Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (ҚР ҚК 116 б.)



бет37/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

2 Адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою (ҚР ҚК 116 б.)

Қылмыстық жауаптылықтың аталған түрі алғаш рет Қазақстан Республикасының 1997 ж. Қылмыстық кодексіне енгізілген болатын (113 б.).
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамада трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін адамның ағзалары мен тіндерін алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою, сол сияқты тірі адамның ағзалары мен тіндеріне қатысты заңсыз мәмілелер жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген.
Емдеу тәсілі ретіндегі ағзаларды немесе тіндерді трансплантациялау (ауыстырып салу) ауру адамға және донорға жасалатын қосбірлікті отаны білдіреді. «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» 2006 ж. 7-шілдедегі ҚР Заңына сәйкес донорлық қан, оның компоненттері, өзгедей донорлық материал (ұрық, аналық жасуша), сондай-ақ тіндер және (немесе) ағзалар (ағзаның бөлшектері) реципиентке трансплантациялау үшін алынатын адам, адамның мәйіті, жануар донор деп танылады.
Жоғарыда аталған Заңның 36-бабында адамның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағза бөліктерін) мәжбүрлеп алуға және оларды ауыстырып салуға тыйым салынады. Сондай-ақ адамның ағзалары мен тіндерін сатуға-сатып алуға, өзгедей коммерциялық мәмілелер жасауға тыйым салынған.
Басқа адамның ағзаларын немесе тіндерін мәжбүрлеп алуға жол берген адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Адамның өмірі мен денсаулығы қылмыстың объектісі болып табылады. Кез келген ағзалар немесе тіндер қылмыстың заты ретінде қарастырылады.
Қылмыстың объективтік жағы донорды ағзаларын немесе тіндерін трансплатациялау немесе өзгедей пайдалану үшін алуға мәжбүрлеумен (тәндік немесе психикалық) сипатталады. Осының барысында тәндік күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту – жәбірленушіні ерікті түрдегі келісімінсіз донор ретінде пайдалану мақсатына қол жеткізу үшін, жеке тұлғаға психикалық әсер етулер мәжбүрлеудің тәсілдері ретінде орын алады.
Тәндік күш қолданулар – денсаулыққа жеңіл (ҚК 108 б.) немесе ауырлығы орташа (ҚК 107 б.) зиян келтіру немесе жәбірленушіні ұрып-соғу (ҚК 109 б.) болып табылады. «Донордың» денсаулығына ауыр зиян келтірілген жағдайларда іс-әрекет ҚК 106-бабы 2-бөлігінің «9» тармағымен саралануы тиіс. Психикалық күш қолдану өлтіремін немесе денсаулыққа кез келген дәрежеде зиян келтіремін қорқытулардан көрініс табады.
Қылмыс құрамы – формалдық қылмыстық іс-әрекетті жасаған (алуға мәжбүрлеген) сәттен, қылмыстық нәтиженің орын алғандығына, яғни жәбірленушінің донор болуға келісім беруіне немесе бермеуіне тәуелсіз түрде аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасқаналық нысанымен сипатталады. Кінәлі адам жәбірленушіні оның ағзаларын немесе тіндерін алуға мәжбүрлейтіндігін сезінеді және осыны тілейді. Мотив – өзге адамның денсаулығының есебінен жақын адамына көмектесуге тырысу, сондай-ақ пайдакүнемдік ниет болуы мүмкін. Мақсат – жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін трансплантациялау немесе өзгедей пайдалану үшін алуға қол жеткізу.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.
ҚК 116-бабының 2-бөлігінде қарастырылып отырған қылмыстың сараланған құрамы бекітілген. Оларға келесідей белгілер сипатты болады:
1) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екендігі көрінеу белгілі адамға қатысты;
2) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
3) екі және одан да көп адамға қатысты;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) бірнеше рет;
6) қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып;
7) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрнеу белгілі әйелге қатысты;
8) алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен;
9) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып;
10) жәбірленушінің матералдық немесе өзгедей тәуелділігін пайдаланып жасалған әрекеттер.
Қылмысты 116-баптың 2-бөлігімен саралау үшін жәбірленушінің келісімі барлық уақытта бірдей талап етілмейді. Мысалы, осы қылмыс психикалық ауру адамға қатысты жасалған реттерде. Жәбірленушінің «дәрменсіз күйі», «материалдық немесе өзгедей тәуелділік», «екі және одан да көп адамға қатысты» түсініктерін осыған дейін талдаған болатынбыз.
ҚК 116-бабының 3-бөлігінде абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға соққан (ағзаның функцияларының бұзылуы, еңбек қабілеттілігін жоғалту және т.б.) не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер үшін жауаптылық көзделген.
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет