Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы 2 бөлігі «12» тармағы)



бет19/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

12 Жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатымен жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы 2 бөлігі «12» тармағы)

Медицинадығы ғылыми-техникалық прогресс (бір адамның ағзалары мен тіндерін өзге адамған ауыстырып салу мүмкіндігінің пайда болуы) тиісті донор материалдарына деген сұранысты арттырды. Осыған байланысты қатынастардың заң негізінде реттелуі өрісіндегі олқылықтар, ағзалар мен тіндерге сұраныстың өте жоғары деңгейде болуына жағдай туғызып отыр. Бұл өз кезегінде жәбірленушінің ағзалары мен тіндерін кейіннен оларды ауыстырып салу үшін сату мақсатында адам өлтіру оқиғаларының орын алуына жағдай туғызады.
«Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» ҚР Заңында трансплантация жасау үшін тіндерді және (немесе) органдарды алудың тәртібі бекітілген. Қалыптасқан тәжірибе бойынша трансплантация жасалатын ағзалар мен тіндерге мыналар жатады: жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, сүйек миы және тізбесі ҚР Денсаулық министрлігімен бекітілген өзге де ағзалар мен тіндер.
Жоғарда көрсетілген ағзалар мен тіндерді тек трансплантациялаудың (ауыстырып салудың) объектілері ретінде қарастырамыз оларды пайдалану тәртібі тек заңмен реттеледі. Сонымен қатар адамды дүниеге әкелу үдерісіне қатысты ағзаларға немесе олардың бөлшектері және тіндеріне (аналық жасуша, еркектің шәуеті, аналық жыныс безі, аталық ұрық безі немесе ұрық), сондай-ақ қанға және оның компоненттеріне қатысты заң тыйым салады.
Алайда бұл осы аталған ағзалар мен тіндер оларды пайдалану мақсатында адам өлтірудің заты бола алмайды дегенді білдірмейді. Шынтуайтқа келгенде, адамның өмірі мен қызметін қамтамасыз етуге қатысатын адам ағзасының кез келген сыртқы немесе ішкі бөлшегі адам өлтірудің қарастырылған түрінің заты бола алады.
Жәбірленушіге тек оның органдарын ауыстырып салу үшін қаза келтіріп қоймай, сонымен қатар жәбірленушінің ағзалары мен тіндерін өзге мақсаттарға да пайдалану үшін де (адам етін жеу, діни ырымдар жасау, жыныстық құмарлықтарын қанағаттандыру) өлтіруді де адам өлтірудің осындай түріне жатқызу қажет деп санайтын ғалымдардың пікірлерімен келісу қажет.
Жәбірленушінің ағзалары мен тіндерін пайдалану мақсатында адам өлтіру тікелей, сондай-ақ жанама қасақаналықпен де жасалуы мүмкін. Мәселен, дәрігер жәбірленушінің бір бүйрегін алу мақсатында оған ота жасайды, бірақ ол жәбірлеушіге қаза келуінің мүмкін екендігіне немқұрайымды қарайды, оған саналы түрде жол беріп, отаны ұқыпсыз жасайды.

  1. 13 Бірнеше рет жасалған; Көрінеу кәмелетке толмаған адамды; Қылмыстық топ жасаған, сол сияқты төтенше жағдай немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі «13», «14», «15» тармақтары)

Бірнеше рет жасалған адам өлтіру дегенді бұрын қасақана жәбірленушіге қаза келтірген адамның жаңадан адам өлтіруі деп түсінген дұрыс. Осындай жағдайда ҚР ҚК 12-бабында бекітілген қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуы туралы ереже басшылыққа алынуы тиіс. Ол бойынша, қылмыстың бірнеше рет жасалуы дегеніміз Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің дәл сол бір бабында немесе бабының бөлігінде екі немесе одан да көп іс-әрекетті жасау болып табылады. Бұл ретте тұлғаның осыған дейін жасаған қылмысы үшін сотталғандығы талап етілмейді. Ең бастысы жаңадан орын алған адам өлтіруді жасау сәтінде қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмесе немесе қылмыс жасаған тұлғаның соттылығы жойылмаған немесе заңда көзделген тәртіппен алынып тасталмаған болса жеткілікті.
Сонымен қатар кінәлі адам осыған дейін ҚР ҚК 100 (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі), 101 (Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру), 102 (Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру), 103 (Қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шығу кезінде жасалған адам өлтіру)баптарында көзделген адам өлтіру үшін сотталған болса, оның жаңадан жасаған қасақаналықпен адам өлтіруі ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің «13» тармағымен саралауға жатқызылмайды.
Егер кінәлі адам бұрын адам өлтіргені немесе адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталмаған болса, онда бұл іс-әрекет дербес саралап, ал одан кейін жасалған адам өлтіру ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің «13» тармағымен саралануы тиіс.
Кінәлі адам әртүрлі уақыттарда ауырлататын мән-жайларда екі рет адам өлтіруге оқталып және олардың бірде-біреуі үшін сотталмаған болса, онда оның екінші іс-әрекеттері ҚК 99-бабы, 2-бөлігінің «13» тармағымен ҚК 24-бабының 3-бөлігіне сілтеме жасай отырып саралануы тиіс.
Тұлға бұрын ҚК 99 (Адам өлтіру),177 (ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының өміріне қол сұғу), 178 ҚР Президентінің өміріне қол сұғу, 408 (Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өміріне қол сұғу) баптарында көзделген адам өлтіруді жасаған болса не осы қылмыстарды жасауға оқталған болса, онда ол бұрын адам өлтірген тұлға деп танылады.
ҚК 99-бабы 2-бөлігінің «14» тармағы арқылы сараланатын қылмыс көрінеу кәмелетке толмаған адамды өлтіру.
Көрінеу (көрнекілік, көзге ұрып тұру, жақсы белгілі болу) деген кінәлі адам жәбірленушінің кәмелетке толмағандығын біледі, субъективті түрде оған көзі жеткен, жәбірленушінің кәмелетке толмаған тұлға екендігі туралы ешқандай күмәні жоқ.
ҚК 99-бабы 2-бөлігінің «14» тармағы арқылы сараланатын адам өлтірудің құрамдық белгілері адам өлтірудің өзге ауырлатылған түрлерінің белгілеріне сәйкес келеді. Қылмыстың басты ауырлатушы белгісі бұл жәбірленушінің жас шамасы және кінәлі адамның жәбірленушінің кәмелеттік жасқа толмағанын анық білуі. 
Ауырлататын белгілерімен сипатталатын адам өлтірудің келесі түрі ол қылмыстық топпен жасалған адам өлтіру болып табылады қылмыстың аталған түрі ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің «15» тармағымен сараланады. ҚК 3-бабының 24-бөлігінде берілген түсіндірме бойынша қылмыстық топ – ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым, қылмыстық қоғамдастық, трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым, транұлттық қылмыстық қоғамдастық, террористік топ, экстремистік топ, банда, заңсыз әскерилендірілген құралым болып табылады.
Біз осыған дейін айтып өткен адам өлтіруді алдын ала сөз байласқан адамдар тобының жасауынан ұйымдасқан топпен жасалған адам өлтірудің айырмашылығы неде?-деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Негізінен алғанда, қылмысқа бірігіп қатысушылықтың аталған нысанының басты белгісі осындай топтың мүшелерінің арасындағы өзара байланыстың барынша тұрақты сипатқа ие болуы. Ұйымдасқан қылмыстық топтың екінші міндетті белгісі ретінде, осындай тұрақты топ мүшелерінің бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін өзара бірігуі мақсатын атап көрсетуге болады. Осы аталған белгілердің біреуінің болса да орын алмауы,қылмысқа бірігіп қатысушылықтың аталған нысанын жоққа шығарады.
Қылмысқа бірігіп қатысушылықтың берілген нысанының міндетті белгісі ретіндегі тұрақтылықты ұйымдасқан қылмыстық топта кездейсоқ адамдардың емес, керісінше топтың өзге мүшелерімен бірігіп бір немесе бірнеше қылмыстарды жасауға ниетті адамдардың болуы деп қарастыру қажет. Олардың әрқайсысы топ мүшелеріне сенім білдіреді, топтың құрамы тұрақты, топтың қалған мүшелері бағынатын топтың басшысы болады. Қылмыстық қоғамдастықпен жасалған адам өлтіру қатысушылықпен жасалған адам өлтірудің барынша қауіпті нысаны болып табылады. Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) келесідей қажетті белгілерге ие болады:
1) топтың ұйымдастырылуы деңгейінің жоғарылығы;
2) топтың мақсаты – ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасау.
Топтың ұйымдастырылуы деңгейі жоғары болмаған күннің өзінде де, қылмыстық құралым ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды жасау үшін құрылған, екі немесе одан да көп ұйымдасқан топтарды бір басшылық арқылы басқару арқылы да, қылмысқа бірігіп қатысушылықтың аталған нысанын көрсете алады. Алайда бұл жағдайда бұл топтарды ұйымдасқан деп тану үшін аталған топтардың тұрақтылығы белгісін анықтау қажет болады.
Топтың ұйымдастырылуы деңгейінің жоғарылығы тек оның құрамының тұрақтылығымен, топтың барлық басқа қатысушылары бағынатын басшысының (басшыларының) болуымен ғана айқындалмайды, сонымен бірге топ қатысушыларының арасындағы ұзақ тұрақты байланыс, бірі-біріне қолдау көрсету, бірін-бірі алмастыру, өзара көмекке келу тәрізді белгілермен де сипатталады.
Топтың ұйымдастырылуы деңгейінің жоғарылығы қылмыстық топта бекітілген жүріс-тұрыс ережелерін топ мүшелерінің барлығының сақтауынан да көрініс табады. Топтың ұйымдастырылуы деңгейі жоғары болғанымен, алайда топ ауыр немесе аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылмайтын қылмыстарды жасау үшін, мысалы, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүліктерді сатып алу немесе өткізу үшін құрылған болса, онда қылмыстық қауымдастық ретінде бағалауға негіз жоқ.
Ұйымдасқан қылмыстық топпен немесе қылмыстық қоғамдастықпен жасалған адам өлтірудің объективтік және субъективтік белгілері біз осыған дейінгі атап көрсеткен адамдар тобымен жасалған адам өлтірудің белгілеріне барынша ұқсас келеді, сол себепті олардың қайталап талдаудың қажеті жоқ деп санаймыз.
Қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша қасақаналықпен адам өлтірудің негізгі мәселелері осы қарастырылған сұрақтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет