Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен



бет56/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен

айналысуға тарту (134 б.)
ҚР ҚК 134 б. көзделген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі кәмелетке толмаған адамның әлі пісіп-жетілмеген психикасына азғындатушылық ықпал етуден, олардың рухани-өнегелік тұрғыдан алғандағы қалыпты дамуының бұзылуынан, олардың бойында бұзылған құндылықтық бағдарлардың қалыптасуынан көрініс табады. Кәмелетке толмағандар қоғамның барынша қорғансыз және осал бөлігі болып табылғандықтан, олардың өнегелік және тәндік саламаттылығы қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде барынша көп дәрежеде зиян шегуге бейім болады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бала, отбасы мемлекеттің қорғауында болатындығы атап көрсетілген (27 б.). Аталған конституциялық ереже отбасын және кәмелетке толмағандарды қорғау өрісіндегі халықаралық құқықтық стандарттарды (1948 ж. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы., 1959 ж. Бала құқықтары туралы декларация., 1966 ж. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт., 1966 ж. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт., 1986 ж. Балаларды қорғау және әл-ауқатына қатысты әлеуметтік және құқықтық қағидалар туралы декларация) нақтылап, одан әрі дамытады.
Кәмелетке толмаған адамның өнегелік және тәндік тұрғыдан алғандағы қалыпты дамуы қылмыстың объектісі болып табылады, кәмелетке толмаған адамның денсаулығы қылмыстың қосымша объектісі ретінде орын алады.
Қылмыстың объективтік жағы іс-әрекеттің сипаты бойынша ҚР ҚК 132 бабында көзделген қылмысқа ұқсас келеді, басты айырмашылық бұл жерде кәмелетке толмаған адам тартылатын іс-әрекеттің түріне қатысты болып табылады. Әңгіме бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылық туралы емес, жезөкшелікпен айналысу түріндегі қоғамға жат жүріс-тұрыстың нысаны туралы болып отыр. Жезөкшелік дегеніміз әйелдің өз тәнін саудаға салуы болып табылады.
Айналысуға «тарту» ұғымына біз ҚР ҚК-нің 132 б. көзделген қылмыс құрамын талдау барысында тоқталған болатынбыз. Жезөкшелікпен айналысуға тарту дегенді жасөспірімнің бойында сыйақы үшін жыныстық қатынасқа түсуге құмарлығын қоздыру деп түсіну қажет. Осының барысында кінәлі адамның жәбірленушінің материалдық тұрғыдан немесе өзге де тәуелділігін пайдалатын жағдайлар сирек кездеспейді. ҚР ҚК 134 б. бойынша жауаптылыққа тарту үшін кәмелетке толмаған адамның осыған дейінгі, соның ішінде беймораль жүріс-тұрысы да маңызға ие болмайды.
Қылмыс құрамы өзінің конструкциясы бойынша формальдық құрамға жатады. Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартқан сәттен бастап қылмыс аяқталған болып саналады. Осының барысында кінәлі адамның келісімге қол жеткізгені немесе жеткізбегені қылмысты аяқталған деп тану үшін маңызға ие болмайды.
Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың субъективтік жағы тікелей қасақаналықтан көрініс табады. Кінәлі адам өзінің әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін түсінеді, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін алдын ала болжап біледі және осы зардаптардың орын алуын тілейді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылғы 11 сәуір N 6 нормативтік қаулысының 23 п. атап көрсетілгендей, кәмелетке толмағандарды қылмыстық құқық бұзушылықтарға немесе қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту туралы істерді тергеген және қараған кезде бұл қылмыстардың тек қасақана жасалатынын ескеру қажет. Мұндайда қылымыстық жауаптылық, егер айыпты адам осындай қылмыстық құқық бұзушылыққа тартылған адамның кәмелетке толмағанын анық білген жағдайда ғана туындайтынын басшылыққа алу керек.
18 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс, жеке адам ҚР ҚК-нің 134 бабында көзделген қылмыстың субъектісі болып табылады.
ҚР ҚК 134-бабының 2-бөлігінде күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелді жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкін жою немесе бүлдіру арқылы не алдау жолымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартқаны жауаптылық бекітілген. «Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру» белгілеріне қатысты біз ҚР ҚК-нің 132-бабының құрамын талдаған кезде кеңірек тоқталған болатынбыз.
Тәуелді жағдайын пайдалану дегенді жәбірленушінің кінәлі адамға материалдық тұрғыдан тәуелді болуын немесе оның асырауында болып не онымен бір мекен-жайда тұруы, кәмелетке толмаған адамның ақшалай қарыздар болып қалуы себепті және т.б. жағдайларға байланысты тәуелді жағдайда болуы деп түсіну қажет.
Бопсалау дегеніміз – өзінің мақсаттарына қол жеткізу үшін ұждансыз, қылмыстық құралдар арқылы (кәмелетке толмаған адам туралы жағымсыз мәліметтер таратамын, оны әшкерелеймін деп қорқыту) басқа адамға ықпал ету болып табылады.
Мүлкін жою немесе бүлдіру бұл – кәмелетке толмаған адамның мүлкін мысалы, қымбат бағалы киімін толықтай жарамсыз ету немесе бүлдіру болып табылады. Алдау, кәмелетке толмаған адамды оның жыныстық қатынастар жасауына қатысты жаңылыстыруы, яғни кінәлі адам қызмет үшін ақы төлеу фактісін жасырып қалады.
ҚР ҚК 134-бабының 3-бөлігінде қылмыстың ауырлататын белгісі ретінде төмендегілер бекітілген: 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 2) бірнеше рет.
ҚР ҚК 31 б. 3 бөлігіне сәйкес алдын ала сөз байласқан адамдар тобының кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартуы болып табылады, егер оны жүзеге асыруға екі немесе одан да көп адам күш біріктірген болса, алдын ала рөлдер бөлісуге сәйкесті түрде, олардың әрқайсысының әрекеттері өзге қатысушылар әрекеттерінің қажетті шарты болып табылып және барлық қатысушылардың әрекеттерінің нәтижесімен себепті байланыста болса. Осындай ретте қылмысқа екі немесе одан да орындаушының қатысуы міндетті болып табылмайды, қылмыстың өзге қатысушыларының болуының барысында бір орындаушының болуының өзі жеткілікті болады.
Қылмыстың бірнеше рет жасалуы белгісіне қатысты біз осыған дейін ҚР ҚК-нің 133-бабын талдау барысында айтқан болатынбыз.
ҚР ҚК-нің 134-бабының 4-бөлігінде қылмыстың ерекше ауырлатылған құрамы ретінде берілген іс-әрекетті 1) қылмыстық топтың; 2) ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адамның жасауы бекітілген.
Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартуға алдын ала біріккен ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, заңсыз әскерилендірілген құралымның қатысуы болып табылады.
Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адамның жасауына қатысты айтар болсақ, аталған қылмыс субъектілерінің ерекшеліктеріне біз ҚР ҚК-нің 132-бабы 2 бөлігін талдау барысында тоқталған болатынбыз.
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет