Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 103 б.)



бет23/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 103 б.)

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезінде зиян келтірудің құқыққа сай болуының шарттары ҚР ҚК 33-бабының 1-бөлігінде бекітілген. Ол бойынша қылмыстық жазаланатын іс-әрекетті жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстап кезінде оған зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл ретте осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.
Адамға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін қажетсіз зиян келтірген кезде, ұсталатын адам жасаған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне және ұстап алудың мән-жайларына олардың анық сай келмеуі, қол сұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығу қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады (ҚК 33 б. 2-бөлігі).
ҚР 1997 ж. Қылмыстық кодексі қабылданға дейін қылмыс жасаған тұлғаны ұстап алу барысында зиян келтіру қажетті қорғаныс ережелері бойынша бағаланып келген болатын. Алайда қажетті қорғаныс пен қылмыс жасаған тұлғаны ұстаудың ұқсастығымен қатар олардың айтарлықтай айырмашылықтары да бар болатын. Осындай айырмашылықтар әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлардыңғ осынау түрін ҚК 33-бабына дербес енгізуге себепкер болды.
Қылмыс жасаған тұлғаның оны ұстаған адамның заңды талаптарына бағынбауы, қашып кетуге тырысуы, қарсылық көрсетуі ұстап алу кезінде зиян келтіруге себеп болукы мүмкін. Осындай реттерде ұстау денсаулыққа немесе өмірге зиян келтіру жолымен ғана іске асырылуы мүмкін. Егер қылмыс жасаған тұлғаны ұстау басқа құралдар арқылы мүмкін болмаған жағдайларда және осының барсында ұстап алу үшін қажетті шаралардың шегінен шығуға жол берілмеген жағдайда ғана, зиян келтіруді құқыққа сай деп тануға болады.
ҚК 103-бабында көзделген адам өлтірудің объективтік жағы қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралардың шегінен шыға отырып, оған қаза келтіруден көрініс табады. Осындай шегінен шығу ұстап алынған адам қарсылық көрсетпеген немесе ұстап алу кезінде әлдекімдердің мүддесіне зиян келтіруге қабілетсіз болғанда, яғни ұстап алынған адамға келтірілген зиян (қаза келтіру) ұстау кезінде қалыптасқан жағдайға көрінеу сай келмеген реттерде орын алады.
Келесіндей мән-жайларды анықтау іс-әрекетті саралау барысында маңызға ие болады:
- ұстап алу тиісті уақытында (ескіру мерзімінің шегінде) жүзеге асырылды ма;
- ұстап алынған тұлғамен жасалған қылмыс қай санатқа жатқызылады;
- ұстап алынған адамның жеке басының ерекшеліктері (қауіпті рецидивист, террорист, ұстау орындарына қашқан және т.б.);
- ұстау барсында көрсетілген қарсылықтың қарқындылығы;
- ұстап алу кезінде қалыптасқан мән-жайлар (қарудың болуы, ұсталушылардың және ұстаушылардың саны, тәуліктің уақыты, орны және т.с.с.).
Қылмыс жасаған адамды ұстап алудың мақсаты кінәліні мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю болғандықтан, қылмыс жасаған адамды ұстау барысында қаза келтіру тек ҚР ҚК 33-бабы 2-бөлігінің талаптары сақталғанда ғана орын алады.
ҚК 103-бабы бойынша жауапқа тарту үшін ең алдымен, кінәлінің жәбірленушіні ұстап алуға ҚР ҚПК 132-бабында көзделген негіздері болды ма, сондай-ақ ұсталуы тиіс адамға зиян келтіру үшін ҚК 33-бабында айтылған негіздер болды ма, анықталуы тиіс. Егер адам өлтіру барысында көрсетілген негіздердің орын алмаған болса, онда кінәлінің әрекеттерін ҚК 103-бабы бойынша саралауға негіз де болмайды.Мәселен, әкімшілік теріс қылық (ұсақ бұзақылық) жасаған тұлғаны ұстау барсында оған қаза келтіру немесе қылмыс жасаған, бірақ қашуға, қарсылық көрсетуге әрекет жасамаған тұлғаны ұстау кезінде өлтіру. Егер ұстап алу кінәліні ұстап алудың мақсаты мемлекеттік органдарға жеткізу емес, кек алу немесе сазайын тарттыру болса, онда келтірілген зиян үшін жауаптылық жеке адамға қарсы тиісті қылмыс үшін жалпы негіздерде туындайды.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам ұстап алу үшін қажетті шаралардың шегінен саналы түрде шығады, ұстап алынатын адамға қаза келуінің мүмкін екендігін немесе қаза келмей қоймайтындығын болжай біледі және қаза келтіруді тілейді не осындай салдардың орын алуына саналы түрде жол береді немесе оған немқұрайымды қарайды. Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде оған абайсызда қаза келтіру, берілген бап бойынша қылмыстық жауаптылықты туындатпайды.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам ол құқық қорғау органдарының қызметкері, сондай-ақ өзге адамдар да болуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғасы қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралардың шегінен шығып, оған қаза келтірген жағдайда қылмыстық жауаптылық тек ҚК 100-бабы бойынша, яғни билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін жауаптылық көзделген ҚК 362-бабымен қосымша саралау жасалмай туындауы тиіс.Егер адам өлтіру қылмыс жасаған адамды ұстап үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалып және ҚК 96-бабы 2-бөлігінде көзделген ауырлататын мән-жайлар орын алса, онда әрекет тек ҚК 100-бабымен (ҚК 99-бабымен қосымша сараланбай) саралануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет