Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 113 б.)



бет34/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

9 Қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (ҚР ҚК 113 б.)

Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау барысында жүзеге асырылған шаралардың жасалған қылмыстың сипатына және қоғамдық қауіптілігінің дәрежесіне көрінеу сай келмеуі, қылмыс жасаған тұлғаға оған деген қажеттілік болмаған реттерде шамадан тыс, қалыптасқан мән-жайларға сай емес зиян келтіру, қылмыс жасаған адамды ұстап алу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп бағаланады және ол ҚК 113-бабында қылмыстық жауаптылық көзделген. Сонымен бірге қылмыс жасаған адамды ұстау құқығына оған арнайы өкілетті адамдармен қатар жәбірленушілер және өзге де азаматтар ие екендігін есте ұстау қажет.
Қылмыс жасаған адамның денсаулығы берілген қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы денсаулыққа ауыр зиян келтірген әрекеттермен және қылмыс жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралардың шегінен шығу әрекеттері мен орын алған салдардың арасындағы себепті байланыспен сипатталады. Қылмыстық қол сұғушылық жасаған тұлғаны ұстап алу шараларының шегінен шығудың түсінігі ҚК 33-бабының 2-бөлігінде берілген.
ҚК 113-бабы бойынша жауапқа тарту үшін ең алдымен, кінәлінің жәбірленушіні ұстап алуға ҚР ҚПК 132-бабында көзделген негіздері болды ма, сондай-ақ ұсталуы тиіс адамға зиян келтіру үшін ҚК 33-бабында айтылған негіздер болды ма, анықталуы тиіс. Егер денсаулыққа ауыр зиян келтіру барысында көрсетілген негіздер орын алмаған болса, онда кінәлінің әрекеттерін ҚК 113-бабы бойынша саралауға негіз де болмайды.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама түріндегі кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде денсаулыққа абайсызда зиян келтіру қылмыстық жауаптылықты пайда қылмайды.
Берілген қылмыстың мотивтері мен мақсаттары қылмыстық сипатқа ие болмайды. Қылмыс жасаған тұлғаны ұстап алуға деген ықылас қылмыстың мотиві болса, кәсіби міндеттерін орындау немесе қылмыскерді ұстауға құқық қорғау органдарына көмек көрсету мақсаты болып табылады.
16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам қылмыстың субъектісі ретінде танылады.
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет