Ұрыс-керіс немесе төбелес барысында жасалған адам өлтіру Ұрыс-керіс – бұл бірі-біріне кінә тағумен немесе балағаттаумен қатар жүретін өзара өштесу, қатты араздасу жағдайы болып табылады.
Төбелес – бұл екі немесе одан да көп адамдардың арасында олардың ерікті түрде араласуынан және белгілі бір шарттарсыз жүзеге асатын ұрыс-керістің, дау-жанжалдың барысында бірін-бірі ұрып-соғуы ретінде сипатталады.
Ұрыс-керіс және төбелес жеке тұлғалардың арасында орын алатын қақтығыс болып табылады оның негізіне қақтығысатын тараптардың бірінің екінші тараптың мүддесіне зиян келтіруге және шектеуге тырысуы жатады.
Ұрыс-керіс және төбелес мыналардан көрініс табады:
а) бір тараптың белсенді әрекеттері;
б) екінші тараптың бұл әрекеттерді өзіне қарсы бағытталған ретінде қабылдауы;
в) екінші тараптың бірінші тарапқа қарсы бағытталған белсенді жауап әрекеттері.
Ұрыс-керіс немесе төбелес барысында орын алған адам өлтірудің жинақталған мотивін жәбірленушіге деген жеке бастың араздығы сезімінен туындаған жеке бастың мүддесін қанағаттандыру үшін (кек алу, қызғаныш, ашу, өшпенділік, мақтаншақтық және т.б.).
Егер ұрыс-керістің немесе төбелестің кезінде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар орын алатын болса (қажетті қорғанысқа деген құқық, аффект жағдайы, ерекше қатыгездік, жалпы қауіпті тәсіл) онда адам өлтіру қарапайым түріндегі адам өлтіру болмайды және оны ҚР ҚК-нің 101 б. 1 б. немесе 102 б. не 99 б. 2 бөлігімен саралау қажет.
Қызғаныштан адам өлтіру Қызғаныш – біреудің адалдығына, махаббатына деген күдік келтіру жақын адамның нақты орын алған немесе солай деп болжанған опаздығына байланысты орын алған уайымдардың кешені және ол психологиялық және эмоциялық реакциялармен, көңіл-күйлермен, қиналысқа түсіретін күдіктенулермен, интеллектуалдық және еріктік өрістердегі күрделі көріністермен сипатталады (қызғану, жек көру, үрейлену, ашулану, қиналу, кек алуға тырысу және т.б.).
Қызғаныш – тұлғалар арасындағы сенімділік қатынастарының өзгерістерге ұшырауына байланысты орын алған ерекше психикалық күйзеліс.
Қызғаныш нақты орын алған, солай деп болжанған немесе көкейінде орын алған опасыздыққа байланысты орын алуы мүмкін. Қылмысты саралауға әсер етпегенімен олар жаза тағайындау барысында сотпен ескерілуі мүмкін.
Сонымен қызғаныштан адам өлтіру дегеніміз – өзінің жүріс-тұрысымен кінәлі адамның жұбайлық, достық және (немесе) сенім қатынастарының өзгерістерін оның өнегелік мүдделеріне (көзге шөп салу, күйеуге шығудан (үйленуден), бірге тұрудан бас тарту) зиян келтіру ретінде субъективті қабылдауына байланысты психикалық қамығуын туғызған басқа адамды қасақаналықпен өлтіруі болып табылады.
Егер қызғаныштан адам өлтіру жәбірленушінің бейморальдық мінез-құлқына байланысты кенеттен орын алған қатты жан күйзелісі (аффектінің) жағдайында орын алса, онда оны ҚР ҚК 101 б. бойынша саралау қажет.