Ресурстар төрт түрден тұрады: «Табиғи» — өндірісте қолдану үшін әлеуетті, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтірілетін» немесе «қалпына келтірілмейтін» болып ажыратылады.
Материалдық» — бұл, өздері өндіріс нәтижелері болып саналатын, адам жасаған иструменттер, машиналар, қайталама шикізаттар.
«Еңбек» — «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени білім беру» параметрлері бойынша бағаланатын еңбекке қабілетті халық.
«Қаржылық» — қоғам өндірісті ұйымдастыруға бөлу жағдайындағы ақша қаражаттары.
Кез келген қоғамға тән табиғи, материалдық, еңбек ресурстары «базалық» деп аталады. Қаржылық ресурстар өндірістің экономикалық сатысында базалық ресурстарға қосылады, сондықтан да кәсіпкерлік қызмет және ақпаратпен бірге туынды факторлар деген атау алған.
Өндіріс факторлары — бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін шынайы түрде тартуды білдіретін түсінік. Ресурстар бір-бірімен өзара байланысты әрекет еткенде, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады, сондықтан да өндіріс — алуан түрлі факторлардың өзара байланысты әрекеттерінің бірлігі. Өндіріс факторларына жатады: «жер» өндіріс факторы қызметінде меншік объектісі ретінде қатысады. Капитал — өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық ресурстар. Еңбек — тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді бөлігі.
Кәсіпкерлік — «еңбек» факторының бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және экономикалық проблемаларды шешу.
Нарықтық экономикада өндірістің әрбір факторы оның меншік иелері арқылы таныстырылған, сондықтанда, өндіріс «қоғамдық процесс» саясатына ие болады және өндіріс факторларының әртүрлі меншік иелері арасындағы қарым-қатынас нәтижесіне айналады. Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда, жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық өнім мен табыс алудағы әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып, оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік жасайды.