Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 101 б.)



бет21/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 101 б.)

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 101-бабы аффект (қатты жан күйзелісі) жағдайында болған адам өлтіру үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді. Бұл қылмыстық құқықтық норма Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің «Жеке адамға қарсы қылмыстар» деп аталатын 1-тарауына кірістірілген.
Жеке адамға қарсы қылмыстардың барлығы қылмыстық құқық теориясында топтық немесе тектік деген атауға ие болатын бір объектіге қол сұғады. Ол объект жеке тұлғаның адам және азамат ретіндегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауға алатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы алғандағы адам өлтірудің объектісі туралы біз жұмысымыздың осыған дейінгі бөлімдерінде толықтай айтқан болатынбыз.
Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтірудің тікелей объектісі биологиялық құбылыс ретіндегі адамның өмірі болып табылады. Кенет пайда болған жан күйзелісі (аффект) жағдайында, яғни жәбірленушінің күш қолдануынан немесе ауыр балғаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен (әрекетсіздігінен) болған, сонымен бірдей жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай-күйде адам өлтіру дәстүрлі түрде жеңілдік берілген, өмірге қарсы қылмыстардың қауіптілігі төмен түрі болып саналады.
Бұл жағдайларда жауптылықты жеңілдететін негіз ретінде, ең алдымен, жәбірленушінің виктимдік (заңға қарсы немесе моральға жат) жүріс-тұрысы және соған сәйкес кінәлі адамның бойында кенет пайда болған жан күйзелісі болып табылады. Психологияда бұл құбылыс физиологиялық аффект деген атауға ие болады.
Физиологиялық аффект жағдайы жоғарғы деңгейдегі эмоциялық жай-күй ретінде сипатталады. Ол адамның психикасын әдеттегі жағдайынан шығарып, саналы интеллектуалдық қызметін тежейді, жүріс-тұрыс мотивациясындағы оның белгілі бір жүріс-тұрыс үлгісін таңдап алуы сәтін айтарлықтай дәрежеде бұзады, адамның өз мінез-құлқын бақылауға алу мүмкіндігінен және өзінің жүріс-тұрысының салдарын жан-жақты таразылауға мүмкіндік бермейді. Жан күйзелісі жағдайында өз әрекеттерінің нақты сипатын және қоғамдық қауіптілігін сезіну қабілеті, сондай-ақ оларды басқара білуі айтарлықтай дәрежеде төмендейді, бұл өз кезегінде осындай жай-күйде жасалған қылмысты психиканың қалыпты күйінде жасалған қылмыстан қоғамдық қауіптілігі төмен деп танудың басты негіздемесі болып табылады.
Физиологиялық аффект жағдайын патологиялық аффект жағдайынан айыра білген дұрыс, патологиялық аффект дегеніміз психиканың уақытша ауру жағдайында бұзылуы болып табылады. Оның барысында сана терең ауытқушылққа душар болады және адам өзінің әрекеттеріне есеп бере алмайды және оларды басқара алмайды. Адам бұл жағдайда есі дұрыс емес деп танылады және Қылмыстық кодекстің 16-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Іс-әрекеттің физиологиялық немесе патологиялық аффект жағдайында жасалғандығын анықтау үшін кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындау қажет болады. Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіру белгілі шарттардың орын алуының барысында ғана жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларда жасалған деп танылады. Ол шарттарды келесідей ретінде атап көрсетуге болады:
1)өте күшті жан күйзелісі және қылмыс жасауға деген ниет кенеттен пайда болуы тиіс;
2)олар жәбірленушінің заңға қайшы немесе моральға жат жүріс-тұрысына байланысты пайда болады.
Күшті жан күйзелісінің кенеттен пайда болуы, жалпы ереже бойынша оның жәбірленушінің заңға қайшы немесе моральға жат қылықтарына қарсы реакция ретінде аяқ астынан, бірден пайда болуынан тұрады. Қылмыс жасауға деген ниет те кенеттен пайда болуы тиіс. Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіру оқиғасы мен жан күйзелісінің орын алуына алып келген жәбірленушінің провокациялық мінез-құлқының арасында көп жағдайларда уақыт үзіліс болмауы тиіс. Алайда аффект жағдайының бірден пайда болмай белгілі бір уақыт өткенен кейін пайда болатын жағдайлары да жиі кездеседі. Дегенмен айтарлықтай уақыт үзілісінің орын алуы кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайының орын алғандығының дәлелі болып табылмайды.
Кінәлінің бойында кенеттен пайда болған жан күйзелісінің орын алуына себепкер болған жәбірленушінің тарапынан орын алған провокация өз кезегінде мыналар болуы мүмкін: а) күш қолдану; б) қорлау; в) ауыр балағаттау; г)жәбірленушінің өзге де құқыққа қайшы іс-әрекеті (әрекетсіздігі); д) моральға жат қылығы; е) жәбірленушінің жүйелі түрдегі заңға қайшы немесе моральға жат қылығы немесе жүріс-тұрысы.
Жәбірленушінің тарапынан орын алған күш қолдану физикалық сипатта (мысалы, соққылар жасау, ұрып-соғу, қинау, денсаулыққа әртүрлі деңгейдегі зиян келтіру, құқыққа сай емес сипаттағы бостандықты күштеп шектеу (зорлау) немесе психикалық (денсаулыққа және өмірге зиян келтірумен қорқыту) сипатта болуы мүмкін. Жан күйзелісі жағдайын туғызған күш қолдану заңға қайшы сипатта болуы тиіс.
Жан күйзелісі жағдайын туғызған қорлау кінәлі адамды қаскөйлік ниетпен келеке етіп әжуалау, оның ар-намысын қорлау сияқты әрекеттерден көрініс табуы мүмкін. Әрдайым кілауыздық нысанда көрініс табатын ауыр қорлаумен салыстырғанда қорлау өнегелі түрде орын алуы мүмкін, бірақ өзінің мазмұны бойынша адамның жанын ауыр жаралайтындай дөрекі және ұятты болып табылады. Мысалы, адамның дене кемістігін немесе өзге де бір кемшілігін әжуа етіп келекелеу. Адамды қорлау бірталай уақыттарға созылуы мүмкін. Күшті жан күйзелісі жағдайын туғызған ауыр түрде қорлау ретінде жеке тұлғаның абыройы мен ар-намысын өте дөрекі түрде қорлауды айтамыз және ол көп жағдайларда кілауыз, бейпілдік нысанда жүзеге асады. Қорлаудың қандай түрін ауыр қорлау ретінде тану туралы мәселе – бұл әрбір жеке жағдайда істің барлық мән-жайларын есепке ала отырып шешетін оқиға немесе факт мәселесі.
Мәселен, адамды ауыр қылмыстар немесе моральға жат қылықтар жасады деп айыптау, ұлттық, діни сезімдерін қорлау осындай жағдай ретінде қабылдануы мүмкін. Қорлаудың ауырылық дәрежесін бағалау барысында кінәлі адамның жеке басының ерекшеліктері де (денсаулық жағдайы, жан дүниесінің күйзелісі, жүктілігі және т.б.) есепке алынуы тиіс.
Жәбірленушінің өзге де заңға қайшы әрекеттері ретінде күш қолдану актісі, қорлау, ауыр қорлау ретінде танылмағанымен өз кезегінде кінәлі адамның немесе өзге де тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін өрескел түрде бұзуларды қарастыруға болады. Бұл кәнігі, өрескел түрде өзінше билік ету, ата-анасының көзінше автокөліктің баланы басып кетуі, боспалау немесе кінәлі адамға немесе оның жақын адамдарына қатысты жағымсыз мәліметтерді жариялаймын шантаж жасау, қызметтік міндетін орындаудан бас тарту, жала жабу, мүлікті бүлдіру немесе құрту, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану, көп мөлшердегі қарызын қайтармау және тағы басқалар болуы мүмкін.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1959 жылғы Қылмыстық кодексінің 90-бабымен салыстырғанда, ҚР 1997 жылғы Қылмыстық кодексінің 98-бабында жәбірленушінің осындай әрекеттері кінәлі адам немесе оның жақындары үшін ауыр салдарға әкеліп соғуының немесе соғуының мүмкіндігі туралы көрсету болған жоқ. Осылайша сол кездегі ҚК 98-бабын қолданудың аясы кеңейтілген болатын.
Бұл орын алған салдар тек ауыр ғана емес, әртүрлі болуы мүмкін дегенді білдіреді, қазіргі қолданыстағы ҚК 101-бабында осындай сілтеменің болмауы кінәлі адам немесе оның жақындары үшін де ешқандай салдардың мүлдем орын алмауының да мүмкіндігін қарастырған деп түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жәбірленушінің заңға қайшы немесе моральға жат қылықтарының нәтижесінде кінәлі адамға немесе оның жақындарына келетін салдар әртүрлі болуы мүмкін немесе ондай салдар тіптен орын алмауы да мүмкін. Кез келген салдардың орын алуы немесе ешқандай салдардың орын алмауы бұл жағдайда ешқандай құқықтық маңызға ие болмайды және ҚР ҚК-нің 98-бабының саралаушы белгісі болып табылмайды.
Жәбірленушінің моральға жат іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) ретінде мораль нормаларына қайшы келетін және жан күйзелісі жағдайын туғызатын мән-жайларды мәселен, жұбайының көзіне шөп салудың айқын фактісі, жақын адамдардың жасаған сатқындығы және т.б. айтамыз.
Жәбірленушінің жүйелі түрде жасаған заңға қарсы мінез-құлқының нәтижесінде көп жағдайларда жан күйзелісі жағдайының қалыптасуына алып келетін адамның жанын жаралайтын жағдайдың қалыптасуы мүмкін. Осындай жағдайдаларда кінәлі адамның психикалық тұрғыдан алғанда ашу кернеуі біртіндеп жинақталады және шыдамның шегіне жеткенде, үлкен жан күйзелісі жағдайы орын алып, ол адам өлтіруге алып келуі мүмкін.
Осы санаттағы қылмыстық істерде жәбірленушінің жүйелі түрдегі құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерінің ықпал етуімен біртіндеп қалыптасатын физиологиялық аффект жағдайлары жиі ұшырысады. Бұл жағдай әсіресе отбасылық-тұрмыстық өрісте жиі орын алады (олардың типтік мысалы, маскүнем күйеуі – осының салдарынан отбасындағы үнемі ұрыс-керіс, жанжал, төбелес, қорлау ақыр аяғында шыдамы таусылған отбасы мүшелерінің бірі оны өлтіріп тынады). ҚазССР-ның ҚК осындай ұзаққа созылған жан дүниесін жаралайтын жағдайды аффект жағдайының қалыптасуының негізі ретінде қарастырмағаны белгілі. Дегенмен қадағалау тәжірибесі жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіру үшін жауаптылықтың аффект жағдайының жәбірленушінің құқыққа қарсы бірнеше әрекеттерінің нәтижесінде де қалыптасауы мүмкін екендігін және сондай әрекеттердің ең соңғысы кінәлі адамның бойында жан күйзелісі жағдайының қалыптасуына себеп болатындығын жиі атап көрсетеді.
Шындығында да, жәбірленушінің тарпынан орын алған жүйелі түрдегі құқыққа қарсы әрекеттердің нәтижесінде пайда болған жан күйзелісі жағдайында орын алған қылмыстың қоғамдық қауіптілігі, сондай жан күйзелісінің бірақ, бір-ақ рет жасалған күш қолданудың, қорлаудың немесе өзге де заңға қайшы әрекеттің салдарынан жасалған қылмыстан артық болады деп есептеу әділетсіз болар еді. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада бұл әділетсіздік жойылған.
Дегенмен ұзаққа созылған адамның жанын жаралайтын ситуацияның ықпалының нәтижесінде кінәлінің бойында қалыптасқан жан күйзелісі жағдайына қатысты бір жағдайды атап өту керек. Егер жан күйзелісі жағдайы бір рет орын алған күш қолданудың немесе қорлаудың нәтижесінде пайда болған болса, бұл жағдайда кінәлі адамға қатысты қандайда болмасын күш қолдану немесе қорлаудың жалпы алғанда орын алғандығын, дәрігерлер және түпкі нәтижесінде сот істің барлық мән-жайларын жиынтығында талдау жолымен анықтайды.
Алайда дәрігерлер кінәлінің бойындағы жан күйзелісінің оның жанын жаралайтын жағдайдың ұзаққа созылуының нәтижесінде болғандығын анықтай алмайды. Бұл жерде арнайы маман – психологтың білімі қажет. Психологтар кінәлі адамның жеке басының қасиеттерін, кінәлі адам мен жәбірленушінің өзара қатынастарын олардың арасындағы қақтығыстық жағдайдың қалыптасуының барлық мән-жайларын талдау негізінде және осындай ситуация кінәлі адамның психикасына қалай әсер еткенін (олар оның жанын қаншалықты терең жаралады, ол одан күшті эмоционалдық стресс алды ма және т.б.) және жан күйзелісі жағдайының қалыптасуына ұзақ уақытқа созылған адамның жанын жаралайтын жағдайдың орын алғандығын анықтайды.
Қалыптасқан жағдайды барлық уақыттарда бірдей адамның жанын жаралайтын жағдай ретінде тануға болмайды, тек олар кінәлі адамның жан дүниесіне қатты әсер етіп, оның бойында терең эмоциялық уайым, стресс жағдайын қалыптастырған кезде ғана аффект жағдай орын алды есептеуге негіз пайда болады. Сонымент бірге кінәлі адамның бойында жан күзелісінің тек жәбірленушінің әрекеттерінің нәтижесінде ғана пайда болатындығын естен шығармау керек және де ол әрекеттер кінәлі адамға қатысты алғанда заңға қайшы немесе моральға жат болуы тиіс. Ұзаққа созылған адам жанын жаралайтын ситуацияда, кінәлі адамның барлық эмоциялық уайымдары, барлық ашу-реніштері біртіндеп жинақталады және оның шыдамының шегіне жетуі жан күйзелісін туғызады.
Осылайша, кінәлінің бойында жан күйзелісі жағдайының ұзаққа созылған адам жанын жаралайтын мән-жайлардың орын алуына байланысты пайда болғандығын анықтау үшін психология саласындағы арнайы білімдерге жүгінуге тура келеді, ол үшін кінәлі адамның жеке басын зерттеудің арнайы әдістері қолданылады.
Көптеген жағдайларда ұзаққа созылған адам жанын жаралайтын ситуацияларға әйел адамдар тап болады, олар күйеулерінің немесе бірге тұрып жатқан еркектерінің тарпынан орын алатын барлық күш көрсетулер мен қорлауларға төзіп келіп, ақыр аяғында жан күйзелісі жағдайына ұшырайды.
ҚР 1997 жылы қабылданып, 2015 жылдың 1-қаңтарына дейін әрекет еткен ҚК-нің 98-бабына екінші бөлім енгізілген болатын, бұл ҚССР-ның 1959 жылғы ҚК-нің 90-бабында болмаған еді. Осындай новелла қылмыстың қоғамдық қауіптілігі деңгейінің нақты түрде өсуіне жауап береді. Берілген қылмыстың ауырлатылған түрі (қазіргі ҚК 101-бабының 2-бөлімі) жан күйзелісі жағдайында екі немесе одан да көп адамды өлтірген жағдайда орын алады. Әңгіме бір уақытта жасалған бірнеше адам өлтіру туралы болып отыр және олардың арасында уақыт мерізімі қысқа және кінәлінің бір ниетімен қамтылады.
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығы, яғни бірыңғай қасақана ниетінің болғандығын анықтау керек. Дұрысында жәбірленушілердің өлуі бір мезгілде болады. Мынадай жағдайдың да болуы мүмкін: кінәлі әуелі бір адамды өлтіреді. Оның бір адамды емес, екі немесе одан көп адамды өлтіру ниетінің болғандығын дәлелдеудің маңызы бар. Мұндайда әр адамды өлтіру себептері бірдей болмауы мүмкін. Біреуін, ол мысалы үшін – кек алу мақсатында, ал екіншісін бірінші кісі өлтіруді жасыру мақсатында өлтіреді. Сонымен бірге – екінші адамды өлтіру ниеті бірінші кісі өлтіруден кейін емес, оған дейін пайда болды.
Іс-әрекет ҚК 101-бабының 2-бөлімімен бірінші және одан кейінгі кісі өлтірулердің қандай мотивпен жасалғандығына тәуелсіз түрде бағалануы тиіс. Бұл жерде ең бастысы, осы адам өлтірулер әрбір жәбірленушінің құқыққа қайшы немесе моральға жат әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған жан күйзелісі жағдайында орын алғандығы анықталуы тиіс. Жан күйзелісі жағдайында бір адамды өлтіру және басқа адамның өміріне қол сұғуға оқталу ҚР ҚК-нің 101-бабының 2-бөлімінде қарастырылған қылмыс ретінде бағалана алмайды. Бұл жағдайда іс-әрекет ҚК-тің 101-бабының 1-бөлімімен, сондай-ақ ҚК 24-бабы 3-бөлімі және 101-баптың 2-бөлімімен саралануы тиіс.
Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің әлеуметтік мәнісі қылмыстың осындай түрін жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлардың жиынтығынан құралды деп айтуға болады. Осындай себептер мен жағдайлардың пайда болуына нақты өмір жағдайлары, яғни берілген тұлғаның қылмыс жасағанға дейінгі өмірінің мән-жайларының жиынтығы және олар тұлғаның қоғамға қарсы көзқарастраының, тырысулары мен әдеттерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Өмірдегі орын алған әрбір жағдай өз кезегінде белгілі бір объективтік мазмұнға ие болады, яғни орын алған нақты оқиғалар және субъективік маңызы, оған субъектінің өмірлік ұстанымдары, тәжірибесі, бейімділігі және дағдылары сияқты жеке басының қасиеттеріне тәуелділікте баға беріледі. Объективтік мазмұн және субъективтік маңызы үлкен айырмашылықтарға ие болуы мүмкін, осының барысында адам қалыптасқан ситуация туралы өзінің ұғымына сәйкес және өзі ол ситуацияға беретін субъективтік маңызға сай әрекет етді.
Адам өзі үйренген дағдылы жағдайларда және орын алған экстремальды жағдайларда өзі-өзі әрқилы ұстау мүмкін. Сондықтан оның қылмыс жасауға алып келген іс-әрекеттеріне баға беру барысында, ол осындай жағдайдың қалыптасуының мүмкін екендігін болжай білді ме немес бұл жағдай ол тіптен күтпеген жағдай ретінде орын алды ма анықтау қажет болады. Бұл ең алдымен тұлғаның өнегелік дамуын, оның моральдық және эмоциональдық бекемдігін айқындау үшін қажет болады. Тұлғаның құқыққа қайшы жүріс-тұрыстарына баға беру барысында жалпы алғандағы адамның жүріс-тұрысы, соның ішінде қалыптасқан күрделі ситуациядағы мінез-құлқы оның нерв жүйелерінің тек табиғи ерекшеліктеріне тәуелді ғана болмайтынын, сонымен бірге оның өнегелік сапалары, сенімдері, бейімділігі, жеке тәжірибесі, қиындықтарды жеңе білудегі шынығулары, әлеуметтік ұстанымдар мен қоғамдық жүріс-тұрыс барысындағы тәлімдеріне де тәуелді екендігін есепке алған дұрыс.
Нақты қылмыстардың жасалу себептерін дұрыс түсіну үшін нақты өмірдегі орын алатын жағдайлардың бір түрі болып табылатын қақтығыстық жағдайларды қарастырған дұрыс болып табылады. Бұл жағдай қарама қайшы мүдделердің, көзқарастардың, тырысулардың, өмірілік ұстанымдардың қақтығысқа түсетін жағдайы болып табылады және ол күрестің күрделі нысандарына тап қылады.
Жан күйзелісі жағдайы орын алғанға дейін қалыптасқан ситуацияны және осындай жағдайда қылмыс жасауды талдау барысы, осындай ситуацияны сипаттайтын жағымсыз сыртқы әсерлер және өзге де жағдайлар, басым жағдайларда жүріс-тұрыстың қылмыстық үлгісін таңдап алуға ықпал жасайтындығын және тұлғаның психикасына, санасына және еркіне шешуші әсер ететіндігін көрсетеді.
Өмірдегі қалыптасқан нақты жағдай жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жеке адамға қарсы қылмыс жасау барысында ерекше рөл ойнайды. Өмірде алатын қақтығыстық жағдайларда тұлға өзінің мінез-құлқын мұқият және жан-жақты ой елегінен өткізіп, оны тиісті өнегелік қағидалар мен ұғымдармен өлшеу мүмкіндігіне ие бола бермейді. Осындай ситуациялар қалыптасқан жағдайларға білдірілетін реакцияларға рең беретін өнегелік толқыныстарды туғызады. Кенеттен пайда бола отырып, олар тиісті жағдайлар ендігі қалыптасып болған кезде өздерінің нақты көрінісін көрсетеді. Сондықтан олар адамға қалыптасқан жағдайларда тек бағыт-бағдар ғана бере алады. Сонымен қатар олар адамның жүріс-тұрысын күні бұрын айқындауы да мүмкін. Дегенмен барынша ушыққан стресс жағдайында да тұлғаның іс-әрекеттері еріктілік сипатқа ие болады, жүріс-тұрыстың балама үлгісін таңдап алудың мүмкіндігін беретін шешім қабылдау сатысынан өтеді, ендеше оның өнегелік және құқықтық тұрғыдан алғандағы жауаптылығы туралы айтуға негіз бар. Егер ашулану және жан толқынысы жағдайының күштілігі сондай болып, тұлға өзін-өзі ұстай алмаған, өзінің әрекеттеріне есеп бере алмаған және оларды басқара алмаған жағдайда ол онда есі дұрыс емес деп танылады және бұл жерде қылмыстық жауаптылық туралы сөз етуге болмайды.
Өткір кенеттен пайда болған қақтығыстық ситуацияларда тұлғаның жүріс-тұрысы көп жағдайларда оның тек өнегелік қасиеттеріне ғана емес, оның қаншалықты жинақылығына, сабырлылығына, өзін-өзі ұстай білуіне қалыптасқан экстремальды жағдайдан дұрыс шыға білуіне және қиындықтарды еңсере білудегі тәлімдеріне де тікелей тәуелді болады. Адамдардың осындай жағдайлардағы жүріс-тұрыстарын айқындайтын факторлар қатарында жүріс-тұрыстағы немесе мінез-құлықтағы автоматизм маңызды орынға ие болады.
Тұлғаның жүріс-тұрысы, соның ішінде құқыққа қайшы мінез-құлықтары да сыртқы факторлардың, сондай-ақ адамның ішкі жеке сапалары мен қасиеттерінің өзара әрекеттесулерінің нәтижесі болып табылады, сонымен қатар адамның ішкі қасиеттерінің пайда болуы мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның ықпал етулері қылмыс жасауға ықпал ететін сыртқы факторларға себепші болатын қылмыскердің жеке басының қалыптасуына, сондай-ақ қылмыстық ойдың пайда болуына ықпал ететін ситуацияның ерекшеліктері мен қылмыс жасаудың объективтік мүмкіндіктері де өз әсерін тигізеді.
Әлеуметтік тұрғыдан алғандағы теріс көзқарастар, мүдделер, қатынастар, бағдарлар – сыртқы факторлар деп саналады. Ақыр аяғында тек ішкі факторлар ғана нақты қылмыстың жасалуының себебі болып табылады.
Дегенмен кейбір авторлар қылмыстық мінез-құлықтың себептілігі туралы сөз ете отырып, қақтағыстық жағдай шешуші маңызға ие болған сәттерде, оны қылмыстық мінез-құлықтың себебі ретінде санау керек деп есептейді, ал тұлғаның қоғамға қарсы бағыттылығы осындай жағдайда қылымыстың тікелей себепші болмайды деген пікір білдіреді.
Егер осындай ұстанымды дұрыс деп санасақ, онда орын алған ситуация қылмыстың себебі болып табылғандықтан, кейбір реттерде субъектінің еркі мен санасына тәуелсіз және тіпті оның тілегіне қарсы әрекет етеді, адам бұл жағдайда орын алған зиянды салдар үшін жауап бермеуі тиіс.
Өзге авторлар қылмысқа дейінгі ситуацияда тұлғаның мүдделері, көзқарастары және ой-өрісі маңызға ие болады және олар тұлғаның осындай ситуация қалыптасқан жағдайдағы жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік береді деп санайды.
Дегенмен, біздің ойымызша, жоғарыда берілген екі пікірді де назарға ала отырып адамның белгілі бір қалыптасқан ситуацияға деген реакциясы барлық жағдайда да оның тұрақты тәлімдерінің, айқын анықталған өмірлік ұстанымдарының және мақсаттарының нақты көрініс болып табыла бермейтіндігін есте ұстаған дұрыс. Көптеген жағдайларда адамның жүріс-тұрысы, тіпті қылмыстық мінез-құлқы оның бойындағы тұрақсыз уақытша жай-күй болатын, жүріс-тұрыстың мотивациясы берілген тұлға үшін сипатты болып табылмайтын жағдайлар аз кездеспейді. Осындай жағдайды күшті жан күйзелісі жағдайында адам өлтірген тұлғалардың бойынан жиі кездестіруге болады.
Осылайша, қылмыстық мінез-құлықтың себептері туралы айта отырып, мына фактіні атап көрсету керек, қылмыс екі фактордың өзара ықпалдастығының нәтижесі болып табылады: сыртқы әлеуметтік орта және қылмыскердің ішкі жеке басылық сапалары мен қасиеттері. Сонымен бірге осы факторлардың біреуінің басты себепкер болатын жағдайларын да атап көрсеткен дұрыс. Кінәлі адам мен жәбірленушінің арасындағы қылмысқа дейінгі қақтығысты жағдай маңызды рөл атқаратын жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру осынау тезистің жарқын мысалы болып табылады.
Осындай қақтығыстық (стресс) жағдайларда адамның эмоциялары аз маңызға ие болмайды. Себебі адамның сыртқы ортаның әлдеқандай құбылысына, оның белгілі бір қалыптасқан жағдайлар барысындағы жүріс-тұрыстары көп реттерде оның сыртқы (қоршаған) мән-жайларға деген эмоциялық реакциясына тәуелді болады. Экстремалдық жағдайларда адамның жүріс-тұрыстарының нәтижелеріне әдетте жағымсыз әсер ететін, адамның бойында психикалық шиеленістің ерекше жай-күйі – стресс пайда болатынын психологтар бұрын да атап көрсеткен болатын.
Психикалық шиеленіс жағдайы жүріс-тұрыстың күрт нашарлауына және толықтай бей-берекеттігіне алып келуі мүмкін. Стресс жағдайындағы физиологиялық аффект адамның интеллектуалдық қызметін тежейді, ал қарқынды немесе динамикалық сәттер адамның жүріс-тұрысының мәндік мазмұнынан басым түседі.
Эмоционалдық шиеленісудің рөлі басқадан да көрініс табады. Егер адамның эмоциональдық уайымы оның өзімен жоспарланған әрекеттің мән-жайларын бағалауға мүмкіндік жасайтын болса, эмоциональдық стресс бұл алдын ала жасалған «эмоциональдық жоспарлауды» бұзушы фактор ретінде, яғни болашақтағы қызметтің барлық схемасын бұзады. Осындай жағдайларда іс-әрекеттің әлдеқандай үлгісін қате таңдап алу көп жағдайларда эмоциональдық стресс ықпалының салдары болып табылады.
Психикалық тұрғыдан алғанда шиеленісу, әсіресе стресс жағдайы адамның нақты ситуациядағы жүріс-тұрысына зор ықпал етеді. Эмоциональдық шиеліс жағдайында адам қалыпты жағдайында қабылдамайтын шешімді қабылдауы мүмкін, атап айтқанда оның қылмыс жасауы тым оңай болады. Тағыда бұл жеке адамға қарсы күш қолданушылық қылмыстарда, ең алдымен күшті жан күйзелісі жағдайында жасалатын қылмыстарда барынша айқын көрініс табады.
Әртүрлі дереккөздерде кездесетін мәліметтерге қарағанда жан күйзелісі жағдайында жасалған адам өлтірулердің 50%-дан астамында жан күйзелесі жағдайының қалыптасуына дейін ұзақ уақытқа созылған жан дүниесін жаралайтын жағдайдың орын алғандығы белгілі болып отыр.
Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің психологиялық табиғаты (мәнісі) туралы айтқанда, жан күйзелісінің өзінің психологиялық мәнісін, оның сырттай көрініс табуын түсіну қажет, сондай-ақ осы жан күйзелісі жағдайы санаға және жалпы алғандағы жүріс-тұрысқа қалай әсер ететіндігін талдау қажет болады. Тек осының түсініп ғана, қоғамдық қауіпті сипатқа ие болатын адам жүріс-тұрысының актісі ретіндегі - жан күйзелісі жағдайында адам өлтірудің мәнісін терең түсінуге болады.
Психикалық процестер мен жағдайлардың ерекше сыныбы эмоцияларды құрайды, олар оның өмірі мен қызметін жүзеге асыру үшін сыртқы және ішкі ситуациялардың маңыздылығы айқындау жолымен субъектінің белсенділігін реттеу функциясын орындайды. Психологияда эмоциялардың қатарына эмоциялардың өздерін, сезімдерді және аффектілерді (күйзелістер) жатқызу қабылданған.
Адам қызметін іштей реттеудің бір түрі бола отырып, аффект субъект үшін оған әсер ететін объектілер мен ситуациялардың мәнісін көрсетеді. Сондықтан аффектінің пайда болуы бағалаушы сәттермен, орын алған жағдайлардың жекелікті маңыздылығымен тікелей байланысты болатындығын айту қажет.
Өзінің психологиялық құрылымы бойынша жан күйзелісі күрделі психологиялық процесс болып табылады. Жалпы психология бойынша оқулық авторларының пікірінше «Аффект бұл – адам бойын тез билеп алатын, ағыны қатты сананың айтарлықтай өзгеруімен, әрекеттерді ерікпен бақылаудың бұзылуымен (өзін-өзі ұстауды жоғалтумен), сондай-ақ организмнің барлық өмір қызметінің өзгерістерімен сипатталатын эмоциональдық процесс»
Осыған дейін де атап көрсеткеніміздей кез келген адам өлтірудің соның ішінде жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің де объектісі адамның өмірі болып табылады. Алайда бізбен қарастырылып отырған жағдайда қол сұғу объектісі болып кез келген адамның өмірі емес, қылмыстық іс-әрекеттің құрылымында маңызға ие болатын адамның өмірі табылады. Қылмыстық заң (ҚР ҚК-нің 101-бабы) жәбірленушінің жүріс-тұрысы кінәлі адамның қылмыс жасауы барысында «ақталатын» аффект жағдайына итермелеуші болып табылғандықтан жәбірленушінің жеке басын кез келген санаттағы іспен салыстырғандағыдан тереңірек зерттелуі тиіс. Нақ осы субъектінің өміріне кінәлі адам қол сұғып, оны өлтіреді.
Қылмыс объектісі айтарлықтай негізде қылмыстық қол сұғушылықтың бір түрін басқаларынан ажыратуға мүмкіндік береді, осының барысында сырттай ұқсас келетін аралас қылмыс құрамдары мысалы, іс-әрекеттің үлгісі бойынша ұқсас, бірақ бірдей емес әлеуметтік мазмұн мен бағытқа ие болатындары әртүрлі құқықтық саралауға ие болады. Осындай жұмыстың маңыздылығы ешқандай дау туғызбайды себебі, жазаны жасалған іс-әрекетіне сәйкес дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді. Сондықтан қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық маңызы өте жоғары.
Жоғарыда көрсетілген мәселенің маңыздылығы мен бір қарағандағы қарапайымдылығына қарамастан қылмыс объектісінің мәселесі, біздің ойымызша, бірқатар қиындықтарға әкеп тірейді. Бұл өз кезегінде төмендегі жағдайларға байланысты.
Біріншіден, қылмыстық құқық теориясында, практикалық қажеттіліктердің талабына толықтай жауап беретін, ғылыми негізделген қылмыс объектісінің ұғымына қатысты жалпы концепциясының болмауын атап көрсету керек. Бұл ұғымға қатысты бірқатар теориялар болғанымен, олардың әрқайсысы бір жағынан, белгілі бір жағдайда негізді болса екінші жағынан, сынға ұшырап жатады. Сонымен бірге бар концепциялардың өздері де бір-біріне қайшы келіп ғана қоймай, оларда қылмыс объектісінің мазмұнын, бұл ұғымының элементтерінің арақатысын әрқилы түсіндірулерге де тап боламыз.
Екіншіден, біздің елімізде ұзақ жылдар бойына қылмыс объектісінің мазмұны идеологизацияға ұшыраған болатын. Отандық қылмыстық құқық ғылымының кеңестік мектебінің шеңберінде (шамамен 1924 жылдардан бастап) көптеген жылдар бойына ешқандай дәлелдеусіз, түсіндірулер берілмей-ақ барлық қылмыстардың жалпы объектісі ретінде қылмыстық қол сұғушылықтан тікелей зиян келген қоғамдық қатынастар ғана танылып келді. Марксизм философиясының идеологиялық догматтарына ғана негізделе отырып, қоғамдық қатынастар ретіндегі объекті теориясы бірден-бір дұрыс ретінде танылып, ғылыми монополия құқығын иеленді және қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі туралы ілімнің дамуы жолындағы бұрынғы жетістіктердің бәрі теріске шығарылды.
Үшіншіден, біздің елімізде және басқа да елдерде орын алған көптеген өзгерістерді есепке ала отырып, демократиялық мемлекеттегі жеке тұлғаның рөлін қайта пайымдау орын алып отыр.
Қылмыстық іс-әрекетті жасаған тұлға қол сұққан және қылмыстың нәтижесінде залал келген немесе келуі мүмкін нәрсені қылмыс объектісі ретінде көрсете отырып, берілген ұғымның тікелей мазмұнын не қоғамдық қатынастар, адам немесе белгілі бір әлеуметтік құндылықтар құрайтындығы туралы мәселеде ғалымдардың пікірі екіге бөлінеді.
Қазан революциясынан кейінгі кезеңде кеңестік криминалистер ұсынған тұжырымдамаға сәйкес қылмыс объектісі ретінде «өзгертулер арқылы залал келтірілетін, қылмыстық заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастар» танылды. Осы орайда, әдетте қоғамдық қатынастар ретінде құқықтық немесе моральдық нормалардың қорғауында болатын олардың біріккен қызметінің, қарым-қатысының үрдісіндегі адамдар арасындағы қатынастар танылды.
Аталған тұжырымдама қоғамды «әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» ретінде таныған маркстік көзқарасқа негізделді, ал қылмыс осыған байланысты «оқшауланған индивидтің үстемдік етуші қатынастарға қарсы күресі» ретінде пайымдалды. Осының негізінде кеңестік ғалымдардың пікірі бойынша айқын қорытынды жасауға болады: қоғамға зала келтіру – оның негізіне жатқызылатын қоғамдық қатынастардың жиынтығына залал келтіру болып табылады.
Қылмыстық құқық ғылымында барлығымен бірдей танылған мәртебеге ие болған бұл ұстанымның көптеген жағдайларда мәселен, меншік қатынастарын ұрлықтың, тонаудың және мүлікті талан-таражға салудың басқа да жағдайларының барысында қылмыстың объектісі ретінде тану шындыққа барынша сәйкес келеді, алайда бірқатар маңызды мәселелердің шешімін таппауына байланысты әмбебап теорияға айналған жоқ.
Берілген қылмыс орын алатын жан күйзелісі жағдайы жәбірленушінің белгілі бір заңға қайшы немесе моральға жат қылығымен, қинаумен немесе ауыр қорлауымен немесе өзге де заңға қайшы немесе моральға жат әрекеттерімен (әрекетесіздіктермен), сондай-ақ ұзаққа созылған адамның жан дүниесін жаралайтындай заңға қайшы әрекеттерімен немесе моральға жат қылықтарымен тікелей байланыстырылады. Кінәлі тұлға өміріне қол сұққан тұлғаның тарапынан осындай әрекеттер жасалуы тиіс, жәбірленушінің нақ осындай әрекеттері (әрекетсіздіктері) осы қарастырылып отырған қылмыстағы жан күйзелісі жағдайының қалыптасуының міндетті шарты болып табылады.
Кінәлі тұлғаның оның өміріне қол сұғуларының нәтижесінде жәбірленушіні болып табылатын тұлғаның әрекеттері заң тұрғысынан алғанда кез келген әрекет емес, біріншіден, кінәлі тұлғаның бойында жан күйзелісін туғыза алатындай өте күшті жағымсыз сипатқа ие болуы тиіс; екіншіден, құқыққа қайшы немесе моральға жат болуы керек және олар пайда болған жан күйзелісі жағдайының кешірімге лайықты екендігінің куәсі болуы болуы тиіс; үшіншіден, олар жан күйзелісі жағдайының пайда болуына және осының салдарынан қылмыстың жасалуына тікелей себепші мән-жайлар ретінде бағалануы тиіс.
Жоғарыда айтылғандардың, қарыстырылып отырған қылмыста ерекше жәбірленуші орын алатындығын өзінің сипаты бойынша немесе осындай жәбірленуші сапасында қылмыскермен кездейсоқ таңдалған емес, өзінің кінәлі адамға қатысты белгілі бір жүріс-тұрысының нәтижесінде қылмыстық қол сұғушылықтың жәбірленушісі болып табылатын субъект танылады.
Нақ осы жәбірленушінің өзі, дәлірек айтқанда оның заңға қайшы немесе моральға жат жүріс-тұрысы кінәлі адамның жауап әрекеттерін туғызып, ол жан күйзелісі жағдайында оны өлтіреді.
Бұл жерде жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрысы бастамашылық рөл ойнайтын өздерін жалғасын табатын оқиғалар тізбегін айқындауға болады. Бұл тізбектің бастапқы бөлшегі жәбірленушінің құқыққа қайшы (моральға жат) іс-әрекеттері немесе әрекетсіздіктерінен тұратын болса, одан кейін нақ осыларға байланысты кінәлі адамның бойында жан күйзелісі жағдайы орын алады (одан әрі кінәлі адамның бойында жан күйзелісінің ықпалымен қылмыстың мотиві, мақсаты, ниеті пісіп жетіледі) тек содан кейін ғана қылмыстық қол сұғушылықтың ақырғы сатысы – нәтижесінде ол жәбірленушіні өлтіретін кінәлі адамның қарсы әрекеттері орын алады.
Осындай ситуацияларда жәбірленушінің өзінің жүріс-тұрыстары немесе мінез-құлқы қылмыскердің кінәсінің дәрежесін төмендетеді, себебі ол кінәлі адамның қылмыс жасаған кезінде оның бойын билеп алған жан күйзелісі жағдайының негізгі себебі болып табылады.
Басқаша айтқанда, қылмыскердің қолынан қаза тапқан адам осы қарастырылған жағдайларда өзінің қаскөйлік және айдап салушылық жүріс-тұрыстарының құрбаны болады.
Берілген бөлімшені қысқаша қорытындылай отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 101-бабында қарастырылған қылмыстың объектісі – өзінің табиғаты бойынша өзге де өмірге қарсы қылмыстардың объектісіне ұқсас адамның өмірі болып табылады, алайда қылмыскер өміріне қол сұғатын және осы қол сұғушылықтын нәтижесінде қаза табатын тұлға (басқа сөзбен айтқанда жәбірленуші) жәбірленушілердің өзге санаттарымен салыстырғанда ол өзінің құқыққа қайшы (моральға жат) жүріс-тұрыстарымен қылмыстық қол сұғушылыққа өзі итермелейді және де соның нәтижесінде өзі қаза табады.
Қысқарта айтқанда жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің тікелей объектісі жәбірленушінің өмірі болып табылады. Алайда қылмыстың берілген түрендегі жәбірленуші жәбірленушілердің өзге санаттарымен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Оның кейбір жекелеген жақтары туралы біз жоғарыда атап көрсеткен болатынбыз. 
Адам өлтіруді кез келген өзге де қылмыстық әрекеттер сияқты, әртүрлі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады. Себебі адам өлтіру – адамның жүріс-тұрысының нәтижесі болып табылады сондықтан оған психологиялық тұрғыдан талдау жасау барынша заңды және айтарлықтай күрделі, бұл өз кезегінде, адам өлтіруді берліген тұлғаның жеке басының қасиеттерінің көрініс табуы ретінде, қылмыскерді қылмыс жасауға итермелейтін ішкі күштерді және қылмыстың мақсаттарын талдауды талап етді. Осының барысында қылмыстық жүріс-тұрыстың ішкі, субъективтік жағы талданады және оның тікелей себептері анықталады.
Осы мәселелерді талдаудың қажеттілігіне маңыз бере отырып, оның барысында негізгі назар оның сыртқы, объективтік жақтарына салынатын адам өлтіруді зерттеудің өзге аспектсін зерттеудің де маңызы аз болмайтындығын және оның кейбір реттерде негізгі маңызға ие болатындығын атап көрсеткіміз келеді.
Адам жүріс-тұрысының кез келген сыртқы актісі ретінде, адам өлтіру белгілі бір дәрежедегі психофизикалық бірілік болып табылады. Ол тек субъективтік, психологиялық мазмұнға ғана ие емес, сонымен қатар жүріс тұрыстың сыртқы объективтік формаларында да көрініс табады ол қоршаған ортада белгілі бір өзгерістерді пайда қылатын тұлғаның әрекеттері мен әрекетсіздіктері арқылы сипатталады.
Адам өлтірудің объективтік жағы бұл – адамның өміріне қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы қол сұғу процесі және ол субъектінің қылмыстық іс-әрекеттерінен басталып және қылмыстық нәтиженің, яғни жәбірленушінің қаза табуымен аяқталатын оқиғалар мен құбылыстардың кезекпен дамуының тұрғысынан оның сыртқы жағынан қарастырылуы болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағын зерттеу брысында, төмендегідей аспектілерді қарастыру қабылданған:
а)субъектінің қоғамдық қауіпті іс-әрекеттері (әрекет немсе әрекетсіздік);
б)қылмыстың салдары (нәтижесі);
в)іс-әрекет пен қылмыстың нәтижесі арасындағы себепті байланыс
г)қылмыстың жасалған орны, уақыты, тәсілі, жағдайы, қылымыс жасалған құрал.
Осы аталған мәселелерді жан күйзелісі жағдайына қатысты қарастырып көрейік.
Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің объективтік жағының басты ерекшелігі оның тек белсенді іс-әрекеттердің нәтижесінде жүзеге асатындығымен ерекшеленеді. Бұл пайда болып және сол сәтте қуат алған жан күйзелісі жағдайына әрдайым бойдан шығып тыныштануы қажет болатындығымен түсіндіріледі және ол тек іс-әрекеттерді жасау арқылы ғана тыныш табады, жан күйзелесінің кез келген көрінісінің барысында адамның сабырлы болып, бей-жай қалуы жағдайының орын алуы мүмкін емес. Осылайша, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтірудің әрекетсіздік арқылы орын алуы мүмкін болмайды, себебі жан күйзелісінің психологиялық қасиеті сондай, оған тез арада «іс-әрекеттер арқылы тыныш табу» қажет болады.
Жоғарыда көрсетілгендерден, тұлға жан күйзелісі жағдайында жасайтын қылмыстық іс-әрекеттердің негізігі қасиеттері мен механизмін мұқият қарастыру қажет деген тоқтам жасауға болады. Ең алдымен, қылмыстық құқық теориясында қылмыстық іс-әрекеттер ретінде не түсінілетінін анықтап алған дұрыс болады.
Нақты құрамдарды сипаттау барысында, заң шығарушымен пайдаланылатын барлық белгілер олардың әртүрлі болуына қарамастан әрқашанда қылмыс құрамының тиісті элементтеріне қатысты болады. Әрбір қылмыс құрамы белгілерінің анықтылығы, оның элементтеріне анықтылық береді. Ендеше, қылмыс құрамдарының барлық белгілері, қылмыстың объектісіне, оның объективтік жақтарына, қылмыстың субъектісіне, және оның субъективтік жағына қатысты болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық іс-әрекеттің бастапқы және ақырғы сәттерін ажырату қабылданған. Олар аталған үш белгіге ие болған сәттен қылмыстық іс-әрекеттер басталады деп саналады ол белгілер: сырттай көрініс табатын дене қимылдары, қоғамдық қауіптілік және құқыққа қайшылық. Қылмыстық іс-әрекеттің ақырғы сәті қылмыстық нәтиженің орын алуымен немесе жоғарыда аталған қылмыстық іс-әрекет белгілерінің біреуінің болса да түсіп қалуымен анықталады.
Осы тұрғыдан алғанда кінәлі тұлғамен жан күйзелісі жағдайында жасалатын әрекеттер өзіндік сипаттарға ие болады. Олар жан күйзелісі жағдайының ұзақтығы мерзімімен шектеулі. Кінәлі тұлғаның жан күйзелісі жағдайының қандай мерзіміге созылуы мүмкін деген сұраққа қылмысты заң жауап бермейді. Бұл сұраққа жауапты жан күйзелісі жағдайының психологиялық табиғатының өзінен іздеу қажет. Жан күйзелісі жағдайының уақыт тұрғысынан алғандағы ұзақтығы көптеген факторларға, соның ішінде адамның психофизикалық сапаларына, конфликтік жағдайдың қаншалықты өткір болуына, жәбірленушінің тарапынан орын алған арандату әрекеттерінің ауырлығына тәуелді болады. Алайда тек бір нәрсе дау туғызбауы тиіс – жан күйзелісі жағдайы секундттарға және кейбір жағдайларда бірнеше минуттарға созылуы мүмкін, бірақ бірнеше сағаттарға емес. Сондықтан кінәлі адамның әрекеттері жан күйзелісінің әсерімен басталып және оның тоқтатылуының сәтінде аяқталуы тиіс.
Басқа жағдайда қылмыстық қол сұғушылық жан күйзелісі жағдайында жасалған деп саралануға жатпайды. Жан күйзелісі жағдайының кенеттен орын алу сапсына қатысты мынаны атап көрсету қажет, осындай кенеттілік тұлғаның жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттеріне тиісті бола алмайды. Жан күйзелісі жағлдайындағы кенеттілікті жәбірленушінің теріс жүріс-тұрыстарына бірден берілген жауап реакциясы ретінде қарастыруға болмайды.
Жан күйзелісі жағдайының пайда болуы және сол жағдайда адам өлтірудің арасындағы уақытта үзіліс орын алуы мүмкін, бірақ осы уақыт аралығында жан күйзелісі жағдайының сақталып қалуы міндетті шарт болып табылады. Кенеттілік жан күйзелісі жағдайын сипаттайтын негізгі, ажырамас белгілердің бірі болып табылады, бірақ ол қылмыстық әрекеттерді жасауды бастаудың сәтіне міндетті болмайды. Осы санаттағы қылмыстық істерді талдау олардың 30%-ға жуығының барысында кінәлі адамның жан күйзелсі жағдайын тікелей тап бола тұрып, адам өлтірудің алдында әртүрлі әрекеттер жасайтындығын көрсетеді. Мысалы, өзінің пәтеріне немесе көрші бөлмеге қылмыстың қаруын алуға жүгіреді, жәбірленушінің соңына түседі, үйге кіреді, оқ атады және т.б.
Егер жан күйзелісі жағдайында жасалатын әрекеттердің сипатына қатысты айтар болсақ. Онда бұл мәселе бойынша ғалымдар арасында бірегей пікір қалыптаспаған. Бір авторлар бұл қарастырылған әрекеттер айқын сезінілген, ерікті (мақсаты бағытталған) сипатқа ие болады деп тұжырымдайды. Олардың импульсивтік жағдайда болуын теріске шығарады. Осындай ұстанымды жақтаушылар сонымен бірге, жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру барысында кінәлі адам қылмыстық нәтиженің орын алуын болжап ғана қоймайды, сонымен бірге өзінің еркін де соған қол жеткізуге бағыттайды деп санайды. Осы мәселеге қатысты өздерінің ұстанымдарын олар адам жан күйзелісі жағдайын оның бастапқы сатыларында еңсере алады дегенге негіздейді.
Бұл айтылған пікірмен тек ішін-ара келісуге болады деп санайды О.Д. Ситковская. Ол жан күйзелісі жағдайын оның бастапқы сатысында еңсере білудің мүмкіндігі оның барынша шырқау шегінде, нақ сол аффект жағдайында іс-әрекеттер жасау барысында еңсеруге болады дегенді білдірмейді – деп атап көрсетеді.
Оның пікірінше бастапқыда бұл әрекеттер мақсатты сипатқа ие болуы мүмкін, алайда жан күйзелісі жағдайының дамуының барысында олар айтарлықтай шамада бұл сапасынан айырылып қалады, сонымен бірге Ситковская жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттердің толықтай еріктен тыс жасалатындығы туралы да айтуға болмайды деп санайды. Оның ойынша бұл әрекеттер пайда болған аффектілік шиеленісудің автоматикалық түрдегі бәсеңдетілуі түрінде адам бойынан бұрқырап шығады және саналы түрде бақылауға алудың және еркіті түрде реттеудің шектеулі деңгейінде болады. Сондықтан жан күйзелісі жағдайындағы әрекеттер импульсивтік сипатқа ие, олардың тұлғамен сезінілуінің салыстырмалы түрде алғандағы аз дәрежесі оның өзіне тән ерекшелігі болып табылады.
Біздің ойымызша, осы мәселеге қатысты айтылған соңғы пікір дұрысырақ сияқты және жан күйзелісі жағдайының психологиялық табиғатына сай келетіндей.
Жан күйзелісі жағдайында болған тұлғада күрделі әрекеттердің бұзылуы, стеротиптіктері жылдамырақ орын автоматизм тенденциясына ие болатындығын психологтар бұдан бұрынырақ та атап көрсеткен.
Жан күйзелісі жағдайында кәнілі тұлға қылмыстық мақсатқа қол жеткізу барысында айтарлықтай кедергілерді еңсеруге қабілетті болады, қолына түскен затпен ұрады, егер ондай заттар болмаса аяқтарын, қолдарын жұмсай отырып көптеген соққылар жасайды, «ренжіткен адамды» «қолдарымен қылғындырып» өлтіруге немесе шарасыз күйде оны тістелеуге де дайын болады.
Мысалы, В.В. Сидоров жүргізген статистикалық зерттеулердің нәтижесінде алынған мәліметтерге қарағанда оқиғалардың 15%-да кінәлі адамдардың әрекеттері ерекше қатігездік сипатқа ие болатындай жәбірленушіге көптеген соққылар жасау және жарақаттар салумен байланысты болған және олардың әдеттен тыс өшігуінің көрсеткішіндей әсер қалдырған.
Осындай жағдайларда, егер кінәлінің жәбірленушіге қатысты әрекеттері аса қатігездікпен, бірақ жан күйзелісі жағдайында орын алған болса, олар аса қатігездікпен жасалған әрекеттер емес, жан күйзелісі жағдайында жасалған әрекеттер ретінде саралануы тиіс. Осы мәселеге қатысты ҚР Жоғарғы Сотының Пленумы осындай түсіндіру жасаған.
1997 жылы Алматы қалалық соты С.В. Пашаевтың әрекеттерін жан күйзелісі жағдайында орын алған деп дұрыс саралаған. Алдын ала тергеу барысында Пашаев өзіне қатысты Мамедовтың тарапынан орын алған қорлауға жауап ретінде оны басынан балтамен үш рет ұрған, сосын оны жерге құлатып басына балтамен 26 рет, мойнына 8 рет, қолына 5 рет соққы жасаған және осының барысында қатты жан күйзелісі жағдайында болған. Пашаевтың әрекеттері аса қатігездік сипатқа ие болғанымен сот оның әрекеттерін жан күйзелісі жағдайында орын алған деп дұрыс саралаған.
Сонымен жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіру құқыққа қайшы белсенді әрекеттердің нәтижесінде ғана орын алады. Бұл әрекеттер импульсивтік, бей-берекет сипатқа ие болады, яғни көп жағдайларда оны жасаған тұлғаның эмоцияларымен анықталады, сондай-ақ олардың ерекше қатігездікпен жасалатын жағдайлары да сирек кездеспейді, олар тұлғаның осындай күйдегі әдеттен тыс күшті ширығуының және өте күшті өшігуінің көрінісі болады.
Тұлғаның қылмыстық іс-әрекеттері қылмыстың объективтік жағының – келесі бөлігі қылмыстық нәтижені пайда қылады.
Барынша жалпылама түрде зиянды қылмыстық салдарды қоғамдық құндылықтарды бұзу, адамдарға зиян келтіру деп сипаттауға болады.
Қылмыстық салдар өздерінің сипаты бойынша әрқилы болады. Олардың барынша кең таралған түрі материалдық зиян келтіру. Олардың өзгедей көптеген түрлерінен бөлек адамдардың қылмыстың нәтижесінде құрбан болатындығын айту керек. Өздерінің физикалық сипатында материалдық салдар әрдайым сыртқы дүние нәрселерінің қиратылуы және бұзылуымен байланысты болады.
Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтірудің қылмыстық нәтижесі адамның қаза табуы болып табылады. Берілген жағдайда қол сұғудың объектісі оның өмір сүруінің биологиялық негізі ретіндегі адамның өмірі ғана болып табылмайды, сонымен бірге адам өзі тірі күнінде байланысты болған қоғамдық қатынастар да қарастырылады. Сондықтан қылмыстық заң адамның өмірін тек биологиялық құбылыс (адамға табиғатпен берілген игілік) ретінде ғана қорғамайды, сонымен бірге қоғамдық құндылық ретінде де қорғауға алады.
Адамның өміріне қол сұғудың нәтижесінде орын алған зиянды салдардың ішінен, нақ осы адамның қаза болуы адам өлтірудің объективтік жағының элементі болып табылады. Осындай зиянды салдар материалдық сипатқа ие, ол барынша дәл және айқын – жәбірленушінің өлімі. Осындай салдардың орын алмауы адам өлтіруді аяқталған деп тануды жоққа шығарады.
Адам өлтірудің объективтік жағының үшінші міндетті белгісі – қылмыстық іс-әрекеттер және орын алған қоғамдық қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс.
Жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру барысында жәбірленушінің заңға қайшы (моральға жат) әрекеттері (әрекетсіздіктері) кінәлі адамның жан күйзелісі жағдайына тап болуының қажетті шарты болып табылады. Бұл нақты орын алған жағдайларда тиісті нәтиженің орын алуы үшін осындай жағдай қажетті болып табылады, ол болмаса нәтиже (жәбірленушінің қаза табуы) орын алмаған болар еді.
Жан күйзелісі жағдайының қалыптасуы және кінәлі адамның одан кейінгі әрекеттері жәбірленушінің заңға қайшы жүріс-тұрыстарына жауап реакциясы болып табылады. Сондықтан да осындай құқыққа қайшы жүріс-тұрыс қылмыс жасаған адамның бойында жан күйзелісі жағдайының қалыптасуы үшін қажетті себеп болып табылады және соның әсер етуінің нәтижесінде ол басқа дамның, яғни жәбірленушінің өміріне қол сұғады. Жәбірленушінің тарапынан кінәлі адамға немесе оның жақындарына қатысты құқыққа қарсы әрекеттер (немсе әрекетсіздіктер) болмаса, онда аффект (қылмыс құрамының конструкциялық элементі) жағдайы да болмайды, олай болса, соның ықпалымен жүзеге асатын кінәлінің қылмыстық іс-әрекеттері орын алмайды.
Сондықтан біз қарастырып отырған қылмыста жәбірленушінің тарпынан орын алған заңға қайшы әрекеттер (әрекетсіздіктер) ғана жан күйзелісі жағдайының орын алуының қажетті себебі болып табылады, ал өзге әрекеттер немесе қоршаған ортадағы өзге де құбылыстар осындай себеп болып саналмайды.
Алайда жәбірленушінің кез келген әрекеттері (әрекетсіздіктері) ҚР ҚК-нің 98-бабында қарастырылған қылмыс құрамының конструциялық элементі ретінде кінәлі адамды жан күйзелісі жағдайына себеп болады ма деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауапты қылмыстық заңның өзінен табуға болады, онда жәбірленушінің заңға қайшы немесе моральға жат әрекеттері туралы ғана айтылған. Осыдан, егер жәбірленуші кінәлі адамға немесе оның жақындарына қатысты құқыққа толықтай сай (немесе моральға жат емес) әрекеттер жасайтын болса, онда бұл жағдайларда қылмыстың «арнайы» құрамының (ҚР ҚК 101 б.) элементі ретіндегі жан күйзелісі жағдайы туралы айтуға ешқандай негіз болмайды.
Бұл жағдайларда кінәлі адамның әрекеттерін жеңілдетін мән-жайларсыз адам өлтіру деп саралау қажет, ал жан күйзелісі жағдайында адам өлтіру жеңілдетілген мән-жайлардағы адам өлтіру ретінде бағаланады. Мысалы, ұлы көз алдында автомобомиль басып керуі салдарынан қаза тапқан әке жан күйзелісі жағдайында жүргізушіні оны тарпынан ешқандай жолда жүру ережесін бұзуға жол бермеген, яғни құқыққа сай жүріп-тұрған жағдайда өлтіреді. Әкесі қылмысты жан күйзелісі жағдайында жасағанның өзінде де, бұл жағдай оның бойында жәбірленушінің заң бойынша талап етілетін әрекеттерінің, атап айтқанда құқыққа қайшы немесе моральға жат әрекеттерінің нәтижесінде пайда болмаған, ал олар болса, заңға қайшы, моральға жат болуы тиіс, баланың әкесінің жүргізушіге қатысты әрекеттері ҚР ҚК-нің 101-бабы бойынша емес, жеңілдетуші мән-жайларсыз адам өлтіру ретінде бағалануы тиіс.
Қылмыстық қол сұғушылық құрылымындағы жәбірленушінің жүріс-тұрысы және осындау жүріс-тұрыстың сипаты туралы айта отырып, көптеген авторлар кінәлі адамның бойында жан күйзелісі жағдайының пайда болуына негіз болып жәбірленушінің тек заңға қайшы немесе моральға жат әрекеттері ғана емес, жалпы алғанда кешірімді сипатқа ие болатын өзге де әрекеттері болуы мүмкін деп санайды. Мәселен, Н.В. Лысак жәбірленушінің заңға қайшы немесе моральға жат жүріс-тұрыстарын сондай-ақ өзге сипаттағы, бірақ жалпы алғанда кешірімді бола алатын жүріс-тұрыстарды да қамти алатын жалпы формулировканы енгізуді ұсынады.
Осындай ұстаныммен келісуге болмайтын сияқты, себебі заңға осындай жалпы формулировканы енгізумен, берілген қылмыс тым кеңейтілген сипатқа ие болар еді және ҚР ҚК-нің 96-бабына жәбірленушінің белгілі бір шамадағы кешірімдік сипаттағы кез келген әрекеттерін телуге жағдай туындар еді. Осындай жағдайға, қылмыстық құқықта тіптен жол беруге болмайды.
Сондықтан да Қылмыстық Кодекс жәбірленушінің заңға қайшы және моральға жат әрекеттерін аффект жағдайының пайда болуының қажетті шарты ретінде бекіткен. Жәбірленушінің тек осындай жүріс-тұрыс үлгілері ғана ҚР Қылмыстық Кодексінің 101-бабында қарастырылған қылмыс құрамының элементі ретіндегі жан күйзелісі жағдайын туғыза алады. Олай болмаған жағдайда ҚР ҚК-нің 101-бабы қолданылмауы тиіс.
Заң жәбірленушінің тарапынан орын алған күш қолдануды жан күйзелесі жағдайының пайда болуы үшін негізгі және тікелей себебі ретінде қарастырады.Жәбірленушінің әрекеттерінің заңға қайшылығы осындай күш қолданудың сипатты белгісі болып табылады. Алайда қажетті қорғаныс, қылмыскерді ұстау, аса қажеттілік немесе бұйрықты орындау барысында жасалған күш қолдануларды осылай деп, яғни заңға қайшы деп бағалауға болмайды. Бұл жағдайларда жәбірленушінің тарапынан заңға қайшы қолданулардың орын алуын талап ететін ҚР Қк-нің 101-бабын қолдану дұрыс болмайды. Осы мән-жай жәбірленушінің өзге де әрекеттеріне толықтай шамада қатысты болады.
Адам өлтірудің берілген түрінің объективтік жағына әсер еткендей аффект қылмыстың субъективтік жағына да әсер етеді. Қарастырылып отырған жағдай аффект қылмыстың субъективтік жағының мазмұны, сипаты және жалпы алғандағы субъективтік жақтың өзге ерекшеліктерімен қатар оның мотив, мақсат және ниет сияқты құрамдас элементтеріне де ықпал етеді.
ҚР ҚК-нің 101-бабында қарастырылған қылмыстағы кінәнің мазмұны мен дәрежесі көп жағдайларда қалыптасқан конфликтілік жағдайдың ерекшеліктеріне тәуелді болады, бұл арада ол жағдай кінәлі адамның бойында қылмыстық ниеттің пайда болуы мен оның жүзеге асырылуына дейінгі жай-күйіне ықпал етеді, себебі жәбірленушінің заңға қайшы әрекеттерінің нәтижесінде пайда болған аффект кінәлінің барлық әрекеттеріне өзінің ізін қалдырады.
Кінәлі адамның бойында адам өлтіруге деген пиғылдың пайда болуы жан күйзелісі жағдайымен барынша тығыз байланысты, сол себепті де қылмыстық құқық теориясында берілген жағдайды «аффектілік» жағдайы деп атауға негіз болған. Адам өлтіруге деген ниет жан күйзелісі жағдайында орын алады және ол да жан күйзелісі жағдайының өзі сияқты кенеттен орын алады және бірден жүзеге асырылуы тиіс – бұл ол «сол бойда» жүзеге асырылуы тиіс дегенді білдірмейді, бірақ ол жан күйзелісі жағдайында, ол аяқталғанға дейін орын алуы тиіс.
Осылайша, жан күйзелісі жағдайы қылмыстық ниеттің қалыптасуына және оның жүзеге асырылуына жолбасшы болуы тиіс. Қылмыс жасауға деген мотив пен ниеттің пайда болуының қалыптасуы, күтпеген жерден және тез орын алады, ол жан күйзелісі жағдайының орын алуындай өте тез болмағанымен бірақ жәбірленушінің заңға қайшы (немесе моральға жат) жүріс тұрысынан кейін және орын алған жан күйзелісі жағдайының ықпалымен қалыптасады.
Жан күйзелісі жағдайының тікелей ықпал етуінің салдарынан пайда болатын ниеттің ерекше табиғаты туралы қылмыстық құқық теориясында айтарлықтай пікір қайшылықтары мен керағар ұстанымдар жоқ. Берілген қылмыс аффектіленген ниетпен жасалады деген түсінік әдебетте жалпылай танылған. Алайда қасақаналықтың қандай түрі жан күйзелісі жағдайында орын адам өлтіруге тән болады деген сұрақ қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде әлі де болса шешілмеген күйінде қалып отыр, себебі бұл мәселе бойынша ғалымдардың пікірі әртүрлі және әрбір ұстаным психологиялық тұрғыдан алғанда жеткілікті деңгейде дәйектелген.
Жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіру тікелей немесе жанама қасақаналықпен орын алады ма деген сұраққа қатысты пікірлердің әралуан болуына қарамастан, барлық ұстанымдарды 4 негізгі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Олардың қатарына басқалармен бірге В.В. Сидоровты да жатқызуға болады, ол «кінәлі адам жан күйзелісі жағдайында бола тұрып, өзінің іс-әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезеді, әлдебір қылмыстық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін белгілі бір ерік-жігерін жұмсайды, жәбірленушіге зиян келетінін алдын ала болжап ғана қоймайды сонымен қатар, жәбірленушіге залал келтіруді тілейді. Әйтпесе жан күйзелісі жағдайында қылмыс жасаған адамның жүріс-тұрысын түсіндіру қиын. Дегенмен мәселе мынада, залал жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қол сұғудың түпкілікті нәтижесіне қатысты түрде алғанда нақтыланбайды». Осындай жағдайларда аффектілік қасақаналық анықталмаған немесе нақтыланбаған тікелей қасақаналықтың белгілеріне ие болады – деп санайды В.В. Сидоров.
Екінші көзқарастың авторлары, бірінші ұстанымға түбірімен қарсы шыға отырып, адам өлтірудің қарастырылған түрін тек жанама қасақаналықпен ғана жасауға болады деп санайды. Осындай ұстанымды В.И. Ткаченко, сондай-ақ Т.В. Ткаченко ұстанады.
В.И. Ткаченко, мәселен, «мақсат туралы түсініктің тілеу сияқты еріктілік процесінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы белгілі Егер іс-әрекетті жасау барысында психикада оның мақсаты туралы ұғым болмайтын болса, онда әрекет тікелей қасақаналықпен жасалмайды. Одан бөлек жан күйзелісі жағдайында адамның санасы тарылады. Адам өзінің жасаған әрекеттерінің сипатын дұрыс түсіне алмайды. Егер ол өзінің не істеп, не қойғанын дұрыс түсіне алмайтын болса, онда ол өзінің әрекеттерінің салдарын дұрыс түсіне білуі де мүмкін болмайды. Өзі дұрыс түсіне алмайтын салдарды тілеуді мүмкін болмайтындығы түсінікті жағдай. Осыдан ҚК-тің 101-бабында қарастырылған қылмыс тек жанама қасақаналықпен жасалуы мүмкін».
Жан күйзелісі жағдайында орын алатын адам өлтіру жанама қасақаналықпен де, сондай-ақ тікелей қасақаналықпен де жасалуы мүмкін деп есептейтін ғалымдар үшінші ұстанымды жақтайды. Осындай көзқарас барынша кең таралған. А.И. Рарог және С.В. Бородин осы көзқарасты жақтайды. Осындай көзқарасты ресми ретінде тануға болады. Себебі ол Қылмыстық құқық бойынша жаңадан дайындалған оқулықтарда да кездеседі.
Ақыр аяғында, жан күйзелісі жағдайында орын алған адам өлтіруге қасақаналықтың қай түрі тән болады деген сұраққа қатысты соңғы ұстаным келесідей тұжырымдалады. Жәбірленушіге әлдеқандай физикалық залады келтіру мақсатында жасалатын өзінің әрекеттерніе қатысты кінәлінің көзқарасы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Бұл кінәлі адам жан күйзелісі жағдайында бола отырып, өзін «ренжітушіге» қалай болғанда залал келтіруді тілейтіндігімен және соған тырысатындығымен түсіндіріледі. Осындай жағдайда кінәлі адам өзінің мақсатына қол жеткізу үшін айтарлықтай кедергілерді еңсере алады оның мақсаты – өзіне қарсы жасалған заңсыздықтар үшін кек алып, кез келген сипаттағы залалды келтіру.
Берілген қылмыстың мақсаты, сондай-ақ мотиві ситуативтік сипатқа ие болады, ол нақты қақтығыстық жағдайдан түзіледі. Кінәлі адам, жан күйзелісі жағдайында бола отырып, өзін ренжіткен адамға залал келтіру мақсатын көздейді, өзі қарсы жасалған заңсыздық үшін кек алғысы келеді. Осындай қылмыстық мақсат жан күйзелісі жағдайының өзімен және оның әсер етуімен туындайды.
Осындай мән-жайларда кінәлі адамның эмоционалдық жай-күйі ерекше құқықтық және психологиялық маңызға ие болады. Ол ерекше психологиялық сипатқа ие болады және психология ғылымында осындай жай-күйді «физиологиялық аффект» деп атау қабылданған. Қылмыстық істердің берілген санаттарында аффект түсінігі орталық ұғым болып табылады, себебі нақ осы эмоционалдық жағдай кінәлі адамның қызметтерінің барлық интеллектуалды-еріктілік өрісін, соның ішінде оның жасаған қылмысының мотивін, мақсатын, пиғыл-ниетін де анықтайды және бағыттайды. Сондықтан қылмыс жасау барысындағы аффектілік жағдайын анықтау берілген санаттағы істер бойынша шешуші маңызға ие болады.
Адамның кез келген психикалық жай-күйі сияқты, өте күшті эмоционалдық реңге ие болатын жан күйзелісі жағдайы да адамның жүріс-тұрысына өз әсерін тигізбей қоймайды. Жан күйзелісі жағдайындағы осындай мінез-құлық сырттай көрініс табатын өзіне тән көптеген сипатты белгілерге ие болады және олар психологтармен жақсы зерттелген. Сондықтан кінәлі адамның кісі өлтіруі барысында жан күйзелісі жағдайында болғандығын анықтау үшін мамандардың, нақты айтқанда психологтардың көмегіне жүгіну керек.
Аффект бұл – психологиялық ұғым және оны өте күрделі жағдайларда анықтау аффектілік реакциялардың пайда болуының, дамуының және өзіндік сипатының ерекшеліктері туралы арнайы білімдері бар ғылым өкілдерінің қолынан келетін іс. Сонымен қатар жан күйзелісі жағдайында орын алған қылмыстық әрекеттер олардың пайда болуына ықпал ететін ерекше себептер мен жағдайларға ие болады (атап айтқанда, оларға аффекті жағдайын туғызған ситуация, аффектілік жарылысқа алаып келуі мүмкін кінәлі адамның жеке басының ерекшеліктері және басқалар). Осы жәйттердің барлығына біліктілікпен баға беруарнайы психологиялық танымдарды қолдануды талап етеді, сондықтан жан күйзелісі жағдайының ғылыми негізделген диагностикасы соттық-психологиялық сараптаманың шеңберінде ғана мүмкін болады.
Сол себепті осы қарастырылған санаттағы істер бойынша соттық-психиатриялық емес, соттық-психологиялық сараптама жүргізуге кеңес беріледі себебі психиатриядан айырмашылығы психологияның пәні – адамның сау психикасы болып табылады. Алайда айыпталушы адамның психикасына қатысты тергеу органдарының немесе соттың әлдеқандай күдігі болатын болса немесе айыпталушының психикасында аурулық ауытқулар анықталса кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама жүргізген дұрыс болады.
Жан күйзелі жағдайында адам өлтірудің субъектісіне қатысты айтар болсақ, ол қылмыстық құқық теориясында қылмыс субъектісіне қатысты тұжырымдалған ұстанымдардан ұзап кетпейді. Қысқаша айтқанда, кез келген қылмыстың субъектісі, соның ішінде жан күйзелісі жағдайында орын алған кісі өлтірудің де субъектісі қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және қылмыстық заңға сәйкес ол үшін қылмыстық жауаптылықты тартуға қабілеті тұлға болып табылады. Қылмыс субъектісі жалпы негіздер бойынша келесідей белгілерге ие болуы тиіс
1)қылмыс субъектісі болып тек жеке тұлға, яғни адам танылады;
2)тұлғаның есі дұрыс болуы тиіс;
3)заңда қарастырылған жасқа толуы.
Әрбір қылмыс бұл – адамдардың қоғамдық қауіпті жүріс-тұрысының актісі болып табылады. Осыған байланысты қойылатын талаптардың сапасында – қылмыстық іс-әрекеттерді жасамау – қылмыстық заң барлық жағдайларда тек адамға ғана қояды. Ендеше, тек қоғамдық қауіпті әрекетті (әрекетсіздікті) жасаған адам ғана қылмыс субъектісі бола алады. Қылмыс субъектісі ұғымы қылмыстық заңмен қарастырылған қылмыс белгілеріне сай келетін құқыққа қайшы әрекеттерді жасағаны үшін кім қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін деген сұраққа жауап береді.
Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыс субъектісі туралы мәселені зерттеуге көп көңіл аударады, себебі кез келген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі басқа мән-жайлармен қатар (тәсіл, салдар, кінә нысаны) айтарлықтай шамада қылмыскердің өзінің қауіптілігімен де анықталады.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет