5. Нарықтық жүйеге жылжуға едәуір қарқындары бар елдер. (Олардың ішінде орын алған: а) нарықтық экономика негіздері; б) Батыс Европамен тығыз экономикалық және тарихи байланыстар болған; в) халық шаруашылығының салыстырмалы тепе-теңдігі; г) халықтың барлық қабаттарының нарықтық экономика жүйесіне көшуге келісуі). Венгрия, Чехия, Словенияжәне т.б.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жылдары:
1.1991-1993жж
2.1994-1998жж.
3.1998-2001жж.
Нарықтық экономикаға өтуде көптеген қиыншылықтармен соқтығысатын елдер (ТМД, Польша, Болгария, Румыния, Албания, Монғолия және т.б. елдер).Бұл елдер үшін мыналар тән:
- нарықтық экономикада тұрақты дәстүрлердің жоқтығы,
- экономика құрылымындағы терең үйлесімсіздіктің орын алуы;
- жаңғырту сипатының мәселесі бойынша қоғамдағы келіспеушілік;
- дамыған елдерден салыстырмалы оқшаулануы.Бұл елдер «шок терапиясы» жолын таңдаған.
Шығыс Азия елдері:
(Қытай, Вьетнам), Беларусь –нарықтық экономика дамуының эволюциялық жолын таңдаған.
Барлық үш топ елдерінің қайта құру тәжірибесі көрсеткендей, салыстырмалы түрде жеңіл өтетіні:
- шаруашылық қызметке деген мемлекеттік бақылауды ырықтандыру (болдырмау);
- ұсақ және орта кәсіпорындарды жекешелендіру.
Ауыртпалы түрде өтетіні:
- бағаны ырықтандыру,
- экономиканы монополиясыздандыру,
- қаржылық жаңғырту.
Өте күрделі түрде өтеді:
- банкроттық процедурасы,
- құрылымдық үйлесімсіздікті жеңу,
- ірі шаруашылық объектілерін және тұрақты кәсіпорындарды жекешелендіру.
Нарықтық жүйенің сипатталуы:
- жеке меншік басымдылығы,
- еңбектің қоғамдық бөлінуі,
- ақша көмегімен жүзеге асырылатын айырбас қатынастарының кең дамуы.
Нарықтық жүйенің негізделуі
- экономикалық мақсаттылық,
- ең төменгі шығындармен ең жоғарғы нәтижеге жетуге ынталану.
Нарықтық экономика–бұл өндіруші мен тұтынушы нарық арқылы қатынас жасайтын шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.
Достарыңызбен бөлісу: |