Жатсыну– бұл адамзат ретінде біз ие болатын мүмкіндіктерімізді басқалар иеленетін сезім.
Жұмыссыздық – егер де адам осындай іс-әрекетке дайындалған болса, жалдамалы немесе өзіндік дербес істер бойынша жұмыстың болмауы жағдайы.
Интервьюер– ауызша вербалдық коммуникация жолымен ақпараттарды жинауды жүргізетін тұлға.
Кедейшілік – салауаты өмір сүруді қолдап тұру үшін жеткілікті материалдық және мәдени ресурстардың болмауы
Көлбеу ұтқырлық –жеке тұлғаның немесе топтың басқа, бірақ статусы бойынша тең әлеуметтік ұстанымының бір стратификацияланған қабаты аясындағы қолданысы.
Конвергенция теориясы – екі әлеуметтік жүйелердің – капитализм мен социализмнің өздеріне жағымды белгілері мен әрқайсының жағымды қасиеттерін сәйкестендіретін, қоғамдағы одан кейінгі синтезімен жақындасушылық тұжырымы.
Конфессия– дінге сенушілік, дін, қандай да бір дінге тиесілі болушылық. Әдетте діни ілімі, табынушылығы, ұйымдасушылығы бар бірлестіктерге қолданылады.
«Көкшіл жағалылар» – АҚШ-та дене еңбегімен айналысатын жұмысшыларды білдіру үшін қолданылатын термин.
Корреляция – (өзара байланыстылық) –өзара тәуелділік, өзара сәйкестілік, түсініктердің, заттардың, құбылыстардың ара қатынасы; бір белгінің бір маңызына басқа белгінің бірнеше маңызы сай келетін, өзінің орта маңызынан қайсыбір жаққа ауытқитын ауыспалы нәрселердің байланысы.
Коммуникация – бұл бір тұлғалардан немесе топтан ақпараттың басқасына берілуі. Коммуникация әлеуметтік өзара әрекеттестіктің барлық түрлері үшін қажетті негіз болып табылады.
Конвергенция – әлеуметтануда бұл қарама-қарсы қоғамдық жүйелердің біртіндеп жақындасуы үдерісі.
Конгениальдылық – рухты, қабілеттіліктері, ойлау бейнесі бойынша ұқсастық.
Құндылықты_бағдарлар'>Құндылықты бағдарлар– жеке тұлғаның өмір мақсаттары мен оларға қол жеткізудің негізгі құралдары санасында көрініс беретін, бөлшектенген әлеуметтік құндылықтар: жеке тұлға мен оның мінез-құлық мотивациясын басым ететін, реттейтін маңызды фактор.
Құндылық – қоршаған ортаның нысандарының және қоршаған нақтылық құбылыстарының адам мен нақтылы қоғам үшін жағымды және жағымсыз болып келетін маңыздылығы.
Құндылықтар – бұл тұлғалардың немесе адамдар тобының қалаулы, жағымды, жақсы немесе жаман туралы түсініктері. Құндылықтардағы айырмашылық мәдениеттерді түсінудің кілті болып табылады.