып алу, біріктіру нәтижесінде, мемлекеттік субсидия, айырбастау есебінен алынады.
Ақша және оның эквивалентімен сатып алу нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны , ұйымды сатып алуға кететін нақты шығындардың соммасы (төленген өтелмейтін салықтар мен алымдарды және материалды емес активтерді пайдалануына дайын түріне әкелуімен байланысты шығындарды қоса) ретінде мойындалады.
Ұйымды біріктіру нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны сату құны бойынша мойындалады.
Сату құны – бұл келісімді жүргізуге дайын және хабардар тәуелсіз жақтардың арасында айырбастауы мұмкін материалды емес активтердің құны. Егер біріктірілген ұйымның бөлігі ретінде алынатын материалды емес активтердің сату құны шыңайлы анықтау мүмкін болмаса, онда актив бөлек материалды емес актив болып мойындалмайды, алайда гудвиллдің ішіне кіреді.
Сатып алушы материалды емес бабын, егер ол материалды емес активті мойындаудың критерийлері мен анықтамасына жауап беретін болса және егер де ол сатып алынатын ұйымның қаржылық есептілігінде материалды емес актив ретінде мойындалмаса да, материалды емес актив ретінде мойындайды.
Мемлекеттен тегін, номиналды құны, немесе мемлекеттік субсидия есебінен алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны шыңайлы болып табылатын сату құны бойынша мойындалады (егер ол осы материалды емес активтің түрі активті нарық есебінен анықталса). Осы материалды емес активтің активті нарығы жоқ болған жағдайда, олардың бастапқы құны нолдік немесе номиналды құны немесе материалды емес активті пайдалануына дайын түріне әкелуімен байланысты нақты шығындардың соммасы ретінде мойындалады.
Ұқсас емес активке айырбастау нәтижесінде алынатын материалдв емес активтің бастапқы құны алынатын немесе төленетін ақша соммасына түзетілетін айырбас негізінде алынатын активтің сату құны бойынша мойындалады. Ұқсас активтке айырбастау нәтижесінде алынатын материалды емес активтердің бастапқы құны активті құру және дайындауға кететін нақты тікелей шығындар және үстеме шығындар соммасы бойынша мойындалады.
Материалды емес активтердің жойылу құны нолге тең болып есептеледі, егер: