Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері



бет16/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттар, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны.
2700 «Материалды емес активтер» бөлім шоттарының талдамалы есебі төменде келтірілген «Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасында» (№НОК-2 ныс) жүргізіледі.
Бухгалтерияда түгендеу карточкасы материалды емес активтердің әр бір объектісі үшін бір экземплярда ашылады. Оның ішіндегі жазулар «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісі», техникалық және басқа да құжаттама негізінде жасалады.
Түгендеу карточкасында материалды емес актив түрінің толық атауы, қысқаша сипаттамасы, есепке қабылдау мерзімі және құжат номірі, бастапқы құны, амортизация нормасы мен соммасы, пайдалы қызмет ету мерзімі келтіріледі. Болашақта материалды емес активтердің бөлек объектілерін есептен шығарылуына қарай «Материалды емес активтерді қабылдау-өткізу актісінің» негізінде олардың шығысталуы және шығысталу себебі, құжат нөмірі мен мерзімі туралы белгі жасалады.
Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасын материалды емес активтердің атауы, қысқаша сипаттамасы, ай басындағы қалдығы, бір айдағы бастапқы құны бойынша олардың қозғалысы және ай соңындағы қалдығы көрсетілетін «Материалды емес активтер есебінің Ведомосінде» жинақтайды. Ведомосттің нысаны төменде келтірілген.
Есептің компьютерлендіруі кезінде материалды емес активтердің түгендеу карточкасы мен ведомосі машинограмма түрінде автоматты құрылады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәліметтерінің нақтылығын (шыңайлығын) қамтамасыз ету мақсатында және «Қаржылық есептілікті дайындау және тану» 1 ҚЕХС сәйкес материалды емес активтер, ұйымның басқда да активтер сияқты түгендеуге жатады. Материалды емес активтердің мақсаты болып табылады:
- материалды емес активтердің нақты бар болуын, олардың дұрыс құрылуы мен бағалауын, пайдалы қызмет ету мерзімін анықтаудың нақтылығын тексеру;
- материалды емес ативтер объектісінің барын және оларды пайдалану құқығын растайтын бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексеру;
- ұйым баланстында материалды емес активтерді көрсету нақтылығын және шыңайлығын тексеру;
- материалды емес объектілердің есептелген амортизация соммасы мен нормасын анықтаудың дұрыстығын тексеру.
Материалды емес активтерді түгендеу кезінде материалды емес активтердің әр бір объектісің нақты болуы «Материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы», «Материалды емес активтер есебінің Ведомосі» және бастапқы құжат негізінде анықталады.
Материалды емес активтердің келіп түсуі мен нақты бар болуын және оларды пайдалану құқығын растайтын бастапқы құжаттың рәсімделуін және объектілердің қалыптасу дұрыстығына көңіл бөлу қажет. Бастапқы құжатта материалды емес активтердің келіп түскен немесе шығысталған әр бір объектісінің атауы, олардың қысқаша сипаттамасы, алатын және өткізетін және қабылдайтын жақтар, бастапқы құны, пайдалы қызмет ету мерзімі, тозу нормасы мен соммасы,материалды емес активті қабылдаған комиссия мүшелерінің қолы көрсетілуі керек.
Түгендеу комиссиясы пайдалы қызмет ету мерзімінің және пайдаланылған амортизация нормасының, жалпы баланстық құнының және кезең басындағы және кезең соңындағы жинақьалған амортизация соммасының дұрыстығын тексеруге міндетті.
Тексерілген материалды емес активтер есебінің түгендеу карточкасы, Ведомосі және олардың қозғалысы бойынша бастапқы құжат негізінде ұйым балансында материалды емес активтердің нақты және шыңайы көрсетілуін тексеру қажет. Материалды емес активтер және олардың амортизациялары туралы бухгалтерлік есеп пен есептілік мәліметтерінің нақтылығы мен шыңайлығы сауда ұйымының салық салынатын табыс пен соңғы қаржылық нәтижесіне әсер етеді.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1. Материалдық емес активтерді тану: бірегейлендіру, бақылау, болашақ экономикалық тиімділік.
2. Материалдық емес активтердің келіп түсуі: бастапқы құжаттар, есептік тіркемелері және синтетикалық есебі Ұйым ішінде құрастырылған материалдық емес активтің өзіндік құны.
3. Кейінгі шығындар. Материалдық емес активтерді кейінгі бағалау: бастапқы құн бойынша есепке алудың моделі, қайта бағалау құны бойынша есепке алу моделі.
4. Пайдалы қызмет ету мерзімі. Пайдалы қызмет ету мерзімі шектелмеген материалдық емес активтер.
5. Материалдық емес активтердің амортизациясы.
6. Материалдық емес активтерді қолдануды тоқтату және есептен шығару.

Әдебиеттер тізімі:


негізгі (1- 10);
қосымша (1-7).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет