Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттерді жасауға тарту (133 б.)



бет55/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттерді жасауға тарту (133 б.)

Кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануға не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту қоғамға жат әрекеттерге тарту деп бағаланады.
Есеңгірететін не уытты заттарды, спирттік ішімдіктерді жас кезден бастап тұтыну әлі толық қалыптасып болмаған организм үшін ерекше қауіпті болып саналады. Өте жас кезден оларды пайдалану организмнің тез үйреніп, оның ақыры созылмалы нашақорлыққа немесе маскүнемдікке әкеліп соғатындығын өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Қаңғыбастық және қайыршылықпен айналысу да кәмелетке толмағанның қалыпты дамуына, жеке тұлға, саналы азамат ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Кәмелетке толмаған адамдарды спирттік ішімдіктерді немесе басқа да есеңгірететін заттарды ұдайы тұтынуға тарту болуы үшін осындай ішімдіктерді ішуге ұзаққа созылмаған мысалы, бір айдың ішінде үш реттен кем емес тарту орын алуы тиіс. Кәмелетке толмағандармен бірге бір мәрте спирттік ішімдіктерді ішу оны мас күйге дейін жеткізу қылмыс құрамын құрамайды осындай әрекет әкімшілік құқықтық жолмен жауаптылыққа тартылады.
Кәмелетке толмаған адамды бір мекен-жайдан екінші бір мекен-жайға орын ауыстыруға, тұрақты тұрғылықты орнының болмауына, кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықтармен, қайыр сұраумен басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіру қаңғыбастыққа тарту деп танылады. Бөтен адамдардан ақша, азық-түлік, киім-кешек немесе өзгедей құндылықтарды сұрап алып табыс табуға әртүрлі тәсілдермен кәмелетке толмағандарды көндіру оны қайыршылықпен айналысуға тарту деп танылады.
Кәмелетке толмаған адамның өнегелік тұрғыдан бұзылуына алып келуін, қоғамға жат, құқыққа қайшы өмір салтын ұстануға әдеттенуін қарастырылып отырған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі ретінде бағалауымыз қажет. Одан бөлек наркотикалық немесе есеңгірететін заттарды жас кезінен бастап қолдану кейбір реттерде өлімге алып келетін денсаулықтың қатты бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.
Кәмелетке толмаған адамның өнегелік және физикалық тұрғыдан алғандағы қалыпты түрде дамуы кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартудың объектісі болып табылады, кәмелетке толмаған адамның денсаулығы қылмыстың қосымша объектісі ретінде орын алады.
Қылмыстың объективтік жағы өзінің сипаты бойынша ҚР ҚК 132 бабында қарастырылған қылмыстың объективтік жағына ұқсас келеді, бұл жердегі басты айырмашылық кәмелетке толмаған адам тартылатын әрекеттердің сипатына ғана байланысты болады. Бұл жерде әңгіме қылмыстық құқық бұзушылық туралы емес, қоғамға жат әрекеттердің әртүрлі нысаны туралы болып отыр, олар келесідей болуы мүмкін: 1) есеңгірететін заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа тарту, 2) спирттік ішімдіктерді бірнеше рет пайдалануға, 3) қаңғыбастықпен айналысуға, 4) қайыршылықпен айналысуға тарту.
«Тарту» түсінігіне біз ҚР ҚК 132 б. қарастырылған қылмысты талдау барысында тоқталған болатынбыз. Есеңгірететін заттарды пайдалануға немесе уытқұмарлыққа тарту дегенді кәмелетке толмаған адамның бойында есеңгірететін заттарды пайдалануға немесе уытқұмарлыққа деген құмарлықты қоздыру деп түсіну қажет.
Есеңгірететін заттарды пайдалану өзінің қоғамдық қауіптілігі тұрғысынан алғанда, кәмелетке толмаған адамды есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндіруге (ҚР ҚК 299 б. 3 б. 1 т.) барынша жақын келеді. Аталған заттарды пайдалануға тарту да, сондай-ақ көндіру де бір реттік сипатқа ие болуы мүмкін. Наркотикалық заттарды тұтынуға көндіру деп өзге тұлғалардың ойында оларды тұтынуға деген құмарлықты оятуға бағытталған (азғыру, ұсыныс жасау, кеңес беру және т.б.) қасақана әрекеттерді түсіну қажет.
ҚР ҚК 133 б. сәйкес есеңгірететін заттардың қатарына наркотикалық немесе психотроптық заттар болып табылмайтын, бірақ адамды есеңгіретуге қабілетті заттар жатады.
Қылмыстың субъектісі 18-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс жасаудағы ниет әртүрлі болуы мүмкін: пайдакүнемдік, жеке мүдде, кәмелетке толмағандардың алдында беделін көтеруге тырысу. Қылмысты саралауға оның мотивтері маңызға ие болмайды, алайда олар сотпен жаза тағайындау барысында есепке алынуы мүмкін.
ҚК 133-бабында көзделген ауырлататын белгілер осыған дейін талдау жасалынған 132-баптағы белгілермен ұқсас келеді.
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет