Тақырып Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің жалпы сипаттамасы: Жеке адамға қарсы қылмыстар


Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 102 б.)



бет22/102
Дата27.05.2022
өлшемі344,84 Kb.
#145297
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102
Байланысты:
ққ.лекция 10 шт

3 Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру (ҚР ҚК 102 б.)

Жалпы ұғымында қажетті қорғаныс дегеніміз азаматтардың және мемлекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын мүдделеріне қарсы қоғамға қауіпті қол сұғушылық орын алған кезде белгілі бір шарттарды сақтай отырып, қол сұғушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырылатын құқыққа сай қорғану болып табылады.
ҚР ҚК 32-бабының 1-бөліміне сәйкес «Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады»
Қажетті қорғаныс - әрбір азаматтың субъективтік құқығы болып табылады. Ол осы құқығын пайдалануы мүмкін, сонымен қатар оны пайдаланудан бас тартуы да мүмкін. Азаматтың қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қорғану құқығынан бас тартуы тек қоғамның тарапынан моральдық жазғыруға ғана ұшырауы мүмкін.
Тұлғалардың жекелеген санаттары үшін қажетті қорғаныс тек моральдық құқығы ғана емес, сонымен бірге құқықтық міндеті болып табылады. Олардың қатарына қоғамдық тәртіпті қорғау, қылмыстардың алдын алу, адамдарды олардың мүліктерін құтқару өздерінің функционалдық міндеті болып табылатын полиция қызметкерлерін, өрт сөндірушілерді және т.б. жатқызуға болады.
Осы міндеттерді орындаудан жалтару немесе оларды орындамау аталған тұлғалар үшін жауаптылықты пайда қылады, кейбір жағдайларда қылмыстық жауаптылық та орын алуы мүмкін.
Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады (ҚР ҚК 32-бабы 1-бөлімі). Осы арқылы заңшығарушы қорғанудың белсенді, пәрменді сипатын атап көрсетеді, бұл өз кезегінде сот практикасында орын алуы мүмкін қателіктерге жол бермеуге мүмкіндік туғызады, бұрынғы ұстаным бойынша шабуыл жасауға ұшыраған адам, егер қашып құтылуға немесе азаматтардан көмек сұрауға мүмкіндігі болса белсенді түрде қорғануға құқығы жоқ деп саналатын.
Қорғану әрекеттерінің белсенді сипатын баса көрсете отырып, кейбір жағдайларда қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан қажетті қорғану тұлғаның енжар жүріс-тұрысы, яғни әрекетсіздік арқылы да жүзеге асуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сот практикасында ондай мысалдар кездеседі. Мәселен, үйге баса-көктеп кірген қарақшыларға үй иесі тұрмыстық мақсатта арақ бутылкасына құйылып қойылған уды айтпаған, қарашылардың бірі сол уды ішіп алып, табан астында қайтыс болған.
Қажетті қорғаныс институтының маңызына жеткілікті дәрежеде мән бермеуге де және оны тым асыра бағалауға да жол берілмеуі тиіс. Адамдарға өздерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтардан қорғауға қол сұғушыға залал келтіре отырып, қорғануға үлкен өкілдіктер беру, қылмыстың алдын алудың бір тәсілі болып табылады, себебі қоғамға қауіпті қол сұғушылық жасауды ойластырған немесе оны жүзеге асыру бағытында нақты әрекет жасаған адам өзіне қарсы белсенді түрде қарсылық көрсетілуінің мүмкін екендігін, соның барысында өзінің өлуі немесе жарақат алуының мүмкін екендігін сезінуі, қылмыс жасамақ болған адамдарға белгілі бір психикалық әсер ететіндігі түсінікті жағдай. Осындай қарсылық мемлекеттің азаматтардың өмірінің, денсаулығының және меншіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз қамтамасыз етудегі мүмкіндігін толықтырады.
Қылмыстық құқық теориясында қажетті қорғаныстың заңға сыйымдылығы шарттарының тізбесі мен мазмұнына қатысты әртүрлі түсініктердің бар екендігіне қарамастан, біздің ойымызша, теорияда тұрақтанған және сот-тергеу практикасында тәжірибеден өткен барлық шарттарды екі топқа бөлу әдісі логикалық тұрғыдан дұрыс және сәтті болып көрінеді. Олардың бір тобы қажетті қорғаныстың құқыққа сайлылығының қолсұғушылыққа қатысты түрде қарастырады: қоғамға қауіпті қол сұғушылық, олардың орын алуы мен нақтылығы.
Екінші топ – қажетті қорғаныстың құқыққа сайлылығының қорғанысқа қатысты шарттары: қорғаныс объектілерінің шеңбері, залалдың тек қол сұғушыға ғана келтірілуі, қорғаныстың қол сұғушылықтың сипаты мен қауіптілігіне сай келуі немесе қажетті қорғаныс шеңберінен шығып кетуге жол берілмеуі. Қажетті қорғаныстың құқыққа сайлылығы шарттарының осындай бөлінісі өзінің теориялық және практикалық тұрғыдан алғандағы маңыздылығын ҚР Қылмыстық кодексінің 32-бабының редакциясында да жоғалтпаған тәрізді.
Қажетті қорғанысты құқыққа сай деп тану үшін тұлғаның әрекеттерінде барлық шарттардың өзінің жиынтықты түрінде анықталуы талап етіледі. Көрсетілген топтарға кірістірілетін әрбір шартты толығырақ қарастырып көрейік.
Қажетті қорғаныстың құқыққа сайлылығының қол сұғушылыққа қатысты шарттары. Бірінші шарт залал келтіре отырып қорғану құқыққа сай болады, егер ол қоғамға қауіпті қол сұғушылыққа қарсы бағытталған болса. Өзінің сипаты бойынша қол сұғушылық қорғанушының немесе басқа бір тұлғаның өмірі үшін қауіпті немесе қауіпті болып табылмайтын күш қолданумен немесе нақ осындай күшті қолданамын деп қорқытумен ұштастырылуы тиіс.
Өмір үшін қауіпті күш қолданумен ұштастырылған қол сұғушылық, бұл – қол сұғушылық барысында жүзеге асырылатын қауіпті, құқыққа қайшы, ашық немесе жасырын түрде орын алатын басқа адамның организміне қол сұғу болып табылады, ол адамның еркінен қарсы және өмірге қол сұғушылықпен немесе өмір үшін қауіпті болып табылатын денсаулыққа ауыр залал келтірумен байланысты немесе көрсетілген залалды келтірмегенімен, бірақ қолданылуының барысында өмір үшін нақты қауіп туғызған (мысалы, адамның тамағын қолмен немесе жіппен қысу арқылы буындыру, мұздай судың астында ұзақ уақыт ұстау, тоңазытқыш камерада қамау, басына ауа өтпейтін пакет кигізу арқылы тұншықтыру және т.б.).
Өмір үшін қауіпті болып табылатын күш қолданушылық белгілерінің болмауы, әдетте өмір үшін қауіпті емес күш қолданудың дәлелі болып табылады.
ҚР ҚК 102-бабында қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру үшін жауаптылық қарастырылған.
ҚР ҚК 32-бабының 3-бөлігінде көрсетілгендей нәтижесінде қолсұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне қорғанудың анық сай келмеуі қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығу қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу фактісінің орын алғандығын әрбір қылмыстық іс бойынша барлық мән-жайлардың жиынтығына баға беруді талап етеді. Қажетті қорғаныс шегінен шығу белгілерінің орын алғандығы немесе алмағандығы туралы мәселені шеше отырып, қылмыстық қуғындау органдары қорғану және шабуылдау құралдарының сәйкестігі немесе сәйкес еместігін ғана есепке алмаулары тиіс, сонымен бірге қорғанушыға төнген қауіптің сипатын, қорғанушының қолсұғушылықты тойтарудағы күші мен мүмкіндіктерін, шабуылдаушылар мен қорғанушылардың санын, олардың дене бітімдерін, жас шамаларын, қарудың болуын, қол сұғушылықтың уақытын және орнын да ескерулері тиіс.
Сот тәжірибесінен мысал келтіре кетейік. Сот үкімі бойынша Петров Герасимовты қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Іс бойынша Петров пен Герасимовтың арасында Петров оған қарызын қайтармағандығы туралы ұрыс-керіс орын алған, осының барысында Герасимов Петровты ұрып-соққан. Петров сол жерден өзінің тұрып жатқан вагонына кетіп қалған. Түнде Герасимов және оның туысқаны Петровтың вагонына келіп, оны ұрып-соққан. Осыдан кейін «Бұл әлі біткен жоқ» деген сөздерді айтып олар кетіп қалған. Олардың айтқан сөздерінен қауіптенген Петров екі ұңғылы мылтығын оқтап күтіп отырған. Вагонға қайтып келген Герасимовты даусынан таныған Петров ол мені тағы да ұрып-соғуға келді деп ойлап 2,5 метр қашықтан оны атып өлтірген.
Жоғары тұрған соттың қылмыстық істер бойынша алқасы сот үкімін өзгерткен. Петровтың Герасимовқа қатысты әрекеттері құқыққа қайшы әрекеттерден өзін қорғау мақсатында жасалған, яғни қажетті қорғаныс жағдайында әрекет еткен. Алайда кінәлі адаммен келтірілген зиян және қолданылған қорғаныс құралдары нақты қалыптасқан жағдайға және шабуылдың сипаты мен қарқындылығына сәйкес келмеген. Соған байланысты Петровтың әрекеттері қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіру үшін жауаптылық көзделген баппен қайта сараланған.
Сонымен бірге, қол сұғушылықты адамдар тобы жасаған кезде, қорғанушы барлық топтың әрекетінің қауіптілігі мен сипатына сәйкес келетін қорғану шараларын, олардың кез келгеніне қарсы қолдануға құқылы екендігін есте ұстау қажет.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу туралы қорғаныс құралдарының қол сұғушылықтың қауіптілігі мен сипатына шамадан тыс сай келмеуі жағдайында ғана емес, сонымен бірге қорғаныстың дер кезінде жасалмауының барысында да, яғни қорғану шабуыл тойтарылғаннан немесе қол сұғушылық тоқтатылғаннан кейін жалғастырылған ретте де айту қажет. Қорғанушы шабуылдың аяқталуы және оның қайтадан басталуы қауіпінің жойылғандығы фактісін сезінуі тиіс.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған адам өлтіруді төбелес кезінде орын қарапайым түріндегі адам өлтіруден де ажырата білу қажет. Егер төбелес кезінде адам өлтірген тұлға шындағында да оның өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген шабуылға ұшырағандығы анықталса, онда әңгіме құқыққа сай қорғаныс немесе оның шегінен шығу туралы болуы тиіс.
Қажетті қорғаныс шегінен шығуға жалған қорғанудың барысында да жол берілуі мүмкін. Осындай жағдайда қаза келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық, егер кінәлі адам нақты қол сұғушылық жағдайында жол берілуі мүмкін зиянның шегінен шығып кеткен жағдайда ғана туындауы мүмкін.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу барысында жасалған адам өлтіруді және денсаулыққа ауыр зиян келтіруді дұрыс саралау үшін бұл қылмыстардың субъективтік жағын анықтау бірінші кезектегі маңызға ие болады. Қылмыстың субъективтік жағы кінәнің қасақаналық нысанымен сипатталады. Қасақаналық тікелей немесе жанама болуы мүмкін. Шабуылды тойтару барысында абайсызда зиян келтіру қылмыстық жауаптылықты туындатпайды. Қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет