Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (ҚР ҚК 114 б.)



бет35/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

10 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (ҚР ҚК 114 б.)

ҚК 114-бабының 1 және 2-бөліктерінде денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін жауаптылық көзделген болса, аталған баптың 3 және 4-бөліктерінде абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық бекітілген. Денсаулыққа абайсызда ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру кінәлі адамның өрескел тәртіпсіздігінің, тұрмыстағы жүріс-тұрыс ережелерін бұзуының, алаңғасарлығының, ағаттығының нәтижесі болып табылады.
Жәбірленуші үшін бапта көрсетілген зиянның орын алуының барысында ғана кінәлі адам қылмыстық жауапқа тартылады, яғни қылмыс құрамы материалдық құрамға жатады – жәбірленушінің денсаулығына ауыр немесе тиісінше ауырлығы орташа зиян келген сәттен қылмыс аяқталған деп танылады.
Адамның денсаулығы қылмыстың объектісі болып табылады.
Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің абайсыздық нысаны арқылы сипатталады: қылмыстық менмендіктің барысында кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына ауыр (ауырлығы орташа) зиян келуінің мүмкіндігін болжай біледі, алайда оған жеткілікті негіздерсіз өз мүмкіндіктерін асыра бағалап, оның алдын аламын деп есеп жасайды.
Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына ауыр (ауырлығы орташа) зиян келуінің мүмкін екендігін болжай білмесе, дегенмен тиісті деңгейдегі ұқыптылық пен сақтық танытқанда оны болжап білуге тиіс және болжап біле алатын болғанда денсаулыққа ауыр (ауырлығы орташа) зиян келтіру немқұрайлылықпен жасалған деп танылады.
Қолданыстағы қылмыстық заңнама бойынша абайсызда денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауатылық бекітілмеген. Денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиянды кінәсіз келтірген жағдайда қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыстың сараланған құрамдары ҚК 114-бабының 2 және 4-бөліктерінде абайсызда екі немесе одан да көп адамдардың денсаулығына ауырлығы орташа немесе ауыр зиян келтіргені үшін жауаптылықты бекіткен.
Қылмыстың субъектісі 16-жасқа толған, есі дұрыс, жеке адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет