Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтіру (ҚР ҚК 111 б.)



бет32/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

7 Аффект жағдайында денсаулыққа зиян келтіру (ҚР ҚК 111 б.)

Жәбірленушінің тарапынан болған зорлық-зомбылықтан, қорлаудан немесе ауыр балағаттаудан не жәбірленушінің өзге де құқыққа қайшы немесе бейморальдық әрекеттерінен (әрекетсіздігінен), сол сияқты жәбірленушінің жүйелі түрдегі құқыққа қайшы немесе бейморальдық мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы күйзелтетінахуалдан болған кенеттен туындаған қатты жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмыстық жауаптылықты пайда қылады. Қылмыстың жасалуына себеп болған жәбірленушінің құқыққа қайшы немесе бейморальдық жүріс-тұрысы қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жай болып табылады.
Адамның денсаулығы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген іс-әрекетпен және іс-әрекет пен орын алған салдардың арасындағы себепті байланыспен сипатталады.
Қылмысты 111-баппен саралау үшін жәбірленушінің құқыққа қайшы немесе бейморальдық жүріс-тұрысының, баптың диспозициясында көрсетілген белгілерінің кез келгенінің орын алуы жеткілікті болады және де олар кінәлінің өзіне, сондай-ақ оның жақындарына да қарсы бағытталуы мүмкін.
Кінәлі адамның қылмысты жасау сәтінде қатты жан күйзелісі (аффект) жағдайында болған деп танудың шарттары, біз осыған дейін қарастырған аффект жағдайында адам өлтірудің шарттарымен ұқсас келеді. Кінәлінің қатты жан күйзелісінің кенеттілігі ішкі психологиялық үдерістердің шамадан тыс қарқындылығымен, күшті желіккен сыртқы көрінісімен және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, дегенмен өзіне есеп беру мүмкіндігінің болмауымен сипатталады.
Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің белгілерін ҚК 106-бабында көзделеген қылмыс құрамын талдау барысында сипаттаған болатынбыз.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама түріндегі қасақаналықпен (кенеттен пайда болатын) сипатталады.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет