Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК 108 б.)



бет29/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

4 Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ҚР ҚК 108 б.)

Денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілеттілігін болмашы жоғалтуға соқтырған денсаулыққа зиян келтіру денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру болып табылады. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың барлығына сәйкесті түрде алғандағыдай осы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі де адамның денсаулығы болып табылады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы қоғамдық қауіпті іс-әрекетпен (әрекет немесе әрекетсіздік); қоғамдық қауіпті салдар - денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілеттілігін болмашы жоғалтуға әкеп соқтырған денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және қылмыстық іс-әрекет пен аталған қоғамдық қауіпті салдардың арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Денсаулыққа зиян келтіруді сот-дәрігерлік бағалау Ережелерінде анықталған. Аталған ережеге сәйкес денсаулыққа жеңіл зиян мынадай белгілер бойынша айқындалады: денсаулықтың қысқа мерзімге - үш аптадан аспайтын (21 күн) мерзімге бұзылуы; жалпы еңбек қабілеттілігін болмашы түрде тұрақты жоғалту – 10%-ға дейін.
Осы аталған белгілердің әрқайсысы қылмыстың аяқталған құрамын құрайды. Сот тәжірибелерінде көрудің немесе естудің әлсіреуі, көгерген, қанталаған, қызараған дақтардың салынуы денсаулыққа жеңіл зиян келтіру деп танылады.
Алты тәуліктен аспайтын мерзімге жалпы еңбек қабілеттілігін тұрақты түрде жоғалтудан немесе денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуынан көрініс тапқан денсаулыққа жеңіл зиян келтірулер қарастырылып отырған қылмыстың құрамына жатпайды.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Кінәлі тұлға өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің нәтижесінде басқа адамның денсаулығына жеңіл зиян келетіндігін сезінеді, қоғамдық қауіпті салдардың орын алуының мүмкін екендігін көре біледі және олардың орын алуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе оларға саналы түрде жол береді не оларға немқұрайлы қарайды (жанама қасақаналық). Қылмыстың мотивтері мен мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін.
Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл зиян келтіру қылмыстық жауаптылықты туындатпайды.
ҚК 108-бабында көзделген қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет