Тапсырма
1.Төмендегілердің қандай теорияларды және мәселелерді зерттейтінін көрсетіңіз:
А) тек макроэкономиканы
Ә) тек микроэкономиканы
Б) макроэкономиканы да микроэкономиканы да
1.Экономикалық саясат теориясы. 2.Мемлекеттік қарыз теориясы. 3.Монополиялық бәсекелестік теориясы. 4.Тұтынушы іс-әрекеті. 5.Әлемдік экономика теориясы. 6.Ақша теориясы. 7.Еңбекке сұраныс пен еңбек ұсынысының теориясы. 8.Өндіруші іс-әрекеті. 9. Экономиканың қысқа мерзімдік тербелісі. 10.Инвестиция теориясы.11.Салалық нарықтағы тепе-теңдік теориясы. 12.Валюта бағамы мәселесі. 13.Экономика дамуының ұзақмерзімдік тенденциясы. 14.Жұмыссыздық теориясы. 15.Жалпы экономикалық тепе-теңдіктің мәселесі.16.Экономиканың өсу теориясы. 17.Ұзақмерзімдік және қысқамерзімдік кезеңдегі экономикалық агенттердің әрекеттері. 18. Олигополия теориясы. 19.Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мәселесі. 20. Экономикалық цикл теориясы. 21. Инфляция теориясы. 22.Бағалық дискриминация теориясы
2.Тест тапсырмалары
1.Экономикалық теорияның атқаратын қызметтерін ата
1. Танымдық , талдаушылық
2. Тәжірбиелік бақылаушылық
3. Бөлушілік реттеушілік
4. Қоғамды реттеу
5. Танымдық , әдістемелік , тәжірбиелік
2.Қоғам байлығы тек ауыл шаруашылығы арқылы емес барлық өндіріс саласында қалыптасады деген қай мектеп өкілдері
1. Меркантилистер
2. Физиократтар
3.Классикалық саяси экономия
4. Марксизм
5. Маржиналистер
3.Микроэкономика нені зерттейді
1. Өндіріс шығарындарын
2. Әлемдік экономиканы
3. Бәсекені дамыту
4.Жеке шаруашылық субъектілерінің қызметін
5. Кәсіпкерлік қызметті
4.Макроэкономика нені зерттейді
1. Кәсіпорын пайдасын
2. Ауыл шаруашылығын
3. Халықаралық сауданы
4. Валюта қатынастарын
5.Жұмыссыздық, инфляцияны
5.Жекеден жалпыға қорытынды шығаруға негізделген экономикалық теория пәнінің зерттеу әдісі
1. Индукция
2. Абстракция
3. Тарихи
4. Математикалық модельдеу
5. Статистикалық
6.Экономикалық теория пәнін қалай түсінесіз?
1.Экономикалық теория игіліктерді өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну барысында адамдар арасында пайда болатын қатынастар туралы ілім
2.Экономикалық теория игіліктер мен қызмет көрсету ісін өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну принциптерін басқару туралы заңдарды ашатын, зерттейтін ғылым.
3.Экономикалық теория адамдардың өмір сүру игіліктері туралы ғылым
4.Экономикалық теория адамдардың өмірін болжайтын бағдарлайтын ілім .
5.Экономикалық жүйелер жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |