Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Бақылау сұрақтары және тапсырмалар



бет36/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар

  1. Денсаулыққа қол сұғуды дербестеуге қандай критериилер негізге алынған?

  2. Қылмыстық құқықтық қорғаудың объектісі ретіндегі адамның денсаулығы және денсаулыққа келтірілген зиян ретінде нені түсіну қажет?

  3. Анатомиялық-патологиялық критерийлер денсаулыққа келтірілген зиян түрлерін ажыратуға қалай ықпал етеді?

  4. Денсаулықтың қысқа және ұзақ уақытқа бұзылуы деп нені түсінеміз?

  5. Денсаулыққа зиян келтіруді сот-дәрігерлік бағалау Ережелері жалпы еңбек қабілеттілігін болмашы және айтарлықтай жоғалтуды қалай түсіндіреді?

  6. ҚК 99 б. 2 б. бар қандай ауырлатушы белгілер ҚК 106 б. 2 б. қарастырылмаған?

  7. Қинаудың (ҚК 110 б.) ауырлатылған құрамы қанша белгіні қамтиды?

  8. Ұрып-соғу және қинау барлық уақытта адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғады ма?

  9. Ұрып-соғудың денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруден және қинаудан айырмашылық белгілері қандай?

  10. 1997 ж. ҚК салыстырғанда 2014 ж. ҚК жеке адамға қарсы қылмыстар тарауына қылмыстардың қандай түрлері енгізілмеген?

5 АДАМНЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ҚЫЛМЫСТАР

  • 1 Қорқыту (ҚР ҚК 115 б.)

Өлтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен, сол сияқты қорқытудың іске асатынына қауіптенудің жеткілікті негіздері болған кезде адамның жеке басына өзгедей ауыр күш қолданумен не мүлікті өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге қауіпті тәсілмен қорқытудың қоғамдық қауіптілігі қылмыскердің кейіннен осы қорқытуларды жүзеге асыруының мүмкіндігінен көрініс табады. ҚК осы айтылған нормасы бойынша жауаптылық осындай қорқытуларды орындалуының мүмкін екендігіне жеткілікті негіздердің болуының барысында туындайды. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алуда берілген норма үлкен маңызға ие болады.
Бірінші кезекте адамның өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ мүлкі қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы өздігінен алғанда психикалық күш қолдану болып табылатын және өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін не мүлікті өртеп жоюмен, жарылыс жасаумен немесе өзге қауіпті тәсілмен құртамын деп айтулардан көрініс табатын әрекеттерден құралады.
Қорқытулар қылмыстың болашақ құрбанына тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы жеткізілуі мүмкін (ауызша, жазбаша, байланыс құралдары арқылы, белгілі бір ишараттар арқылы және т.б.).
Қорқытудың нақтылығы, яғни осы қорқытулардың жүзеге асуына жеткілікті негіздердің болуынан қауіптену берілген қылмыс құрамының міндетті белгісі болып табылады. Бұл жәбірленушінің қорқытуды құр айтылған сөздер немесе әзіл әңгімелер емес, осы қорқытуларды жүзеге асырудың нақты ниеті ретінде қабылдауын білдіреді. Қорқытудың нақтылығы бірқатар факторлар арқылы айқындалады: нақты қалыптасқан жағдай, мән-жайлар, орын, уақыт, кінәлінің мінез-құлқы, оның жүріс-тұрысы, бұрын соттылығы және басқалар.
Жәбірленушінің қорқытуды субъективтік қабылдауы оның жүзеге асырылуынан қауіптенудің объективтік негіздеріне сүйенуі тиіс. Осы ретте кінәлі тұлғаның айтылған қорқытуларын болашақта жүзеге асырғысы келді ме ол маңызға ие болмайды, ең бастысы қылмыстың жорамалданған құрбаны осылай деп қабылдаса жеткілікті болады.
Берілген қылмыс формальдық құрамға жатады, яғни ол қорқытулар білдірілген сәттен бастап аяқталған деп танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің тікелей қасақаналық нысанымен сипатталады. Кінәлі тұлға өзінің әрекеттерімен қорқытуды білдіретіндігін сезінеді және осы әрекеттерді жасауды тілейді. Берілген қылмыстың мотивтері мен мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін және олар қылмысты саралауға ықпал етпейді.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет