Тақырып. Экономика және оның қоғамдағы ролі Тест тапсырмасы


Нарықтың бірнеше анықтамасы бар



бет7/10
Дата11.11.2023
өлшемі54,69 Kb.
#191017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
лекция - 1

Нарықтың бірнеше анықтамасы бар:
Нарық – бұл нарықтық экономиканы жүзеге асыру механизмі, бұл «нені, қалай және кім үшін өндіру керек» мәселесінің шешілуі баға, сұраныс және ұсыныс көмегімен шешілетін өндіруші мен тұтынушының арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі.
Нарық – бұл тауарларды сату және сатып алу мәмілелерінің жиынтығы.Мәміле–бұлтауарды ақшаға(сатушы жағынан)жәнеақшаны тауарға(сатып алушы жағынан)төмендегі формула бойынша айырбастау:
сатушы– тауар –ақша–сатып алушы.
Бұл жерде мәміле қатысушылары тауар-ақша айналымның бағалық (құндылық) жағынан тепе-тең болуын бақылайды. Сатушы және сатып алушы мәмілені ауызша немесе жазбаша (келісім түрінде) жүзеге асырады. Нәтижесінде мүліктік құқықты сату жүзеге асады:
Тауар иесі өзінің пайдалы затының орнына ақша алады, алақша иесі (сатып алушы) –өзіне қажетті игілігін иеленеді.
Сатуға арналған өнім өндірілетін жердің барлығында нарық пайда болады.

Нарықтың негізгі белгілері


Жеке меншік- жеке мүддесі (пайда)нарықтық бағалар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылар тауарларды ең төмен бағамен сатып алады.
Кәсіпкерлер –пайданы мүмкіндігінше жоғарылатуға тырысады;қор иелері өз қорлары үшін ең жоғары бағаны алуға тырысады; қорытындысында алынған нәтиже жалпы қоғамға максимум пайдасын әкеледі.
Таңдау еркіндігі–ресурстарды иемдену, тауарларды нарықта сату, өзіне ұнаған жерде жұмыс жасау еркіндігінде білінеді;
Бәсекелестік;
Тауар құнының мөлшеріндегі алшақтық тауар өндірушінің іс-әрекетіне әсер етеді. Егер баға жоғары болса табыс көп, ал баға төмен болса табыс аз
болады. Мысалы, жеміс – жидекке баға өссе, оның өнімі тиімді, ол өнімді көп алуға итермелейді. Ал сұраным артпаса, баға төмендейді. Демек, сұраным да, ұсыныс та бағаны реттейді. Тауар өндіруші
тиімді көп шығару жолын іздейді. Сонымен нарық - өндірісті реттеуші, ол баға арқылы, не шығару, оны қанша көлемде шығару қажеттігі
туралы хабар беріп тұрады. Нарықтың ықпалды әсері мұнымен ғана шектелмейді. Оның

толық әсерін білу үшін тауардың өзіндік құнынң қншаға түсетінін анықтап білу керек. Құн – тауардың заттандырылған бағасы. Кез – келген тауарда бір ғана емес, көптеген өндірушілердің еңбегі бар. Бұған да түсінік берейікМысалы, киім фабрикасы бір топ көйлек шығарады делік. Осы көйлектерде тігіншілердің ғана еңбегі емес, сонымен қатар сол көйлек тігілген матаны, ілгекті, басқа да материалдарды (айталық, электр энергиясы, т.б.) шығарушылардың да еңбегі бар. Екінші сөзбен айтқанда, жаңа баға ғана емес, тігіншілердің еңбегімен келген, сонымен қатар бұрын шығарылған заттардың да (шиаізат, электр шығыны, машинаны пайдалану) шығыны, оның тозу шығынының бағасы – құны бар. Фабрика жаңадан көйлек шығару үшін алғашқы шығарылған көйлектерді сату керек, алынған пайдаға жаңа мата, басқа да материалдар алып, машиналарды жөндеп, қажет болса жаңасын алып, сонымен қатар жұмысшыларға жалақы төлеуі керек.
Нарықта сұраным ұсыныстан жоғары болса, баға өз құнынан төмен болады. Егер де сол шығарылған көйлекетерді 150 мың теңгеге сатса, онда пайда болмайды. Алынған қаржы кеткен шығынды ғана ақтайды.
Басқа жолмен пайда табуға бола ма? Болады. Мысалы, көйлектерді тігуге кететін материалдарды үнемдеу керек. Егер де оның құны 20 мыңға кемісе, онда пайда да 20 мыңға өседі. Екінші жолы – еңбектің өнімділігін арттыру.
Ол үшін - жаңа машиналарды пайдалану қажет соның нәтижесінде тігілетін койлектің санын екі есеге көбейтсе және орташа бағамен сатса онда 400 мың теңге алуға болады. Сонда оның 200 мыңы өндірістің шығынын өтеуге, 50 мыңы жалақы төлеуге кетеді, ал 150 мыңы таза пайда болып қалады. Істі тиімсіз жүргізу, еңбек өнімділігінің төмендігі өндірісті ұйымдасытрудың қажетсіздігіне апарып соғады (пайда төмен)
немесе түбінде тоқтатады (банкротқа ұшыратады). Жоспарлы экономикада да өндіріс осылай ұйымдастырылған жоқпа еді деген сұрақ тууы мүмкін. Ол дұрыс. Айырмашылық мынада – ол кезде өндірістің дербестігі болмады, екі жүз мың теңгенің көйлегі өтсе де, өтпесе де, фабрика оны жоспар бойынша қайталап шығара беретін. Шығынға ұшыраса, оны
мемлекет төледі. Сондықтан фабрика ештеңеден қам жемейді, еңбек өнімділігін арттыруға, шикізатты кемітуге ынталанбайды. Ал нарыққа өткен елдерде оның шығынын ешкім өтемейді, пайда таппайтын, шығынын өтей алмайтын зауыт та, фабрика да тарайды.
Сондықтан нарық тек қана тиімді жұмыс істеуге мәжбүр етеді.
Нарықтық экономикада еңбек және капитал нарығы да болады. Еңбек нарығының
да(тауар нарығы сияқты) үш белгісі бар: сұраныс, ұсыныс, баға. Мұнда да сатылады
және сатып алынады. Арнаулы тауар – жұмысшы күші сатылады. Мұнда да сұраным мен ұсыным қатынасы әсер етеді. Егер де белгілі кәсіптің мамандары көп болса (айталық бір салада, зауыттарда), оның қажеттігі аз болады да, оларға жалақы аз
төленеді, қайсібіреулері жұмыссыз қалады. Керісінше, кәсіп саласына немесе шаруашылыққа мамандар көп қажет болса, ал еңбек нарығында сондай мамандар аз болса, шаруашылық оларды көп жалақы беріп ұстауға мәжбүр болады. Алайда нарықтық экономика мұндай мұқтаждықпен келіспейді. Еңбек нарығына тез арада ондай мамандары дайындайды, оларға жалақы төлейді. Ал жоспарлы экономика кезінде кәсіпке қажетті оның иелерін іздеді, дайындады. Бірақ арнаулы кәсіп иелері (аздығына қарамастан) қажет болса да аз, жоғарыдан белгіленген жалақыны ғана алатын болады. Сондықтан оның еңбекке ынтасы жойылады. 
Белгілі бір елдің экономикалық жағдайына байланысты сол елдің ақшасы – валютасы басқа бір елдің валютасына белгілі бір қатынаста айырбасталады. Ақпарат нарығында ғылыми – техникалық революция білімнің құндылығын арттырады. Тауардың бағасында интеллектінің үлесі үнемі артып отырады. Сондықтан іс-әрекеттің тәсілі туралы, жаңа технология туралы ілімді, ақпаратты сату және сатып алу тиімді. Соның негізінде ақпарат нарығы дамиды.
Нарыққа тән қасиет белгілі таукар өндірушілер арасындағы тауарды шығару және өткізудің тиімділігі үшін бәсеке (конкуренция). Бұл бәсекеде еңбек өнімділігін арттырғандар, өндірісті кеңейткендер, тауардың сапасын жақсартқандар ғана жеңіп шыға алады. Тұтынушы жеңу үшін өнімнің сапасын жақсартады, сонымен қатар бағасын арзандатуды да көздейді. 





















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет